РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 июля 2020 | 10:59

"Бәрі ақылды!" Айқын Төлепберген тойға тыйым салуға қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 1 маусымда бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты той жасауға екі жылға тыйым салуды ұсынды. Бұл елімізде тойға тыйым салу туралы айтылған алғашқы ұсыныс емес. Бұған дейін ақтөбелік филолог, саясаттанушы Оралбек Өтеғұлов та елімізде тойға бес жылға мораторий жариялауды ұсынған болатын. Алайда бұл ұсынысқа әнші Айқын Төлепберген қарсы шықты. 


Кеше, 1 маусымда бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты той жасауға екі жылға тыйым салуды ұсынды. Бұл елімізде тойға тыйым салу туралы айтылған алғашқы ұсыныс емес. Бұған дейін ақтөбелік филолог, саясаттанушы Оралбек Өтеғұлов та елімізде тойға бес жылға мораторий жариялауды ұсынған болатын. Алайда бұл ұсынысқа әнші Айқын Төлепберген қарсы шықты. 

"Дүниежүзілік пандемияға байланысты қазіргі жағдай бір емес, ДДҰ болжамы бойынша, 2022 жылға дейін созылайын деп тұр. Бұл пікірмен көптеген ғалым келісіп отыр. Егер адамдар жаппай ауыратын болса, ешбір елдің денсаулық сақтау жүйесі мұны көтере алмайды. Егер қызметкер жұмысқа адам көп жиналған үйлену тойы, мерейтойдан келетін болса, одан ешкім қорғана алмайды", - деді Саин.  

Одан бөлек, Аружан Саин халық той жасауға қыруар несие алатынын, ал пандемияға байланысты экономикалық дағдарыс кезінде оны төлей алмауы мүмкін екенін атап өтті.  

Алайда әнші Айқын Төлепберген бұл мәселені "көбіне орыстілді тәрбие көргендер қозғайтынын" айтады. 

"Неге бұл мәселе дәл қазір көтеріліп жатыр? Басқа шешілмеген мәселелер жоқ па? Әрине қазір той тойлайтын заман емес. Бірақ бұл карантин де бітеді ертең. Сонда не болады? Байқасаңыздар, көбіне тойға тиісетін және тойды бос әуре санайтындар, орыстілді тәрбие көріп өскендер. Оларды да түсінуге болады. Олар той дегенді тек "үйлену тойы" деп қарастырады. Тойды тек, мейрамханадағы отырыс ретінде қарастырады. Қайдан білсін, тойдың "болғанынан, боладысы" қызық және тұнып тұрған салт-дәстүр мен дайындық екенін", - дейді әнші. 

Сондай-ақ Айқын Төлепберген шенеуніктердің азаматтардың жеке ісіне араласуға құқығы жоғын айтты.

"Тойға шектеу қоюларымен тойдырды! Бәрі ақылды! Шенеуніктердің "тыйым салуды ұсынғандарға қатысты) азаматтардың жеке бюджетіне, жеке ісіне араласуға қандай құқығы бар? Тойға тыйым салуды ұсынғандар - популист! Проблеманы тапқан екен, иә, мемлекеттік бюджет арқылы жасалатын тойларға уақытша шектеу керек. Тойға тыйым салғанымен бәрі жақсы болып кетеді деп ойлайсыздар ма? Қателесесіздер. Жұрттың қалтасына бас сұқпай, басқа да проблеманы шешу керек", - деп, әнші ол нақты қандай мәселелер екенін айтты:

"Біріншіден, қанша адам жұмыссыз қалатынын ойладыңыздар ма? Мейрамхана - ол тек айсбергтің ұшы. Даяшы, аспаз, техқызметкерлер, ивент-ұйымдастырушылар, әртістер, бишілер, әншілер тағы да басқа. Оның бәрінде несие бар. Кредит алып салынған қаншама мейрамхана бар. Олар не істеуі керек?", - дейді әнші. 

Сонымен қатар, Айқын "халық той үшін несие алып, оны төлей алмай жүреді" деген сөзбен келіспейтінін жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

"Кез келген банктің мәліметтер базасын ашып қараңызшы. Көбіне адамдар несиені телефон, техника алуға, оқуы және басқа да қажет заттар үшін алады. Соңғы орында - той жасау үшін. Оның өзінде, артынан туыстары оны жауып беруге көмектеседі. Онда несиеге тыйым салайық? Несие ала алмайтындар мерейтойын есік алдында жасайды! Ал мейрамханада жасайтындар жағдайы жақсырақ адамдар. Олардың несие алмайтыны сөзсіз!", - дейді Айқын Төлепберген. 

Әнші "той жасау - құры ақша шашу" деген пікірмен де келіспейтінін айтады. 

"Онда ақша шашпай-ақ қойыңыз, бірақ жағдайы келетін адамдарға тыйым салудың не қажеті бар? Оған қандай құқығыңыз бар? Бұл әсіресе "көреалмаушылық - мен жасамаймын, сен де жасама" дегенге сайып келеді", - дейді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та "қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе бет келгенімізді" айтқан. 

"Қазір "Тойың тойға ұлассын" деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек", - деген еді Президент. 

"Өте қиын болайын деп тұр". Асабалар тойға мораторий жариялау туралы ұсынысқа пікір білдірді

Еске салайық, Қазақстанда 2 шілдедегі мәлімет бойынша, жалпы 42 574 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде, 14 059 адам аурудан айықса, 188 адам қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети