РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 июня 2020 | 17:20

Қазақстандық әншілер шектеуге қарамастан, тойға шыға бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық өнер иелері той-томалақтарда бой көрсете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық өнер иелері той-томалақтарда бой көрсете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуаныш барысындағы видеоны алғашқылардың бірі болып әнші Абай Бегей жүктеген. 

"Бала кезімізде тойлар осылай өтуші еді...", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abai Begei (@abai_begei)

Артынша әнші Алтынай Жорабаева парақшасына ұзатуда өнер көрсетіп тұрған видеосын жүктеген. Әншінің сөзінше, ол Алтынай есімді қызды ұзатқан. 

"Бүгін аттасым Алтынайға сырға салынды. Әкеңізге еркелегеніңіз қандай жарасымды. Рустем, Алтынай, бақыттарыңыз баянды болсын", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Одан бөлек, Желіде Түркістан облысында карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап кетті. 

Карантин кезінде отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғандықтан полиция қазіргі уақытта видеодағы адамдарды іздестіріп жатыр. Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланды. Видео авторлары үйлену тойының Түркістан облысында болғанын айтады.

"Үйлену тойы үйдің ауласында өткен, ал қонақтар пандемияға дейінгі тойлардағыдай өте көп. Қолданушылардың бірі үйлену тойын ұйымдастырған адамды айыптаса, өзгелері бұл жағдайға түсіністікпен қарайды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Видеода "Алдараспан" əзіл-сықақ театрының әртісі Нұржан Төлендиев ән салып жатқанын аңғаруға болады. 

"Полиция осы іс-шараның қашан және қайда өткенін анықтайды. Егер той карантин кезінде өткен болса, онда той иелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  462-бабы, 3-бөлігі ("Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды талаптарды немесе қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді полицейлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты еліміздің бірнеше аймағында карантин талабы күшейді. Оның ішінде, Қарағанды облысында 13 маусымнан, СҚО-да 15 маусымнан, ШҚО-да карантин әлі де өз күшінде, Семейде 13 маусымнан, Маңғыстау облысында 8 маусымнан, Атырау облысында 5 маусымнан, Алматы облысында 8 маусымнан карантин күшейсе, Шымкентте және Түркістан облысында шектеу шарасы әлі де алынбаған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети