Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.
"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан "жағдайы тұрақты" деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деді Біржан Хасанғалиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ол әншi, композитор, музыкант, Қазақ КСР-нің, Қазақстанның халық әртісі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының және Алматы қаласының Құрметті азаматы.
Ескендір Хасанғалиев Құрманғазы атындағы консерваторияны, кейін әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрген, ол Қaзaқстaн эстрaдaсының белгілі әншiлерi орындaйтын тaнымaл әндердiң aвторы. Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Ескірмеген махаббат", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен тыңдайды.