02 сентября 2020 | 13:04

"Бірінші атаман болдым" - танымал қазақстандықтардың мектеп кезіндегі суреттері

1 қыркүйек - Білім күніне орай көптеген танымал қазақстандық желідегі парақшаларында мектеп оқушысы кезіндегі суреттерін бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі жұлдыздардың әлеуметтік желіде жарияланған мектеп кезіндегі суреттерін ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қыркүйек - Білім күніне орай көптеген танымал қазақстандық желідегі парақшаларында мектеп оқушысы кезіндегі суреттерін бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі жұлдыздардың әлеуметтік желіде жарияланған мектеп кезіндегі суреттерін ұсынады.

Марат Оралғазин

Реклама
Реклама

Танымал әзілкеш, шоумен Марат Оралғазин 1984 жылы 27 сәуірде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. 

"1 қыркүйек! Өзгеріс бар ма? Қанша жыл бұрын бірінші классқа бардыңыз? Осындай фотоларға тоямыз бүгін", - деп жазды әзілкеш парақшасында.

Дильназ Ахмадиева

Биыл наурызда алғаш рет ана атанған Дильназ Ахмадиева өнерлі отбасында дүниеге келген. 4 жасында "Сиқырлы алма" фантастикалық балалар фильміне түскен. 1993 жылы Дильназ Ахмадиева Алматыда алғаш үлкен сахнаға шыққан. 

"Маған олардың өмірінде не болып жатқаны қызық. Менің сыныптастарым, менің достарым! Кім не істеп жүргенін айтыңдаршы, барлық сыныптасымның басын қосқым келеді... Рақмет, 8-мектеп, ностальгия", - дейді әнші парақшасында. 

Қайрат Түнтеков

Бұл - көпшілікке Super Star KZ жобасы арқылы танылған әнші Қайрат Түнтеков. 

"Мерекелеріңізбен, достар. Бәріміз іштей оқушымыз ғой", - дейді әнші парақшасында. 

Димаш Құдайберген 

Бұл бүгінде тек Қазақстанға емес, сондай-ақ бүкіл әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Ақтөбе қаласындағы №32 гимназиядағы 1-сыныпқа қадам басқан кезі. 

"2, 3, 4 деген баға алатын балалар, жаман балалар, деп ойлайтын кезім. Мектепте ұнатып қалған қыз үшін ұлдармен төбелесетін кез ғой! Бақытты балалық шағым үшін: ата-анама, мектебіме, ұстаздарыма рақмет! Ностальгия", - деп жазған әнші жариялаған суретінің сипаттамасына.

Әсел Сағатова

Бұл актриса Әсел Сағатованың ағасы және анасымен түскен суреті. Ол "Махаббат тәлкегі", "Рекетир", My love is Aisulu деген секілді фильмдерде басты ролдерде ойнаған. 

Сәкен Майғазиев

Бүгінде бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған әнші Сәкен Майғазиев 1975 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданында туған. Отбасындағы он баланың тоғызыншысы. Әнші "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына мектепте бірінші атаман болғанын айтқан. 

"Мектептің кезінде де көп төбелестім, бірінші атаман, екінші атаман болдым деген секілді. Көшбасшы болдым, спортпен де шұғылдандым, ән де айттым, қоғамдық жұмыстарға араластым, жақсы да оқыдым", - дейді әнші.  

Әсел Сәдуақасова

Өнер жолын "Дауыс International" тобынан бастаған әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова қазіргі уақытта түрлі фильм түсіріп жүр. Оның ішінде, "Замуж в 30", "Адель", "Жена не стена", "Келинка тоже человек", "5 причин не влюбиться в казаха (2017)" және тағы басқасы.

Төреғали Төреәлі

Бұл әнші Төреғали Төреәлінің бірінші сыныпты бітірген кезіндегі суреті көрінеді.

"Бірінші сыныпты беспен бітірдім ғой мен", - деп жазба қалдырған екен әнші. 

Қарақат Әбілдина

Танымал әнші Қарақат Әбілдинаның айтуынша, бұл шамамен 5-6 жасындағы кезі. Алматы қаласында түскен. Айта кетейік, бүгін жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның алтыншы балалары өмірге келгені белгілі болды. 

Ақан Сатаев

Бұл белгілі режиссер Ақан Сатаевтың бастауыш сыныпта оқып жүрген кезі. 

"Ол кездегі ұран "Оқы, оқы және оқы" болатын. Барша оқушылар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын", - дейді режиссер.

Айбек Жансейітов

Бұл көпшілікке "Бүркіт" лақапатымен танылған әнші Айбек Жансейітовтің әкесімен түскен суреті.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram