ПОДЕЛИТЬСЯ
07 апреля 2021 | 09:49
"Тойға айналды". Қарақат Әбілдина Түркияда туған күнін дүркіретіп атап өтті
Әнші Қарақат Әбілдина туған күнін ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Қарақат Әбілдина туған күнін ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарақат Әбілдина биыл туған күнін Түркияның Стамбул қаласында қарсы алды. Бүгінде олар отбасымен Аланияда тұрып жатыр. Қалада әншіні өнер адамдары мен жақындары гүл шоқтарын беріп, артынша шағын кемеде сыйлықтарын ұсынған.
"Бұл туған күн бұрынғыдан өзгеше. Жаныма кілең жақсы адамдар жиналып, тосын сыймен таңғалдырып тастады. Ешкімді "туған күнге кел" деп арнайы шақырған жоқпын. Мынадай уақытта, бәрі белгілі ғой.
Стамбулдан 70-тегі апай құттықтап келіп бастап, оны құрбы-достар қоштап, күтпеген жерден шағын туған күн кеші үлкен бір тойға ұласты. Дәл осылай болады деп күткен де жоқпын. Десе де,жақындарымның ықыласы мені қатты қуантты. Осыншама ізет-құрметке бөленіп жатырмын, бақыттымын. Ол да болса жақсы ниет, ақ жүрегімнің арқасында шығар, Аллаға шүкір", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Қарақат Әбілдина 1978 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Жары - продюсер Қыдырәлі Болман, олар 1999 жылы отбасы құрған. Бүгінде олар төрт ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр.
Еске салайық, Түркияда қазір карантин шектеулері бар. 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында Рамазан айы болғандықтан, елде бір ай бойы демалыс күндеріне коменданттық сағат жарияланған. Ал қоғамдық тамақтану орындары жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді.
Жұмыс күндері ел бойынша коменданттық сағат 21.00-ден 05.00-ге дейін жарияланды. Қоғамдық тамақтану орындарында адам саны 50 пайыздан аспауы керек. Одан бөлек, НЕS-код қажет болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также