РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 февраля 2020 | 15:40

Қордайдағы қақтығыс. Танымал қазақстандықтар Желіде не жазып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

7 ақпанда Қордайда жаппай төбелес болып, 10 адам қаза тапты. Бұл жағдай Қазақстанды ғана емес, көрші елдерді де дүрліктірді. Танымал қазақстандықтар да бұл оқиғаға бей-жай қарамады. Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің пікірін біліп көрді.


7 ақпанда Қордайда жаппай төбелес болып, 10 адам қаза тапты. Бұл жағдай Қазақстанды ғана емес, көрші елдерді де дүрліктірді. Танымал қазақстандықтар да бұл оқиғаға бей-жай қарамады. Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің пікірін біліп көрді.

"МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазыбек бидің сөзін келтіре отырып, қазақ халқының достықты сақтай білетін халық екенін салды.

"Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Қазыбек би", - деп жазған Майғазиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Қордайдағы қақтығысқа пікір білдіре отырып, қандай жағдай болсын, заңға бағыну керегін айтады. Сол кезде қана барлығы дұрыс болады дейді.

"ФБ-ны ашсаң, "бір шешім" ұсынып жатқандар. Мұнда кірсең, той тойлап жатқандар. Тик-токта "менің ештеңемен шаруам жоқ", - деп жүргендер... "Ал не дейін, бәрі аман болсын. Енді бұйырғанын көреміз де", - деп жүрген мен сияқтыларға дұғай сәлем.

#Twitter-де президент: "Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!" деп жазды. Расымен, не жағдай болсын заңға бағынсақ, тәртіпке көнсек, жақсылыққа сенсек қана бәрі дұрыс болады... Қараңғы түннен кейін, әрдайым арайлап таң атады", - деп жазған тележүргізуші.

Шетел басылымдары Қордайдағы қақтығыс туралы қалай ақпарат таратты?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Әнші Жанар Айжанова қазақстандықтарды тек жақсылық жасауға шақырып, елімізге амандық тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

КЕЙДЕ ҚАСЫМЫЗДАН СУДАЙ СЫРҒЫП ӨТІП ЖАТҚАН УАҚЫТТЫҢ, УАҚЫТПЕН БІРГЕ КӨЗГЕ КӨРІНЬЕЙ ІЛЕСІП КЕТІП БАРА ЖАТЫРҒАН БАҚЫТТЫ ШАҚТАРЫМЫЗДЫҢ ҚАДІРІН ДЕ БІЛЕ АЛМАЙ ЖАТАМЫЗ. АЙДАЛАДА ШӨЛДЕП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА БІРЕУ БІР ЖҰТЫМ СУ БЕРСЕ, ДАРИЯНЫҢ СУЫН АҒЫЗЫП ӘКЕЛСЕҢ ДЕ ҚАЙТАРА АЛМАЙСЫҢ ДЕЙДІ. АДАМНЫҢ ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҒЫН ТОҚШЫЛЫҚТА ДА ҰМЫТПАҒАН ДҰРЫС. КӨЗІҢ КҮЛІП, ІШІҢ ШІРІК БОЛСА ҚАНША ЖЕРДЕН КӨСЕМСІСЕҢ ДЕ АЛЛАДАН ЖАСЫРА АЛМАЙСЫҢ. ПЕЙІЛІҢ ЖАМАН БОЛСА ЖАЗАҢДЫ АЛЛА БЕРЕДІ. ҚҰДАЙСЫЗ ҚҰРАЙ ДА СЫНБАЙДЫ. СОНЫ ҰМЫТПАЙЫҚ. ЕЛІМЕ ТЕК АМАНДЫҚ ТІЛЕДІМ, ТІЛЕЙ ДЕ БЕРЕМІН. ОНЫҢ ІШІНЕ БӘРІ КІРЕДІ.

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейтінін, сондықтан қазақстандықтарды ақылды болуға, араңдатуға жол бермеуге шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мен көп ұлтты ауылда туып өстім. Әр түрлі ұлт өкілдерінен болған көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрдік. Меніңше, бір ауылда тұратын көршілер ұлтқа бөлінбестен бір-біріне мейірімді болып, құрмет көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білу керек. Көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел екендігімізді ұмытпайық. Түсініспеушілік, дау-дамай ешкімге жақсылық әкелмейді, ақылды болайық, араңдатушылыққа жол бермейік.

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бұл оқиғаға бей-жай қарамай, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алла баршамызға сабыр берсін,марқұм болған жандардың иманы саламат болсын.

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Тележүргізуші Мая Бекбаева қазақстандықтарды арандатуға ермеуге шақырды. Ол кінәлілердің жазалануы керегін айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Нет плохих наций, есть плохие люди! В Кордае сейчас идут переговоры. Утром на место конфликта выехал зам. пред Ассамблеи народа Казахстана Жансеит Туймебаев и глава общества дунган Абубакир Войнце. Подключены авторитетные граждане, старейшины. Друзья, сегодня каждый из нас -член Ассамблеи народа страны. Каждый может внести свою лепту в сохранение мира в стране, сохранив мир в своем сердце. Не позволяйте ненависти и нетерпимости завладеть Вашими умами! Не поддавайтесь на провокации и помните, что тот, кто любит свою страну, прежде всего желает ей Мира! Мира нашему общему дому! А Виновные должны быть наказаны вне зависимости он национальности.

Публикация от Майя Бекбаева (@mayabekbayeva)

Эстрада әншісі Тамара Асар отандастарын сабырға шақыра отырып, елімізге бейбітшілік тілейді. Қазақстанның басты ерекшелігі бірнеше этностың бір шаңыраққа тұруында дейді.

"Біздің мемлекетіміздің мақтан етіп айтатын ерекшелігінің бірі - жүз отызға жуық ұлт пен этностардың бір шаңырақтың астына бірігуі. Қанша ғасырдан бері тарихымыз да, тұрмыс-тіршілігіміз де бір қазанда біте қайнасып келеді. Ал солармен қиын күндерде бір тілім нанды бөлісіп жеген ата-бабаларымыздың даналық жолы қазіргі күні де бірлік пен ынтымақтастықтың кепілі екеніне сенемін. Дәл осы тұста Хакім Абайдың "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп",- деген сөзі еріксіз ойға оралады. Жан- жағымызға құрметпен, сабырмен және үлкен махаббатпен қарайықшы!", - дейді Тамара Асар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Актриса, әнші Cалтанат Бақаева бұл мәселенің таяуда шешілетініне сенім білдіреді. 

"Бала-шағамен жүріп Қордайдағы оқиға жайлы енді естіп, жаным түршігіп жатыр... Алла қаласа бұл сынақтан да аман-есен өтсек екен деп тілеймін! Ана болғандықтан бәрін ойлайсың...Үлкен кісіге қол көтермек түгілі сөйлеуге болмайды деп тәрбие алған бізге әрине бұл оқиға еш ойға сыймайтыны рас!... Дегенімен бір қарын майды бір құмалақ шіртеді деген сөз бар. Көпке топырақ шашқым келмейді... Осы мәселе оңын тауып шешілсе екен! Түн тыныштығын тілеймін баршаңызға...", - деп жазған актриса Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Жамбыл облысында болған жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан болатын. Қақтығыстан 10 адамның қаза тапқаны белгілі. Тағы 170 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Ал Тоқаев облыстағы бірнеше шенеунікті қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети