ПОДЕЛИТЬСЯ
17 октября 2020 | 09:50
"Ерекше ұсыныс жасады". Танымал қазақстандықтар карантинде қайда демалды?
Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қатаң шектеу шаралары болды. Әдетте жаз мезгілінде шетел асып демалуды жөн санайтын қазақстандықтар бұл жолы шекарадағы шектеуге байланысты елден шыға алмады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қатаң шектеу шаралары болды. Әдетте жаз мезгілінде шетел асып демалуды жөн санайтын қазақстандықтар бұл жолы шекарадағы шектеуге байланысты елден шыға алмады.
Алайда 20 маусымда Қазақстан бірқатар елмен, оның ішінде, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия, Нидерланд, Мысыр, Украина және Ресеймен, ал 1 қыркүйекте Түркиямен әуе рейстерін ашып, қазақстандықтардың аталған елдерге саяхаттау мүмкіндігі туды. Оның ішінде, өнер жұлдыздары да бар. Танымал қазақстандықтар карантин кезінде қай елдерде демалды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім былтыр 25 қаңтарда оқырмандарына Махаббат есімді болашақ жарын көрсеткен болатын. Актер жары Махаббатпен заңды түрде некеге отырғаны туралы хабарды биыл қаңтар айында жеткізді. Бүгінде олар шетел асып, демалып жүр. Тәуекел мен Махаббаттың бұл жолғы таңдауы Мысыр еліне түскен.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ТАУЕКЕЛ МУСИЛИМ (@mussilim) 15 Окт 2020 в 5:58 PDT
Instagram желісінде 2,5 миллионға жуық оқырманы бар актриса Жания Джуринская бұл жолғы жазғы демалысын Түркия елінде достарымен және сүйіктісімен өткізген. Актрисаның бұл жолғы демалысы ерекше болған, себебі оған сүйіктісі Ыстамбұлдың еуропалық және азиялық бөлігін байланыстыратын Босфор көпірінде үйленуге ұсыныс жасаған болатын.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya) 13 Сен 2020 в 4:43 PDT
Джуринская оқырмандарының "Той қашанға жоспарлап отырсыздар?" деген сауалына карантин шараларына байланысты әлі белгісіз екенін, сонымен қатар, тойға келетін адам санын қысқарта алмай отырғанын жеткізген.
"Бастапқыда бұл кезең тойдан "құтылып кететін" жақсы кез деп ойладық. Бірақ Данияр маған: "той жасап, сені қалыңдық көйлегімен көргім келеді, билер, ата-ананың ақ батасы" деді және мен онымен келісемін. Карантин кезінде ешкімді ренжітіп алмай қалай той жасауға болады? Ұсыныстарыңыз бар ма? Соза бергіміз де келмейді... ол ойланып қалса тағы", - деп әзіл жазба қалдырған актриса парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya) 20 Сен 2020 в 6:53 PDT
Продюсер Баян Мақсатқызы да жары Тұрсын Алагөзовпен шекара ашылғаннан кейін қыркүйекте Түркияда демалып қайтты.
"Өзімді Сүлеймен Сұлтанның ханшайымы сезіндім", - дейді продюсер парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) 23 Сен 2020 в 6:14 PDT
Әнші Мадина Сәдуақасова да қыркүйек айында Мысырда болып қайтқан. Бұл жолы әнші ұлы және сіңлісімен демалып қайтқан. Әдетте саяхаттарға жолдасымен бірге шығатын әншінің бұл жолы жалғыз жүргенін байқаған оқырмандары олар ажырасып кетті деп ойлай бастаған. Оның үстіне Мадина Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойған.
"Көзіңізде бір мұң бар деп" соңғы кезде көп айтады маған... Оның себебі бар... Сол үшін де басқа жаққа кетіп қалғым келді... Египет керемет жер екен...", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina) 17 Сен 2020 в 8:00 PDT
Артынша БАҚ беттерінде әншінің ажырасып кеткені туралы хабар тараған болатын. Алайда Мадина Сәдуақасова бұл ақпаратқа қатысты ресми түрде әлі жауап берген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina) 20 Сен 2020 в 4:02 PDT
Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртастың таңдауы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласына түскен. Әнші кезекті демалысын отбасымен бірге өткізген.
Дубайда демалып қайтқан өнер жұлдыздарының бірі - "МузАрт" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов. Ол биылғы демалысын отбасымен, теңіздің жағасында өткізген.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Кенжик (@kenzhebekmuzart) 11 Окт 2020 в 7:30 PDT
Биыл Түркияда демалған отандық жұлдыздар көп. Солардың бірі - әнші Айдана Меденова.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от A i d a n a M e d e n o v a (@aidanamedenova_officialpage) 9 Окт 2020 в 1:01 PDT
Әнші жары Нұржанов Алишермен Түркияның көрікті жерлерін, оның ішінде, туристік аймақтардың бірі Каппадокия, Алания қаласы және Әулие София соборында болып қайтқан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от A i d a n a M e d e n o v a (@aidanamedenova_officialpage) 7 Окт 2020 в 5:30 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также