РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 февраля 2020 | 22:28

"Біз де алдандық". "Гарант-24 Ломбардты" жарнамалаған жұлдыздар мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық актерлер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант-24" директорларының ұсталуына және компанияның алаяқтық әрекеттеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық актерлер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант-24" директорларының ұсталуына және компанияның алаяқтық әрекеттеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, баршаңыздан осындай жарнамаға қатысқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз де сіздер секілді алдандық, бізді де алдап соқты. Бізді танысымыз арқылы жарнамаға шақырды, біз де жарнамаға түспес бұрын әріптестерімізден сұрадық. Олар тақтайшаға жазып бәрін көрсеткен. Системасын көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз", - деп түсіндірді жағдайды Асылхан Төлепов. 

Оның бауыры Артур Төлепов те "асып-тасып жүрмегенін" және пайызын көргеннен кейін қызыққанын айтады.

"Өз басым үйдегілерге айтып, біздің халыққа жақсы дүние шыққан екен, ақшамызды тапсырайық, барайық деп барлығын көндірген мен болатынмын. Біз де өздеріңіз сияқты салымшы болдық, мінекей", - деп құжаттарын көрсетті Артур.

Сондай-ақ, ағайынды Төлеповтер отбасынан 13 миллион теңге ақша шыққаны айтылады. 

"Бізге де оңай соққан жоқ. Интернет желісінде "Әртістерді жазалау керек", "Олар халықты сендіре білген" деп жатыр. Құрметті ағайын, біз де өздеріңіз секілді қарапайым азаматтардың біріміз, біз де жақсы жағына шыққымыз келген, үстінен ақша көргіміз келді. Сондықтан барлығыңыздан басымызды иіп, кешірім сұраймыз", - дейді олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)

Сондай-ақ, әнші Айқын Төлепберген де бұл компанияның жарнамасына түскен. Ол өз кезегінде өзі де алданып қалғанын мәлімдеді.

"Бұл компанияға ешқандай да қатысым жоқ. Сіздер секілді мен де алданып отырмын. Мені сол компанияға досым апарған. Қымбатқа көлік сатып немесе арзанға сатып ала аласың деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Олардың Қазақстанда филиалы көп екеніне көз жеткіздім. Келісімшарттарын көрдім. Көптеген көлік пен пәтер сатып алынғанын көрдім", - дейді ол.

Сондай-ақ, Айқын компанияның "ақша өткізіп, пайызын алып отыру" туралы жүйесін тіпті естіп-білмегенін айтты.

"Бұл жерді мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбатырақ сомаға өткізуге болатын деп ойладым. Мен өзіме бір арзандау көлік беретінін күттім. Алдандым. Енді досым да алданғанын айтып отыр. Бірнеше досым сол жақтан шын мәнінде арзанға көлік алған еді, қымбатқа сатқан достарым да бар. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім", - деп түсіндірді жағдайды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Еске салайық, бұған дейін Атырау, Павлодар, Ақтау, ШҚО, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталған. "Алаяқтық" және "қаржы пирамидаларын құру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети