РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 июля 2019 | 12:51

Төреғали Төреәлінің биыл мектеп бітірген қарындасы сынағандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/farizatoreali © instagram.com/farizatoreali

Жақында ғана әнші Төрағали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі өз сүйіктісінен тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабыл алғанын сүйіншілеген болатын. Ұсынысты қабыл алу шарасынан бөліскен суреттерінде ол оқырмандарының сынына ұшыраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жақында ғана әнші Төрағали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі өз сүйіктісінен тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабыл алғанын сүйіншілеген болатын. Ұсынысты қабыл алу шарасынан бөліскен суреттерінде ол оқырмандарының сынына ұшыраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бір айдан астам уақыт бұрын мектепті "Алтын белгіге" тәмамдаған оны желі қолданушылары ерте тұрмысқа шықты деп айыптаған еді. Оның айтуынша, бұл шешімін отбасы қолдаған. 

"Отбасым қолдап отырған жерде маған ешкімнің пікірі маңызды емес! Әрдайым өзім қалағандай таңдау жасаймын. "Осы міне, менің өмірлік жарым" деген іштегі сезіміңіз сізді алдамай тұрса болғаны. Алды-артым мен болашағымды ойламай жасаған қадам емес. Нәзік жанды аруды қолында ұстар, адал жанды кезіктіріп, шын бақытты сезіну. Қыз баласы үшін одан асқан қандай бақыт керек", - дейді Фариза. 


© instagram.com/farizatoreali

Сондай-ақ, ол ағасы Төреғалидің "18-19 жас қыз баласы үшін ерте емес" деп астарлап айтқанын жеткізді. 

"Менің арман-мақсаттарым (оқуым, жұмысым) жайында алаңдамай-ақ қойыңыздар. Осы сәтте ағамның бұрын маған айтқаны есімде. "Өз адамыңды жолықтырсаң 18-19 жас қыз баласы үшін ерте емес. Жақсы жігіт түзу жүрген қызды қапыда қалдырмайды" деп астарлап айтқан еді. Бәрі бұйырған уақытта", - дейді ол.

Фаризаның оқырмандары екіге бөлінген: біреуі бақыт тілеп құттықтап жатса, ендігі біреуі тұрмысқа ерте шығып жатқаны үшін сынап пікір жазған.

"Жарайсың, күйеу бала жарады. Алла бақытыңды баянды етсін, Фари", "Құтты болсын, бірақ әлі ерте емес пе? Жассың ғой, 18-ге енді толмадың ба?", - деген екен оның оқырмандары.


Бауыржан Байбекпен, "Алтын белгімен" марапаттау сәтінде

Айта кетейік, Төреғалидің Фаризадан бөлек Дина есімді тағы бір қарындасы бар. Таяуда БАҚ-тар Төреғали Төреәлінің Динаға су жаңа темір тұлпар сатып алып бергені жайлы жарыса жазған. 


© instagram.com/farizatoreali

Айта кетейік, Фариза биыл мектепті "Алтын белгімен" бітірген. Фариза Instagram желісінде белсенді, қазіргі таңда оның 173 мың оқырманы бар. Әдетте ол өміріндегі қуанышты сәттерінен суреттер салып, ойлы жазбаларын жариялап отырады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети