РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 мая 2022 | 16:51

"Ирина Кайратовна" мен Shiza концерті: Азамат Маркленов сахнадағы қылығы үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Маркленов ,"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов ,"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концертте көрсеткен қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Алматыдағы концертте көрсеткен қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын. Жаман ниет, жаман ой ешқайсымызда болған емес. Кешіріңіздер", - деді Азамат Маркленов. 

Сонымен қатар, топ мүшесі Shiza - Асхат Жолшиев үшін де кешірім сұрады. 

"Shiza туды біреуге бергісі келгені, біреуге естелік болып қалсын деген оймен істеген еді. Ішімдіктің кесірінен деп ойлаймын, мойындаймын оны. Кешіріңіздер", - дейді Азамат. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ИРИНА КАЙРАТОВНА» (@irinakairatovna)

Бұған дейін бұл оқиғаға байланысты Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, Shiza лақапатын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексерілуі керегін айтқан.

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza лақапатымен белгілі Асхат Долшиевтің концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып жіберген. Желі қолданушыларының сөзінше, әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырған.  

Қолданушылар әншілер мас деп топшылаған. Сонымен қатар, Желіде тараған видеолардың бірінде "бәрі ішіп алғаны, концерт онша емес өткені және ұйымдастыру нашар болғаны" жазылған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети