РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 ноября 2019 | 15:07

Сүгірдің термесін өзгертіп айтқан Төреғали Төреәлі сынағандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Коллаж

Танымал әнші Төреғали Төреәлі атақты жырау Сүгірдің термесін өз атындағы жеке өнімін жарнамалау мақсатында ролик түсіріп, жұрттың сынына ұшырады. Оған себеп - әйгілі терменің сөздерін өзгертуі. Алайда әнші көп өтпей бұл сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал әнші Төреғали Төреәлі атақты жырау Сүгірдің термесін өз атындағы жеке өнімін жарнамалау мақсатында ролик түсіріп, жұрттың сынына ұшырады. Оған себеп - әйгілі терменің сөздерін өзгертуі. Алайда әнші көп өтпей бұл сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда жарияланған видеода Төреғали Төреәлінің "Ауылға да Төреш-ай келді деп, Ордасында талайдың сайраған. Сары самаурын, ақ құман, Кең дастархан-ау жайнаған" деп өзгертіп айтады. Жарнамаға әншінің отбасы толықтай түскен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Төреғали тыныш жүрмейтін болды...

Публикация от ???????????????????????? ℤ???????????????????? (@bekzat_zhusip)

Бұған Сүгір Бегендікұлының ұрпақтары сын айтқан. Qazaqstan Mańǵystaý арнасындағы "Сіз не дейсіз?" бағдарламасында Жәнібек Сүгіров қарсылығын білдірген.

"Қыдырәлі (Қыдырәлі Болмановты айтады - Авт.) бүлдірді - үндеген жоқпыз, "КешYou", сірә, аяғын көтерді - оған үндеген жоқпыз. Енді заңға жүгініп бастаймыз. Өзі келмесе орган алып келетін шығар", - дейді жыраудың ұрпағы. 

"Ол кішкене ойлануы керек еді, әкесі кішкене айтуы керек еді. Бұл енді сондай белгілі ән болған соң, олай реклама ретінде шығармауы керек еді", "Бір шөкім шайды рекламаға беріп, жарнамалап жатқаны басқа бір жылауық әндер жоқ па, соларға барып жармассын, несі бар біздің ата-бабамыздың насихат сөздерінде, әндерінде не шаруасы бар?", "2019 жылдың қазан айынан бастап осы термені тыңдайтын жастар толығымен Төреғалидікі деп қабылдауы мені қорлайды", - деп сын айтқан жыраудың ұрпақтары.


Жарнама ролигінен кадр

Бұған жауап ретінде Төреғали Төреәлі сынды дұрыс қабылдағанын айтқан.

"(...) Ғасырлап келе жатқан атамыздың ол шығармасының тұнығының шайқалмауын мен де қалаймын, оған мүдделімін! Жалпы менің мектеп жасынан бастап айтысқа шыққанда тіліме орала кететін осы мақам болатын, сонымен айтысты бастадым, берекесін көрдім, тойға барып осы шығармамен талай топтың батасын алып, абыройлы болдым. Қолыма домбыра түссе орындай кететін екі-үш шығармамның бірі болғандықтан, өзім іштей жақсылыққа балап алғаш бастап жатқан аз-маз бизнесімнің де ролигіне кішкене үзігін пайдаланғаным рас", - деген әнші жұрттың назарын одан да "Домбыра" деген атпен құтысын да соған ұқсатып арақ шығарғандарға аударуға шақырды. 

"Осыдан аз уақыт бұрын "Домбыра" деген атпен құтысын да соған ұқсатып арақ шығарып, мойнына әнұран іліп қойғанын да шыққыр көзіміз көрді! "Асанәлі" деген коньяк, "Бибігүл" деген вино шыққанда да сабыр еттік, ендеше шайдың осындай кішкене дүниесі үшін маған ашуланған кісілерден керек болса кешірім сұраймын, мүмкін қайта жасармыз, бірақ жерден жеті қоян тапқандай табалай кетуден аулақ болайық!", - деп жауап қатты әнші сыншыларға.

Айта кетейік, "Сүгірдің термесін" бұған дейін Өмірқұл Айниязов, Айгүл Елшібаева, Ақылбек Жеменей, Еркін Нұржановтар орындаған.

Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Сүгір Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл жыраулармен тұз-дәмдес болған, олардың үлгі-кеңестерін алған. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларымен бірге өзі шығарған терме, толғауларын да халық арасына тынбай насихаттап өткен.

Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың, тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды өз шығармаларында мадақтап жырға қосқан. Хорезм жағында жүріп "Арман", "Елді сағыну", "Қоштасу", "Терме" атты толғау жырларын шығарған. "Октябрь", "Беташар", "Тойбастар", "Сәттіғұл ақынға", тағы басқа да өлеңдері жергілікті газеттерге басылып жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети