РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 июля 2019 | 15:49

Мысыр трендте. Танымал қазақстандықтар қайда демалып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазғы демалыс бастала сала, отандық жұлдыздардың шетелге шығып демалуы заңды бір құбылысқа айналғандай. Биыл мәселен Мысырға ауып жатқандардың саны көп. Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің қайда демалып жүргеніне шолу жасады.


Жазғы демалыс бастала сала, отандық жұлдыздардың шетелге шығып демалуы заңды бір құбылысқа айналғандай. Биыл мәселен Мысырға ауып жатқандардың саны көп. Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің қайда демалып жүргеніне шолу жасады.

Instagram әлеуметтік желісін ашып қалған кезде ең алдымен көзімізге түскені отбасымен және достарымен демалып жүрген Баян Мақсатқызы. Ол Мысырдың ең атақты демалыс орнын таңдаған екен.

Баян Мақсатқызының айтуынша, оның бұл елді таңдаған себебі, ең алдымен жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетуі, инфрқұрылымы және кәсіби деңгейі жоғары мамандардың қызметі. Сондай-ақ, продюсер шетелдік туризмнен үйренеріміз әлі де көп екенін атап өткен екен.

Мысырды таңдаған тағы бір жұлдыз - Айгүл Иманбаева. Актриса Қара теңіздің тыныштығы мен мөлдір таза суын атап өтіп, жазба жариялаған екен.

Мысырда демалушылардың қатарына белгілі композитор Бағым Мұхитденова да қосылды.

Мысыр елінде демалып жүрген отандық жұлдыздардың ішінде продюсер Ғалия Байбосынова да бар. Ғалия да балаларымен және достарымен демалып жатыр.

Мысырда демалушылардың ішінде ең ерекше көзге түскені - Болмановтар отбасы. Биыл Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы Айсұлтанның туған күні Мысырдағы демалысымен тұспа-тұс келген екен.

"Ал бүгінгі әңгіме Айсұлтанымыз туралы болмақ. Осыдан тура 6 жыл бұрын Айсұлтан деген ерекше баланың анасы атандым. Иә, жасырмаймын, төртіншімді қыз болса ғой деп тіледім. Дәрігерлер басында қызға ұқсайды деп алып, соңғы айларда ғана ұл болатынын xабарлағанда "ойбууууу" деп жылап қалғаным да рас. Бұл сезімді қайта-қайта ұл әкелген ана ғана түсінеді деп ойлаймын", - деп жазды әнші.

Белгілі кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова болса әріптестерінен ерекшеленіп, бұл жолы түрік елінің Бодрум қаласын таңдаған екен.

"Мәзбін. Теңіз менің төркінім сияқты, дандайсып кететін әдетім. Сәлем бердім Эгей теңізінің жағасынан", - деп жазыпты продюсер.

Сонымен қатар, продюсердің қызы, әнші Сара Амангелдиева да түрік елінде саяхаттап жүр екен.

Алайда отандық туризмді қолдап, өз елінде демалып жатқан жұлдыздар да баршылық. Мысалы, белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы еліміздің оңтүстік шаһары Шымкент қаласында демалып жүр. 

Қазақстандағы атақты киберспортшы Рүстем Телепов те Көлсай, Қайыңды және Шарын шатқалына 2 күндік турға барып келген екен. Ол өзінің оқырмандарымен еліміздің көркем жерлерінің суреттерін белсенді түрде бөлісіп отырған. 

Еліміздің жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздың да таңдауы Бурабайдағы отандық демалыс орнына түскен.


Суреттер отандық жұлдыздардың Instagram-парақшаларынан алынды

Дайындаған: Сымбат Сатыбалдина

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети