Биыл 1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Әзірге қазақстандықтарға ресейлік "Спутник-V" вакцинасы салынып жатыр. Отандық вакцина сәуірдің соңында дайын болады деп жоспарланып отыр. Ресейлік вакцинаны елімізде бірнеше шенеунік салдырды. Ал отандық танымал адамдардың ішінде вакцина салдырғандар бар ма? Олар екпені қашан салдыруды жоспарлап отыр? Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандықтардан сұрап білді.
Биыл 1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Әзірге қазақстандықтарға ресейлік "Спутник-V" вакцинасы салынып жатыр. Отандық вакцина сәуірдің соңында дайын болады деп жоспарланып отыр. Ресейлік вакцинаны елімізде бірнеше шенеунік салдырды. Ал отандық танымал адамдардың ішінде вакцина салдырғандар бар ма? Олар екпені қашан салдыруды жоспарлап отыр? Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандықтардан сұрап білді.
Елімізде танымал қазақстандықтардың ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып әнші Әли Оқапов салдырды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
"Вакцина салдырдым. Жағдайым жақсы. Бұл тегін. Спутник V", - деп жазды әнші.
Фото:instagram.com/aliokapov
Алайда Әли Оқаповтың оқырмандары екіге бөлінген: бірі әншінің вакцина салдырғанына күмән келтірген.
"Дұрыстап түсіріп көрсетпейсің бе", "Салып жатқанын неге көрсетпей жауып тұрады?" дейді әншінің оқырмандары.
Енді бірі Оқапов секілді вакцина салдырғанын айтып жатыр.
"Түк те қорқынышты емес, өз еркіммен мен де алдым жағдайым өте жақсы", "Кеше екінші кезеңін алдым вакцинаның, бәрі де жақсы. Денсаулық тілеймін", - дейді Желі қолданушылары.
Фото:instagram.com/aliokapov
Сол күні Әли Оқаповтан бөлек, әнші Диас Абылаев пен "Алау" тобының бұрынғы солисі Ержан Мұхатаев та салдырған.
"Бәрі жақсы! 4 сағат өтті, жағдайым жақсы", - деп жазды Диас Абылаев.
Ал театр және кино актері Азамат Сатыбалдының айтуынша, ол вакцина салдыруды жоспарлап отыр.
"Ойлана келе вакцина салдырамын деген шешімге келдім. Сақтанғанды Құдай сақтайды дегендей. Сіздердің ойларыңыз қалай? Салдырасыздар ма? Кім салдырды? Қандай әсері бар? Ойларыңызды бөлісіп, ақылдарыңызды айта отырыңыздар", - деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
БІрнеше танымал қазақстандыққа хабарласып, вакцина туралы ойын сұрадық. Эстрада әншісі Маржан Арапбаева вакцина салдырамын деп отыр.
"Вакцина салдырамын. Бірақ әзірге ол жайлы ойламаппын. Қашан салдыратынымды білмеймін", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жеңіс Ысқақова әзірге денсаулық жағдайына байланысты вакцина салдыра алмайтынын айтады.
"Вакцина салдырған жоқпын. Қазіргі таңда өзім ауруханада жатырмын. Әзірге вакцинаны ойлайтын уақытым жоқ", - деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өмірқұл Айниязов әзірге вакцина салдырмағанын, алайда алдағы таңда вирустан қорғану мақсатында екпе салдыратынын айтады.
"Әзірге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмадым. Жұмыста ондай талап қойып жатқан жоқ. Ал вакцина салдыруға келер болсақ, өз басым мамандарға, билік басындағыларға сенер болсақ, халыққа жамандық ойлайды деп есептемеймін. Халық арасында неше түрлі қаңқу әңгімелер жүр ғой. Мен ауруға қарсы бірден бір ем вакцинация болса, оны алу керек деп есептеймін. Мен коронавирус жұқтырған жоқпын. Сондықтан сол ауруды базардан жұқтырып аламыз ба, әлде той-думаннан жұқтырып аламыз ба білмейміз ғой. Меніңше, сауатты адам ретінде вакцинаны алған дұрыс", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!