РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 мая 2021 | 15:39

Моргенштерннің қазақтар туралы айтқан сөзі Желіде талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/morgen_shtern/ instagram.com/morgen_shtern/

Желіде ресейлік рэп-орындаушы Алишер Моргенштерннің қазақтар туралы айтқан видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде ресейлік рэп-орындаушы Алишер Моргенштерннің қазақтар туралы айтқан видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода ресейлік музыкант қазақтар туралы пікір айтады. 

"Алғашқы қызым қазақ болған. (...) Қазақстанда өтетін концертім қандай болатынын қазір-ақ біліп жүрмін", - дейді әнші видеода. 

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

Қазнеттегілерге әншінің бұл сөзі ұнамаған, кейбірі оны танымағанын айтады, ал кейбірі оның пікірін "рэперлердің мақтауы" деп бағалаған. 

"Бұл кім? Сайқымазақтарды шақырмау керек", "Ресей секілді концертіне тыйым салу керек", "Тегін болса да бармаймыз", "Бұл оларға тән сөздер, керісінше, мақтау сөздерге ұқсайды", "Кешірім сұраған видеосын күтеміз", "Бұл кім тағы?", - деген пікір жазылған. 

Моргенштерн деген кім?

Ресейде "ең хайп әнші" атанған Алишер Валеев 1998 жылы Үфіде туған. Басында № 91 гимназияда оқыған, бірақ оны мектептен шығарып жіберген. Кейін педагогикалық университетке түскен, бірақ ол жақта да оқудан шығарылған. Артынша Үфідеғі авиациялық техникалық университетті де аяқтай алмаған.

Алишер бала кезінен рэпке құмар болған, ресейлік рэп-орындаушыларды тыңдаған. 16 жасқа толғанда автокөлік жуу орнында жұмыс істеген, көшеде жарнама қағаздарын таратқан, курьер болған. 


Фото: instagram.com/morgen_shtern 

Моргенштерн негізінде рэп арқылы емес, YouTube арқылы танылған. YouTube-тегі каналында "ИзиРеп" жобасын ашып, пародия жасаған. Бұл жобада ол рэпке қатысты түрлі пікір білдірген. Қазіргі уақытта танымал болу үшін талантты болу керек емесін, рэп 5 минутта жазылатын оңай дүние екенін айтқан.  

Сондай-ақ, рэпер татуировканы жақсы көреді. Бетінде жұлдыз бейнесі, маңдайында нота суреті салынған, ал қабағы үстіне "666" деп жазған. Өзінің айтуынша, бұл қадамға кеңседе жұмыс істемеу үшін барыпты. 


Фото: instagram.com/morgen_shtern 

Блогер кезінде Алишер әртістердің шығармашылығын, әлеуметтік-саяси позициясын мазақ еткен. Мұның бәрі Моргенштерннің жастар арасында танылуына үлкен септік болды.

Ал қазір бәрі Моргенштернді рэпер ретінде таниды. Ол 2016 жылдан бері музыкамен тұрақты түрде айналысып келеді. 2018 жылы "До того как стал известен" атты альбомы жарық көрген. Жыл сайын музыканттың жаңа альбомы шығады. 2019 жылғы "Улыбнись, дурак!" альбомы iTunes чартында 1-орында болған. Ал былтырғы "Легендарная пыль" альбомы Apple Music чартында 2-орын алған. 

Қазіргі уақытта Алишер сәл сайын Ресей шоу-бизнесіндегі танымал әртістермен бірге ән шығарады. Олардың қатарында Клава Кока, Элджей, Тимати, DJ Smash бар. Элджеймен бірге орындаған Cadillac әні Youtube-те 115 миллион рет қаралған. 

Моргенштерн әні сотта қаралады

Енді Моргенштерн әнін желідегілер ғана емес, прокуратура да қарап жатыр. Таяуда Алишердің DJ Smash-пен бірге орындаған "Новая волна" әні мен бейнебаяны шықты. Бүгінде 26 миллион қаралым жинаған бейнебаян Мемлекеттік Думаның да назарына іліккен. Себебі клипте әртістер діни қызметкерлер киімінде храмда билейді. 

Дума азаматтық қоғамды дамыту комитетінің басшысы Сергей Гаврилов РИА Новостиге берген сұхбатында клипті прокуратура зерттеп жатқанын айтқан. Мұның себебі бейнебаян дінге сенушілердің сенімін қорлайды деп ойлайды. 

"Прокуратура бейнебаянды сараптамаға жіберді. Олар шешім шығарады. Менің түсінуімше, ата-аналар қауымдастығы есірткі жарнамасы бойынша тексерген, ал мен дінге сенушілердің сенушілердің сезімін қорлады деп санаймын. Мен бұл әрекетті тексеріп, бағалауды сұрадым", - деді Гаврилов.

Сондай-ақ, депутат Моргенштерн "батылдық жинап, христиандардан ғана емес, миллиондаған діни сенушіден кешірім сұрайды" деген үмітін білдірген.

ТАСС мәліметінше, таяуда психологиялық-лингвистикалық сараптамадан кейін, Моргенштерннің екі бейнебаянынан есірткі насихаты бар екені анықталған.

Иманбекпен фит жазған

Моргенштерн мен Қазақстанда көп нәрсе байланыстырмайды. Елімізде концерт бермеген. Тек таяуда оның Иманбекпен бірге әні шықты. Иманбек, америкалық әнші Fetty Wap пен Моргенштерн LECK атты әнін тыңдармандарына ұсынған. 

"Иманбек, бір аптадан соң екінші Grammy-ге барамыз", - деп жазды Моргенштерн.

Бүгінде клип 7 миллионға жуық қаралым жинаған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети