РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 ноября 2019 | 12:10

"Үлкендердің батасын алдық". Тәуекел Мүсілім болашақ жарын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуекел Мүсілім мен болашақ жары Махаббат Түктібаева Тәуекел Мүсілім мен болашақ жары Махаббат Түктібаева

Актер Тәуекел Мүсілім болашақ жарына сырға салу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Актер Тәуекел Мүсілім болашақ жарына сырға салу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Продолжение

Мүсілімнің болашақ жары - Махаббат Түктібаева. Ол - Қарағанды өңірінің тумасы. 24 жастағы ару Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті, болашақ дәрігер. Instagram желісінде қалыңдықтың 7 мыңға жуық фолловері бар.


Махаббат Түктібаева © instagram.com/mahonti__

Айта кетейік, бұған дейін желіде Тәуекел Мүсілім мен болашақ жары Махаббат Түктібаеваның мешітте неке қидырған суреттері тарап кеткен еді. Tengrinews.kz тілшісі олардың некесін қиған Алматы қаласы Орталық мешіт наиб имамы Ермек Көкірекбаевпен байланысып, ақпаратты анықтап көрді. 

Имам Тәуекел Мүсілім Алматы қаласындағы Орталық мешітте некесін қидырғанын растады. 

"Иә, некесін қиғандары рас. Олардың некесін мен қидым. Нақты қай күні екені есімде жоқ. Бірақ ата-анасымен келіп, қыздың әке-шешесінің рұқсатын алып, қазақи жолмен мұсылманша некесін мешітте қиды", - деді Ермек Көкірекбаев.

Ал күні кеше әнші Instagram желісіндегі парақшасында алдымен оқырмандарынан "көрімдік" сұрап, сосын болашақ жарының суретін жария еткен. 


Тәуекел Мүсілім болашақ жары Махаббат Түктібаевамен © instagram.com/mussilim

Сырға салу рәсімінен суреттерді Мүсілімнің болашақ жары Махаббат та Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген. 


Сырға салу рәсімі © instagram.com/mahonti__

Тәуекел Мүсілімді танымал тұлғалар да құттықтай бастаған. Күні кеше тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында Мүсілімді құттықтап, бақыт тіледі. 

"Оны көпшілік жақсы көреді, сері жігіттің эталонына балайды. Оның себебі, тек келбетінде емес, жан дүниесінің сұлулығында дер ем. Өзі де, сөзі де түзу, ісімен сыйлы. Əр іске жауапкершілікпен қарайды, артық сөйлемейді, үлкенге құрметі қандай. Анаңа рақмет, көрегендігің үшін, тәрбиең үшін. Жаңа ғана жағымды жаңалығыңды естіп, қуанып отырмын. Жақсы жігіт сендей-ақ болсын. Махаббат екеуіңді құттықтаймын! Бақытқа лайықсыңдар", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы жазбасында. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети