ПОДЕЛИТЬСЯ
03 января 2020 | 18:39
"Байдың балалары" шынымен олигархтың ұлдары ма? Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
"Байдың балалары" жобасының мүшелері Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Байдың балалары" жобасының мүшелері Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Байдың балалары" командасы 2015 жылы құрылған. "Жайдарман ойындары - 2018" жоғарғы лигасының жеңімпазы. Таяуда ғана жеке жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы кешін өткізді.
Қонаққа келген Нұрым, Ұлан, Наурыз "бай балалары" қандай болады деген сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, олар "Байдың балалары" атауы қайдан шыққанын, кімдерге еліктейтінін және көңілді тапқырлар клубындағы ойыншылар мен футболшыларды салыстырды.
Қонақтар "Байдың балалары" неліктен ҚТӘ-да (көңілді тапқырлар клубы) ойнамайды деген сұраққа жауап берді.
"Елордада жиі боламыз, сабаққа әсер етпейді емес. Бірақ мұғалімдер барынша түсіністікпен қарады. Ұлан бір жылы ақылы оқып, сосын осы КТК ойындарында танымал бола бастағаннан кейін грантқа ауысты. Көбіне мұғалімдер аса қатты жақтыра бермейді, болмашы дүние деп қабылдайтын сияқты. Салыстырмалы түрде Өзбекстан мен Қырғызстандағы КТК ойындары бізден 10 жылға қалып қалған десе болатын шығар. Әлі күнге дейін бір құлап қалып, соны теуіп жатса, соған ду күледі", - дейді топ капитаны Нұрым Досболов.
Сонымен қатар, олар Шымкент пен Нұр-Сұлтан тұрғындарын салыстырды.
Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram, Twitter және Telegram желісінде.
Показать комментарии
Читайте также