РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 октября 2019 | 13:54

"БүйтуКерекЕд" немесе "Соған қарап", енді "Кірмей қала ма деп қорқамын". Хит әндердің авторы кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арғын Аусаров, Argoonya © instagram.com/argonyaa Арғын Аусаров, Argoonya © instagram.com/argonyaa

"Бүйту керек еді", "Қаламаймын", "Кірмей қала ма деп қорқамын" әндерін той-томалақта я интернетте естіген боларсыз, жастар арасында хит болып жүрген бұл әнді кім орындайтынын білесіз бе? Көпшілікке Argoonya лақапатымен танылған Арғын Аусаров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өнер әлеміне келуі, ресейлік әншілермен достығы туралы айтып, шығармашылық жаңалықтарын бөлісті.


"Бүйту керек еді", "Қаламаймын", "Кірмей қала ма деп қорқамын" әндерін той-томалақта я интернетте естіген боларсыз, жастар арасында хит болып жүрген бұл әнді кім орындайтынын білесіз бе? Көпшілікке Argoonya лақапатымен танылған Арғын Аусаров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өнер әлеміне келуі, ресейлік әншілермен достығы туралы айтып, шығармашылық жаңалықтарын бөлісті.

27 жастағы Арғын Аусаровтың музыкалық білімі жоқ. Ол - Екібастұз қаласының тумасы, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда тұрады. Техникалық мамандықты оқып шыққан ол КВН-ші, "Спарта" командасының мүшесі Данияр Жұмаділовпен топ құрыпты. Топтың атауы де ерекше - 3038. 

"Брат или брак" фильмінің 2-бөлімінде түскен белгілі актер Данияр Жұмаділовпен дуэт құрған әнші топтың ерекше аталу себебін түсіндірді.

"Топ 3038 деп аталады. Жыл сайын Түркия елінде өтетін Need For Fest фестиваліне барғанбыз. Ол жерде ресейлік жұлдыздармен қатар көптеген танымал әнші өнер көрсетеді. Біз биыл сол фестивалде 4-рет болдық. Түркияға өнер көрсетуге екінші жылы барған кезде тобымызда көп адам болғаннан кейін барлық жұлдызға нөмір беріп, бізге үлкен вилла берді. Себебі біз 10 адам болып бардық. Сол виллада өзіміздің шығарған әндерімізді айтатынбыз. Виллаға атақты жұлдыздардың бәрі жиналып, өнерімізді жақсы бағалады. Ризашылықтарын білдірді. Келесі күні бізді көрген жандардың бәрі бізді 3038 деп шақырады. Неге десек, біздің вилланың нөмері 3038 екен. Cол күннен бастап, тобымыз 3038 деп аталады", - дейді ол.

Аргуня мақсатым жұлдыз болу емес дейді. Әнші тек халықтың көңілінен шыққысы келетінін жеткізді.

"Өнер жолына кішкентай кезімнен келдім. Байқауларға 2-сыныптан қатыстым. Мектеп бітірген соң Еуразия Ұлттық университетіне түстім. Осында жүріп "Спарта" КВН командасының мүшелерімен таныстым. Дос болдым. Бірге кеңсе жалдап, той-бизнестен бастап, асаба болдым. Ұйымдастырушы, аниматор болдым. Музыкант әрі диджей болдым. Мен болмаған мамандық жоқ. Асабалықтан кейін әндер шығарып, осы жаққа бет бұрдым. Негізінен кішкентай кезімнен ән айтып жүрдім. Асаба болдым. Себебі асабалықпен көбірек ақша табуға болады. Қазір асабалықтан кейін эстрадада өнер көрсетіп, одан да көбірек ақша табамын. Осы бағытты да байқап көргім келеді. Бастаған ісім оңға басып келеді. Жұлдыз боламын деп ән жазбаймын. Әндерім халыққа ұнап жатыр. Ал халыққа ұнап жатқаны мені қуантады", - дейді ол.

Әнші тоймен шектелмей, түрлі шараларға да қатысады.

"10 жылдың ішінде той ғана емес, сахнаға да шықтық. Тойдан бөлек, концерттер де бар. Жасаған жобаларымыз бар. Конференциялар, көптеген іс-шараны ұйымдастырумен айналыстық. Көптеген шараларды жүргіздім. Тойларды да жүргіздім. Қаншама той басқардым. Қалада мені асаба ретінде таниды. Сонымен екі жақты да алып жүре береміз. Негізгі шығармашылық - сахна. Той - күнкөріс. Бір сөзбен айтқанда қара жұмыс. Ақша табудың қамы", - дейді ол.

Әнші өзінің "Соған қарап" әнінің тарихы YouTube-қа джингл жасаудан басталғанын жеткізді.

"Бір қонақүй ішінде бұрын студиям болған. Сол қонақүйде отырған кезімде әуендегі аккордтарды ұстап алып "Соған қарап жүрмін, соған қарап" деген сөздер ойыма келді. Студиямызға қарама-қарсы кеңсені де достарым - "Спарта" командасы жалдап тұрды. Қайырмасын да, аранжировкасын да жасадым. Балаларға көрсеттім. Бір күннің ішін де бәрін бітірдім. Достарыма тыңдата отырып, қатесін дұрыстадым. Қайта өңдедім. "Соған қарап" әні толығымен дайын тұрды. Кейіннен біз Семей қаласына гастрольдік сапармен бардық. "Спарта" тобы бар, бірақ Кеша (Еркебұлан Мырзабек - КВН-ші) болған жоқ. Кейін Еркебұлан Мырзабек хабарласып, YouTube-те "Бүйту керек еді" деген бағдарлама жасайын деп жатқанын айтты. Менен джингл жасап беруімді өтінді. Джингл - бағдарламаның саундтрегі секілді ғой", - дейді Argoonya.

Содан ол Еркебұлан Мырзабекке ән жазып беретінін айтыпты.

"Мен істеймін. Маған ақша төлемей-ақ қой. Бірақ мен өзімше істеймін. YouTube болса мен балағат сөз қосамын" дедім. Бірақ қатты балағат емес, еркелікке ұқсас сөз болатынын айттым. Ол келісті. "Соған қарап" әнін арнада жарияладым. "Соған қарап жүрмін, соған қарап" деген жерге "бүйту керек еді" деген жерін қостым. Солай Кешаға жібердім. Оған қатты ұнады. Осылай қалдырамын деді. Кейіннен барып ойландым. Мен шарт қойғасын, ол көнді деген ой болды. Жіберген жобамды алып тастадым. "Жақсылап ойланып оны бүйту керек еді" деп балағатсыз жібердім. Кеша неге алып тыстадың деп хабарласты. "Cенің түрің бар, халық таниды. Сөздің астында қалғаныңды" қаламадым дедім. "Балағатсыз жасап бергім келді" дедім. Еркебұланға бұрынғы нұсқасы керек болған. Кейін сол нұсқасымен жібердім. Балағат сөзбен "Соған қарап" әнін қосу керек болды. Екінші шумақты мен орындаймын. Бірінші шумағын қосамын. Осылай халыққа ән өтті", - дейді әнші.

Сонымен қатар, оның танымал әнші Бейбіт Қорғанмен соңғы шыққан әні тыңдарманның арасында қызу талқыланды. Әннің неге олай аталатынына әнші толық жауап берді.

"Бейбіт Қорғанмен шыққан әннің резонанс тудырып жатқаны - алдын ала көзделген мақсат. Негізі "Кірмей қала ма деп қорқамын" жай әннің мәтінінен жұлып алып, сөзді естігенде адам екіойлы болып қалады. "Неге кірмейді", "қайда кірмейді" деген сияқты. Сөздің тура айтылып тұрғаны, адамдардың жүйкесін түршіктіреді. Бірақ осылай көзделді. Бір сөзбен айтқанда - менеджмент, маркетинг. Егер де әнді көріп қалып, ұятсыз екен деушілер қызығушылық танытып тыңдаса, олар түсінеді. Бұл ән "хит-шеруге кірмей қала ма деп қорқамын" деген ойды білдіреді. Бұл жерде анайы ештеңенің жоқ екенін түсінікті. Бұл әнде опасыз айтылып тұрған дүние жоқ. Ән халыққа "кірмей қала ма", "хит парадқа кірмей қала ма", "ән радиоға кірмей қала ма" - осындай мағынада айтылып тұр. "Тыңдарманның жүрегінен орын алмай қала ма" дегенді меңзеп тұр. Сол ән ойымда жүрген кезде Бейбітпен таныстық. Өте аққөңіл, жүрекке жағымды адам болып шықты. Шын жүрегімен қабылдады. Өзім ұсыныс жасадым. Ол келісті. Бейбіттің студиясында жаздық. Халыққа ән "кірген" сияқты" , - дейді ол.

Әншінің сөзінше, барлық әуенін тыңдағандар нақты бір жанрды айта алмаған.

"Әндерімде регги де бар, поп та бар, дип-хаус, хип-хоп та бар. Джаздың да кейбір аккордтары бар. Сондықтан ортақ жанр жоқ. Біз өзі Данияр екеуміз айтатынбыз. Бізде жаңа жанр. Жанрымыз - смузи. Жаңа жанр. Жаңа стиль. Жанрымызды тыңдарман ерекше дейді. Расымен ерекше болса, біздің көздеген мақсатымыз жүзеге асты" , - дейді 3038 тобының әншісі.

Орындаушы бүгінге дейін шыққан барлық әнін жинақтап, альбом дайындап жатқанын айтты.

"Жаңалық өте көп. Әндер жазылып жатыр. Қазір Бейбітпен жазған әнді қостым. Данияр Жұмаділовпен жазған әндерді қосып, өзімнің жеке әндерімді қосып, бір альбомге жинақтап, Apple Music желісіне жүктейміз. Айзатулла Хуссейнмен бірігіп Ozenxo лейблі осы іспен айналысып жатыр", - дейді әнші.


Суреттер Арғын Аусаровтың парақшасынан © instagram.com/argonyaa

"Әндердің бағытының ерекше болуы толығымен авторлық шығармашылықтың болуы. Аранжировкасын жазған кезде өзім қатысамын. Партияларды өзім қараймын. Қай жерде аранжировканың бағыты болуы тиіс, оны да өзім біліп тұрамын. Сөзін де, әнін де өзім жазамын. Сондықтан бұл авторлық шығармашылық ішінде индивиуал шығармашылық. Жұмыста ерекшелік көрініп тұрады. Халықтың ерекше қабылдап жатқаны маған ұнайды. Ең басты менің мән беретінім - әннің сөзі және қарабайыр болмауы. Ішінде айтатын әңгімесі. Әңгіменің түйіні осындай нәрселерге мән беремін. Сөз жазған кезде, сөздің дыбысталуы болады. "Кірмей қала ма деп қорқамын" дегенде ағылшын тіліндегі өлеңдерді тыңдасаңыз, аудармасын білмесек те, айтып жүреміз. Дыбысталуы мида қалып қояды. Дыбысталған соң сөздің өзі аспап болып ойнап тұрады. Сол себептен әндерді жақсы қабылдаймыз. Өлеңнің мағынасын білмесек те, айтып жүреміз. Менің көздейтін мақсатым сол. Тіпті қазақша білмейтіндер тыңдаған кезде, құлағында қалып қойғанын қалаймын", - дейді Argoonya.

Сөз соңында әнші бүгінгі заманға сай әннің хит болу жолдарын ұсынды.

"Хит болу үшін ең бастысы ән жүрекпен жазылуы керек. Өтірік ән болмауы керек. Бірақ маркетинг бойынша, инфо себеп жасап алып, өздерінің шынайы бет-бейнелерін көрсетіп жатқан әншілер де бар. Оларды қате істеп жатыр деп айта алмаймын. Мәселе балағат сөзде емес, ол - мәдениетсіздіктің белгісі. Бірақ қазір хайптың заманы болып кетті. Заман бәрін өзінің дегеніне көндіреді. Белгілі бір резонанс тудырасың, ол инфосебеп болды делік. Сол кезде сенің бір жақсы дүниең дайын тұрса, толқынмен жібере қоясың. Халықтың көңілінен шығатын әдемі шыққан таза бір дүниеңіз дайын тұрса, онда осындай жолға баруға болады. Барлығын шулататын ән беріп алып, соның ізімен екінші әнді беруге болады. Бірақ әндеріңіз өзіңіздің көздеп тұрған салаңызға лайықты болуы керек деп ойлаймын", - дейді ол.

Дайындаған: Гүлбақыт Жанұзақ

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети