ПОДЕЛИТЬСЯ
05 августа 2022 | 09:52
"Халықтың еркесі деген сайын". Сахнада фонограммамен ұсталған әншілер
Әлеуметтік желіде сахнада шалыс басқан әншілердің әрекеттері жиі сынға қалып, талқыға түседі. Massaget.kz тілшісі осындай жағдайларға шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде сахнада шалыс басқан әншілердің әрекеттері жиі сынға қалып, талқыға түседі. Massaget.kz тілшісі осындай жағдайларға шолу жасады.
Бұған дейін әншілер фонограммамен айтатынын концерт алдында ескертуге міндеттелуі мүмкін екені айтылған болатын. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаттары қозғаған еді.
"Заңнама Қазақстан аумағында қолданылады. Ереже қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, бірақ депутаттар оны қолдады. Басқа мемлекеттік органдар тарапынан наразылық болған жоқ", - деп түсіндірген еді былтыр Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры.
Оның сөзінше, фонограммаға тыйым салу туралы да сөз болған, бірақ бұған әлі дайын емеспіз. Бұл уақыт өте келе енгізілуі мүмкін.
"Ұят болған екен"
YouTube желісінде Қайрат Нұртастың видеосы жарияланған. Пікір білдірушілердің бір бөлігі әншінің ән айта алмайтынын сынға алса, енді бір бөлігі видео жай ғана монтаж екенін жеткізген:
Жанды дауыста айту оңай емес, əрине. Өнері өрге жүзе берсін.
Ұят болған екен, бүкіл халықты жинап алып.
Тамағы ауырып тұрған шығар.
Мынау жалған! Видеомонтаж! Сенбеңіздер!
Кейінірек концерт ұйымдастыру ісімен айналысатын жеке компанияның дыбыс режиссері Мұрат Имахан Қайрат Нұртас Шымкентте өнер көрсеткен кезде қандай олқылық болғанын айтып берген.
Оның пікірінше, мұнда басты қате жабық залдарда, концерт залдарында қолданылатын микрофонның таңдалуында болған. Сондай-ақ, ол бұл жағдайда пультте отырғандар, яғни дыбыс режиссерлері қателескенін жеткізген.
"Негізі, концерт кезінде дыбыс режиссері кейін өңдеуде жоғалтып алмауы үшін барлық микрофонды қосып отырады, солайша сақтанады. Міне, осы кезде видеоға жақын микрофондағы дыбыс бірінші жетіп, әншінің ілеспе, яғни сүйемелдеген дауысы ғана естіліп қалған. Әйтпесе, Қайрат Нұртастың жанды дауыста жақсы ән айтатынын білемін", - деп пікір білдірген болатын маман.
Топтаманың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздр.
Показать комментарии
Читайте также