ПОДЕЛИТЬСЯ
01 июня 2018 | 13:12
"Ұқсамасаң тумағыр". Өнер жұлдыздарынан аумай қалған балалары
Бұл күнде шоу-бизнес өкілдерінің ұл-қыздары әке жолын қуып, өнерге алғашқы қадамын басып жатыр. Алайда танымалдыққа аса қызықпайтын балалар да бар. Себебі әрбір бала не істеп, не қойғанын жұрт алдына шығара бергісі де келмеуі мүмкін. Сол үшін кейбір өнер иелері отбасын жасырып, құпия ұстауды жөн көреді. Tengrinews.kz тілшісі 1 маусым - Балалардың құқығын қорғау күніне орай отбасын жұрт алдына шығарудан қорықпайтын қазақстандық эстрада жұлдыздарынан аумай қалған балалары жайлы әңгімелейді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұл күнде шоу-бизнес өкілдерінің ұл-қыздары әке жолын қуып, өнерге алғашқы қадамын басып жатыр. Алайда танымалдыққа аса қызықпайтын балалар да бар. Себебі әрбір бала не істеп, не қойғанын жұрт алдына шығара бергісі де келмеуі мүмкін. Сол үшін кейбір өнер иелері отбасын жасырып, құпия ұстауды жөн көреді. Tengrinews.kz тілшісі 1 маусым - Балалардың құқығын қорғау күніне орай отбасын жұрт алдына шығарудан қорықпайтын қазақстандық эстрада жұлдыздарынан аумай қалған балалары жайлы әңгімелейді.
Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас балалық шағында
Қазақстандық шоу-бизнес туралы айтқанда еске бірден Қайрат Нұртас түседі. 10 жыл бойы жасырып келген отбасы биыл көктемде жұрт алдына шығарғаннан кейін жұрттың назары оның екі қызы мен екі ұлына түсті. Көпшілік екі баланың әкесіне, ал қалған екеуінің анасына тартқанын айтты. Әншінің өзі де Instagram желісінде "Анасына ұқсайтындарым" деп Нарұл мен Алаудың суретін жариялаған.
Әншінің ұлы Хан
Соған қарағанда оның үлкен қызы Сезім мен кенже ұлы Хан әкесіне ұқсаған. Кенже ұлын әншінің бала кезімен салыстырса ұқсастықты байқау қиын емес.
Алау мен Нарұл
Қазіргі уақытта Қайрат Нұртас бүкіл отбасын сахнаға алып-шығып, қалаларда концерт қойып жүр. Алау Қайратқызы гимнастикалық трюктер жасап, билесе, Нарұл Қайратұлы ән айтты, ал Хан деген ұлы сахнаға ханның тағына отырып шығып, көрерменге биін паш етті.
Сәкен Майғазиев
"МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Майғазының әкесінің аузынан түсіп қалғандай екенін дәлелдеудің қажеті де жоқ.
Тұрсынбек Қабатов
Интернет қолданушылары белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары әкесіне тартқанын жазған. Қазіргі уақытта Қабатовтар отбасында төрт бала бар - үшеуі қыз да, біреуі ұл. Үлкен қызы 12 жаста, ол дизайнер болғысы келеді, сурет пен тігін үйірмесіне барады. Екіншісі музыкаға әуес, фортепианода ойнап, әкесінің концерттерінің бірінде өнер көрсеткісі келеді. Ал кіші қыздары төрт жаста, ұл екі жаста.
"Тұрсынбек екеуміз қатал ата-ана емеспіз, балаларды жақсы сөздермен, ашық әңгімемен тәрбиелеу керек деп есептейміз. Қыздарымыз әкесін жақсы көреді, тіпті құпиясын да ашады", - деген еді сұхбаттарының бірінде әзілкештің әйелі Мөлдір.
Димаш Құдайберген
Бүгінде елімізде ғана емес, әлемге танылып үлгерген Димаш Құдайбергенді Желі қолданушылары бірде әкесіне, бірде атасына ұқсатады. Шын мәнінде әнші маңдайының кеңдігі, шаш қою үлгісі, бет пішіні сияқты сипатын әкесі мен атасынан алғандай.
Нұрлан Еспанов
Әнші әрі композитор Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов 22 жаста. Қазіргі уақытта ол "Тұран" университетінде туризм мамандығы бойынша білім алып жатыр.
Нұржан Төлендиев
"Алдараспан" театрының актері Нұржан Төлендиев алты баланың әкесі. Оның үлкен ұлы 17 жастағы Рауанды Желі қолданушылары әкесінен аумай қалғанын талай мәрте жазған.
Жанар Айжанова
Әнші Жанар Айжанованың қызы Жұлдыз Адайбекова анасының жолын қуып, әншілігімен танылып жүр. Телеарна бағдарламаларында жүргізушілігімен көпке танылған оның қазір Instagram желісінде 700 мыңға жуық фолловері бар.
Жанболат пен Жазира
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері Жанболат пен Жазираның үлкен ұлы Қазбек әкесінен аумай қалған. Қазбек биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша оқуын тәмамдады.
Тоқтар Серік
Ал белгілі әнші Тоқтар Серіктің баласының ұқсастығын талқылауда оқырмандардың пікір екіге жарылды. Бірі әкесіне десе, екіншілері анасы Бейбіт Сейдуалиеваға ұқсағанын айтқан.
Мұтырғановтар
Белгілі әртіс Кәрім Мұтырғановтың ұлы да, қызы да әкесінің жолын қуған. Мұрат пен Карима әкесімен бірге "Мутурганчики" тобында өнер көрсеткен.
Показать комментарии
Читайте также