Танымал әнші Сәкен Майғазиев жақында дүниеге келген қызына қандай есім бергені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев жақында дүниеге келген қызына қандай есім бергені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші қызына Сафия есімін берген. Бұл таңдауын ол Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен бірге жасаған. Бастапқыда әнші Instagram желісіндегі оқырмандарынан "Сафия" мен "Дария" есімдерінің қайсысы дұрыс екенін сұрап көрген еді. Қолданушылардың да таңдауы "Сафияға" түскен.
© instagram.com/saken_maigaziyev
"Ал құрметті халайық, Сәкен екеуміз ақылдаса отырып, қызымызға Сафия деген ат қояйық деп отырмыз. Бақытты қыз болсын, саф алтындай әдемі, сұлу, қазақтың алтын қызы болсын, бауы берік болсын!", - деді Мақпал Жүнісова.
Әнші бүгін әйелін перзантханадан сән-салтанатпен шығарып алды, оны құттықтап өнердегі әріптестері мен туыстары, дос-жарандары келген.
Айта кетейік, Сафия - түбі арабтан шыққан есім, мағынасы "таза", "айқын", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Сафия мұсылман әйелдердің Сафи (Сафа) есімінің бір нұсқасы.
© instagram.com/saken_maigaziyev
Еске салайық, Сәкен Майғазиевтің төртінші баласы 31 мамырда дүниеге келген еді. Енді ол әйелі Динара Асылханқызымен төрт баланың ата-анасы болып отыр.