РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 ноября 2018 | 21:50

Мадина Сәдуақасова тікелей эфирде пластикалық хирургтан келбетіне қандай өзгеріс енгізу керектігін сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Пластикалық отаның шындығы мен сұмдығы?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Пластикалық отаның шындығы мен сұмдығы?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның қонағы болған Гауһар Жаманбалина пластикалық хирургқа күйеуімен бірге барғанын айтады.

"Жасым 30-да. Үш балам бар. Бес жыл бойы бала еміздім. Үш баланы емізгеннен кейін не болатыны барлығына да белгілі шығар. Мендегі жағдайда біреуі дұрыс қалыпта қалып, екіншісі қатты салбырап қалды. Бұл әрине тым ұсқынсыз көрінеді. Жолдасым екеуміз келісіп, пластикалық хирургқа бардық. Күйеуім барлығын өзі таңдады. Барлығын да бірге жасаймыз. Ұстаған кезде де әр түрлі болады", - дейді ток-шоу қонағы.

Сондай-ақ, Гауһар Жаманбалина кеудесінің көлемі үш екенін студияда костюмін шешіп көрсетті.

Бағдарламаның тағы бір қонағы Әсел Мисник есімді қыз омырауын үлкейту үшін пластикалық ота жасатқысы келетінін айтады.

"Мен де Гауһар секілді кеудемді ұлғайтқым келеді. Негізгі көлемі - 0,75. Бала кезімнен осындай, әке-шешемде де, туыстарымыздың барлығында да осындай. Осыны армандап жүргеніме 5-6 жыл болған шығар. Бірақ ота жасатқаннан қорқамын", - дейді Әсел Мисник.

Пластикалық гинекологиялық ота жасайтын маман Ғайни Максурина өзіне келген адамдардың жасы 15-70 аралығында екенін айтады. 

Бағдарлама барысында Skype арқылы әнші Мадина Садуақасовамен байланыс орнатылды. Ол осы уақытқа дейін ота жасатпағанын айтты. Алайда ол бағдарламада отырған мамандардан кеңес сұрады. Өз кезегінде мамандар барлығы да жарасып тұрғанын, тек қартаюдың алдын алу мақсатында бір екі әдісті пайдалануға кеңес берді. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіледі. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети