РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 августа 2019 | 17:21

"Күйеуімді тартып алды". Қазақстандықтарды аң-таң қылған танымал жұптар

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Бүкіл әлем әлеуметтік желіге жіпсіз байланған заманда жұрттан ештеңе жасыру мүмкін болмай қалды. Қазақ шоу-бизнесі өкілдерінің де жасырған сыры талай су бетіне шыққан. Бірі жылдар бойы сүйіктісін көрсетпей келсе, екіншісі бірнеше әйел алып халықтың сынына ұшыраған. Күні кеше болған Нұрғали Нүсіпжановтың тойы да барша жұртты аң-таң қылды. Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандық жұптардың жұртты таңғалдырған оқиғаларын баяндайды.  


Бүкіл әлем әлеуметтік желіге жіпсіз байланған заманда жұрттан ештеңе жасыру мүмкін болмай қалды. Қазақ шоу-бизнесі өкілдерінің де жасырған сыры талай су бетіне шыққан. Бірі жылдар бойы сүйіктісін көрсетпей келсе, екіншісі бірнеше әйел алып халықтың сынына ұшыраған. Күні кеше болған Нұрғали Нүсіпжановтың тойы да барша жұртты аң-таң қылды. Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандық жұптардың жұртты таңғалдырған оқиғаларын баяндайды.  

Ұзатудан кейін үш жыл өткенде жасалған той

2017 жылы қазанда танымал әнші Төреғали Төреәлі отау құрған еді. Дүйім жұрттың назарында болған бұл той Алматыдағы ең қымбат қонақүлердің бірінде, танымал жұлдыздардың қатысуымен өткен болатын және ол баршаны таңғалдырған. Себебі отбасылық мерекеден бұрын Төреғалидің екі баласы бар екені мәлім болған. Ол жары Толқынмен бұған дейін некелесіп, тойын үш жылдан соң бірақ өткізген. Төреғали мен Толқын жасты. 

Әншінің продюсері Жан Мұқанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әншінің балалары бар екенін айтып еді. "Жұптың екі баласы бар. Тек олардың тойы өтпеген, қыз ұзату тойы ғана болған еді. Сол кезде Төреғали той өткізе алмаған. Енді міне, тойын өткізгелі жатыр. Олардың некелескеніне 3 жылға жуық уақыт болды", - деген еді Жан Мұқанов. 

10 жылдан кейін бірақ ел алдына шыққан қалыңдық

Отандық шоу-бизнесте өз отбасын жасыру үрдісін алғаш болып қолға алғандардың бірі Қайрат Нұртас екені белгілі. Қайрат жары, балалары туралы 10 жыл бойы мүлде сөз қозғамай келген. Әнші жұбайын 2017 жылы қазанда өткен "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымында ғана ел алдына алып шыққан болатын. Отандық туындының тұсаукесері танымал әншінің жары Жұлдыз Әбдукаримованың туған күнінде болған. 

Фильм таныстырылымынан сурет

Қайрат пен Жұлдыздың махаббат хикаясы былай басталған: Олар 2007 жылдың жазынан кездесе бастапты. Бұл туралы Жұлдыз Әбдукарамова Instagram желісіндегі парақшасында жазған еді. 

"Жаз... Маусым айы...Махаббат, романтика, бақыттымыз, ойда ештеңе жоқ. Сол кезде 18-19 жаста едік, ештеңе ойламадық, қарым-қатынастың не екенін дұрыс түсінбей жүрдік, тек бір-бірімізді сүйіп, бірге болғымыз келді. Онымен бірге басқа қалаға кетіп, басқа өмірді бастап, бақытты болғымыз келді. Өзгелердің пікірін тыңдағымыз келмеді. Біз үшін бастысы - ата-аналарымыздың бізді қолдап, шешімімізді қабылдауы болды. Әкем бұл жайлы білмеген де еді (бірақ оны кейінірек көндірдік). Беташардан кейін шамамен екі күннен соң Қайрат анасымен бірге алғашқы гастрольге кетті. Үйде әкем, 10-12 жастағы екі ұл бала және мен қалдым. Отбасымның кенжесі болғандықтан, мен мүлде тамақ істей алмайтынмын, бірақ үйді жақсы жинайтынмын", - деген еді ол.

Кейін танымал әнші Қайрат Нұртас Астанада отбасын таныстырып, дүркітеріп концерт қойды. Концертте әншінің ата-анасы, әйелі және төрт баласы да өнер көрсетті. Алау Қайратқызы гимнастикалық трюктер жасап, билесе, Нарұл Қайратұлы ән айтты, ал Хан деген ұлы сахнаға ханның тағына отырып шығып, көрерменге биін паш етті. Ал әнші мен әйелі, сонымен қатар, әкесі мен анасы дуэт орындады.


Қайрат Нұртастың ата-анасы мен балалары

Көрермен болып барған продюсер әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл концертте тек інісі Аян мен келіні ән айтпаған екен. Осылайша халық Қайрат Ңұртастың да отбасымен танысты. 

Бар шындықты әшкере қылған видео

Екінші әйел алған Айқын Төлепбергеннің отбасылық трилогиясы Желіні талай шулатқан еді. Алдымен Айқын мен КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалидің қосылғаны жайлы қауесеттер қазнетте тарап кеткен видеодан кейін шыға бастаған. Видеода бір топ адамның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен шығарып салып жатқаны көрінеді. "Артыңа қарама" дейді кадр сыртындағы адам. Ал кейін Айқын оны сүйіп, көтеріп алып бара жатады. 

Алайда екі ғашық қарым-қатынастарын барынша жасыруға тырысты. Айқын Төлепберген Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы бұл кадрлардың фильмнің түсірілім жұмыстары кезінде түсірілді деген болатын. Әнші мұның қандай фильм екенін айтқысы келмеген еді. 

Биыл мамырда Айқынның Жұлдызды ұзатып, көтеріп алып бара жатқан сәті түсірген видео жарияланған. Содан жұрт оларды көңіл қосты, отау тікті деп болжады. Алайда Айқынның өзі де, Жұлдыз Өмірғали де бұл мәселеде тіс жарып айтпады. "Біреудің жеке өміріне араласу дұрыс емес" деп қысқа қайырған еді әнші.

Кейін Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтқан болатын. Айтуынша, біздің елде екі әйел алуды көпшілік қолдамайды. "Екі әйелді ала ма, алып үлгермей ме, ол жағын білмеймін. Әркімнің өз таңдауы болады. Екі әйел алу дегенде, біз араб елі емеспіз, мұсылман елі болсақ та, ондай бізде не приветствуется", - деген еді ол.

Айта кетейік, Айқынның тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниеге келген. Ал екінші қызы 2016 жылдың мамырында туған. Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили әйелдеріне арнап, "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылымы болып өткен. 

Қазір әнші Айқын Төлепбергеннің төрт баласы бар. Жұлдыз Өмірғали оған биыл маусымда қыз сыйлаған. Әншінің алғашқы некесінен бір ұл, бір қызы бар.

"Күйеуімді тартып алды"

2016 жылы Қазнетте бұрынғы КВН ойыншысы, актер, шоумен Дәурен Айдарқұлов пен "КешYou" тобының бұрынғы солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттің қарым-қатынасы қызу талқыланған еді. Сол уақытта жұрт Дәуренді әйелі мен үш баласын тастап кетті деп айыптаған болатын. Десе де қаншама сынның астында қалған жұп ақыр соңында қосылды.

Ақбота-Нұр мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер 2016 жылдың желтоқсанында тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер де болған. Бұған себеп - Дәурен Айдарқұловтың әйелінің "күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасауы болды. Әнші Ақбота-Нұр "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған еді. Осы картинаға Айдарқұлов та түскен. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген. 

Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткелі жатқаны да белгілі болған. Бастапқыда қолданушылардың басым бөлігі Ақбота-Нұрдың сүйіп қосылайын деп отырған жары "Алау" тобының солисі Ержан Мұхатаев деп ойлаған. 

Кейін Дәурен Айдарқұлов әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялаған еді. Оның Instagram желісінде жариялаған екі суретіне "Бәрі Алланың қалауымен" деп сипаттама жазылған. Ал суретке қатысты пікір жазған қолданушылар екі жастың бас қосқанын болжаған. Суреттен әншінің жүкті екенін байқауға болады.

2017 жылы 1 маусымда "КешYou" тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ұл босанған болатын. Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов та Ақбота-Нұрдың оған ұл сыйлағанын мәлімдеген еді. 

Қыркүйекте танымал жұпқа қатысты тағы тосын жаңалықтар шыға бастады. Дәурен Айдарқұлов әйелін тастап кеткені мәлім болды. Бұл туралы Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. Оның айтуынша, ол Айдарқұловтың үшінші әйелі болған. 

"Сіздерге менің және бұрынғы күйеуімнің арасында не болып жатқаны қызық болды ма?! Мен ол адамды жіберуді ұйғардым және оған өкпем жоқ. Арамызда не болғанын сіздер білмейсіздер, оның не себепті бірінші отбасынан кеткенін, кейін не үшін екінші отбасын тастап кеткенін, ал енді үшіншісінен де не үшін кетіп жатқанын білмейсіздер. Сіздер ол адамды тіпті білмейсіздер. Өз ар-ұяты білсін. Тіпті 10 әйелі болса да бақыт тілеймін", - деп ағынан жарылған әнші.

Десе де біраз уақыттан кейін екеуі кафеде тамақтанып отырған жерінде ұсталып қалды. Бұл туралы "НТК" телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында хабарланған. Олардың тамақтанып отырған видеосы телеарна редакциясына түсіпті. Алайда кейінірек шоумен Дәурен Айдарқұлов бұл жағдайға қатысты пікір тартудан бас тартып шыға келді. 

Осыдан кейін "КешYou" тобының экс-солисі Instagram желісінде оқырмандарын күйеуі - Дәурен Айдарқұловпен ажырасуы жайлы қиялдай бермеугі шақырды. Ол баласы мен өзі өтірікті көтермейтінін мәлімеген. 

"Құрметті ақылдылар! Жұмбақ шешіп, қиялдап, ойдан құрастырудың қажеті жоқ. Ешкім де мені ТАСТАП КЕТКЕН ЖОҚ, айырылысуға бастамашы болған мен. Оның отбасыға деген мұндай қарым-қатынасы қарсы болдым. Алдыңғы отбасыларына қарағанда ұлымыз екеуміз оның өтірігіне көніп жүре бермейміз. Бұл адам алдыңғы отбасыларына осындай қарым-қатынас жасаған, біреу шыдап жүре береді, ал мен көнбеймін! Не жасасаңыз да, бумеранг заңы дер кезінде келеді. Қандай жағдай болса да бір ғана адам кінәлі болмайтынын түсінемін. Бірақ әркімге өзіне лайық нәрсесі келеді. Тағдырдан өз басым керемет ұлымды сыйға алдым", - деп жазған әнші. 

Қазіргі таңда жұптың екі баласы бар. Биыл қаңтарда Ақбота-Нұр Сейітмағамбет екінші сәбиін дүниеге әкелді. Сәбидің есімі - Аиша. 

Продюсердің атышулы оқиғадан кейінгі тойы

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 2017 жылы екінші рет тұрмыс құрғанда халықтың талқысына қалған еді. Оның қазіргі жұбайы - Тұрсынғали Алагөзов. Тамызда Тұрсынғали Алагөзов пен әйелі Ляйсира екеуінің ажырасқаны белгілі болған еді.

Баян Мақсатқызы мұндай қадамға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен болған атышулы оқиғадан кейін барды.

Естеріңізде болса, Баян Мақсатқызы зардап шеккен жанжал 10 маусымда Құлжа тасжолында Еңбекші ауылының маңындағы жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы тұста болған. Ол күйеуімен және тағы бір туысымен үйіне қайтып бара жатқан. Жол бойында тұрмыстық жанжал шығып, ер адам продюсердің ішіне өткір затпен дене жарақатын салған. Осыдан кейін Баян Мақсатқызы жедел ауруханаға жеткізілген болатын. Кейін Бақытбек Есентаевтың сол кезде мас болғаны анықталды. Ал жанжал қызғаныштан туғаны мәлім болды. 

Оқиғадан кейінгі алғашқы сұхбатында Баян Мақсатқызы 22 жыл бірге болған жұбайы Бақытбек Есентаевпен ажырасқанын айтқан. Ол күйеуімен бұрын да ажырасқысы келгенін мәлімдеген болатын.

Арада 4 ай өткен соң продюсер өзінің соттағы өкілі арқылы күйеуін кешіргенін хабарлады. Ол Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдетуді сұраған болатын, нәтижесінде 2016 жылы 3 қарашада Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты оны 9 жылға бас бостандығынан айырған.

"Махаббат жасқа емес, әзілдің жарасқанына қарайды"

Жайдарман, КТА ойындарының қатысушылары Мереке мен Әрсеннің махаббат хикаясы да ерекше. Жұрт КВН-ші қыздың өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына таңғалған.

Таныстықтары мафия ойынынан басталған жұптың айтуынша, ұл жақтан ата-анасы еш қарсылық танытпаған, керісінше қыздың отбасы бастапқыда қарсы болған. Жұп өз махаббатының басты құпиясы деп әзіл мен қалжыңының жарасуын атады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети