90-жылдары Интернет желісі болмаса да, сүйікті әншілерін теледидар арқылы тыңдап, концертпен келуін бірнеше жыл күтетінбіз. Сол жылдары қазақ музыкасы жаңа сатыға көтерілді. Мәселен, музыканың жаңа жанрлары пайда болып, әндер шетелдің хит тізімінде де тұрды. Massaget.kz тілшісі "сағындырған" әншілердің қазір қайда жүргеніне шолу жасады.

"Балауса көктемді сағындым..."
Наурызға алғаш рет әнұран сыйлаған топ бүгінде ел алдында өнер көрсетіп жүр. Олардың "Наурыз", "Жаным", "Сәулем-ай" әндері 90-жылдан бүгінге дейін танымал.
"Үркер" - қазақтың этно-поп стиліндегі тобы. Ол 1994 жылы Алматы қаласында құрылған. Топ құрамында Айдос Сағат, Рустам Мусин, Бейбарыс Жұманиязов, Дәурен Сыздықов, Нұрлан Сейілов, Нұрлан Албан болды. Қазір топта тек Айдос Сағат пен Рустам Мусин.
Танымал композитор Базарбай Жұманиязовтың ұлы Бейбарыс Жұманиязов топтан 1993 жылы кетті, барабанда ойнаған Нұрлан Сейілов 2000 жылы топтан кетіп, қазір көлік бизнесімен айналысады.
Топтың құрылғанынан бастап гитарада ойнап, солисі болған Дәурен Сыздықов топтан 2000 жылы кеткенімен әншілікті тоқтатпады. Қазір ол Павел Юрасовпен бірге "ДипМиссия" тобында ән шырқайды.
8 қыркүйекте Алматыда Айдос Сағат пен Рустам Мусиннің концерті өтеді. Бұл туралы топтың ресми Instagram-парақшасында жарияланды.
Айдос Сағат - Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі. 1996 жылдан бастап Құрманғазы атындағы консерваторияда сабақ береді. Радиода жұмыс істеген. Үйленген, балалары бар. Сондай-ақ, кей деректер бойынша, әнші йогамен де айналысады.
2018 жылы "ҮРКЕР" тобы 25 жылдық мерейтойын Алматыдағы Республика сарайында үлкен концертпен атап өтті.
МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗДАР.