РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 апреля 2021 | 13:41

"Әрең қаратып алғанбыз". Танымал қазақстандықтар жарымен қалай танысқан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

15 сәуір - "Қозы Көрпеш, Баян Сұлу" күні. Қазақстанда бұл ғашықтар күні деп саналады. Мерекеге орай Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі шоу-бизнес жұлдыздары жарымен қалай танысқанын баяндайды.


15 сәуір - "Қозы Көрпеш, Баян Сұлу" күні. Қазақстанда бұл ғашықтар күні деп саналады. Мерекеге орай Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі шоу-бизнес жұлдыздары жарымен қалай танысқанын баяндайды.

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні: Тарихы, бүгіні және ертеңі

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман 

Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей мен жары әнші Бақыт Тұрман - Атырау қаласының тумалары. Екеуі де бір мектепте оқыған. 1996 жылы Атырауда дарынды балаларға арналған кіші өнер академиясының мектебі ашылған. Академияда облыстағы дарынды балалар жиналған. Бақыт Тұрман осы мектепке директорлардан шақырту алған екен. 

"Сол кезде көп жігіт көңіл бөлетінін байқайтынмын. Қасымдағы досым Еркебұланның плейері бар, құлаққабы бар. Сонымен Бақыттың көңілін аулап алатын. Менде дым жоқ, жынданып қайтасың", - деп еске алды актер "Той жыры" бағдарламасында. 

Күндердің бір күнінде Қайрат Әділгерей бар күшін жинап, Бақыт Тұрманға сөз салады. Әнші келісімін беріп, екеуі сөйлесіп жүреді. Алайда біраз уақыттан кейін айырылысып кетеді. Сөйтіп екеуі мектеп бітіргеннен кейін бірі Алматыға, бірі астанаға оқуға түсіп, кетіп қалады. 

"Бақыт Алматыға оқуға түсуге келген кезде мен оқуды бітіріп жатқанмын. Бірақ жазда бітіруші болып келіп жүрген кезде көмектесіп жүрдім. Анам "оқуыңды бітірдің, ауылға келіп жұмыс істе" деді. Екі ойлы болдым. Ауылға кетіп қалсам не болатынын ойладым. Сосын Бақыттан бір шешім айтуын сұрадым", - дейді актер. 

Осылайша біраз жүргеннен кейін жұлдызды жұп 2006 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kairat (@kairat_adilgerey)

Кенжебек Жанәбілов пен Жәмилә Жанәбілова 

"МузАрт" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов пен жары Жәмилә екеуі бүгінде екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Ал әншінің өзі отбасындағы 18 баланың кенжесі. Кенжебек Жанәбілов 2007 жылы шаңырақ құрған. Әншінің айтуынша, ол жарымен отбасылық кеште танысқан.

Бастапқыда әнші топқа келгеннен кейін топ мүшелеріне бес жылдан кейін үйленемін деп уәде берген екен. Ал жары Жәмилә ол кездері Кенжебекті әнші ретінде танымаған. Екеуі танысқаннан кейін "бес жылдан соң үйленемін" деген әнші топқа келгеннен кейін үш жылдан кейін шаңырақ көтерген. 

"Мен "үйленейік, үйіңдегілер қарсы болмай ма?" деп сұрадым. Ол кезде анасы ауыр хәлде жатты. Анасы дүниеден озғаннан кейін бір жылдан соң қолынан ұстап, алып кетіп қалдым", - дейді әнші "Той жыры" бағдарламасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кенжик (@kenzhebekmuzart)

Сәкен Майғазиев

"МузАрт" тобының тағы бір солисі Сәкен Майғазиев "әншілердің ішінде жар таңдауда жолым болған жігітпін деп есептейтінін" айтады. Ол жары Динарамен республикалық эстрада цирк колледжінің қабырғасында танысқан. 

"Колледжге тапсырғаннан кейін бір жылдан кейін Динаралар келді. Жоғары курстың жігіттері болып, адамдарды бір-бірімен табыстырып, алтын көпір болып жүрген кезіміз. Бөлмеге барып, отырған кезде Динара кіріп келді. Алла бір белгі береді ғой, шынында "адал жар болуға лайық қыз шығар" деп ойладым. Бірінші көзіне ғашық болдық, сосын таныса келе өзіне ғашық болдық. Бір ай күттіріп, сөзін бермей, әрең қаратып алғанбыз", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Нұрлан Қоянбаев пен Айгерім Қоянбаева

Танымал әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаев жары Айгеріммен 2004 жылы танысып, 2008 жылы шаңырақ көтерген. 

"Мен ол кезде ұлттық аграрлық университетте проректордың көмекшісі болып жұмыс істеп жүргенмін. Сол кезде Айгерім бірінші курсқа оқуға түседі. Мен мұғалім емеспін, проректордың көмекшісімін. Мен ол кезде КВН ойнап жүрдім. Айгерімдерде бірінші курс студенттерінің кеші болды. Ол мерекеге өзім жауапты болдым. Сол кезде бірінші таныстық.

Одан кейін Алматыдағы мейрамхананың бірінде кездесіп қалдық. Сол кезде жақынырақ таныстық. Бірақ ол кезде ұялы телефон жоқ. Үй телефонын алып, бірақ бір аптадан кейін кездестік", - дейді актер "Астарлы ақиқат" бағдарламасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан?? #шиелі (@nurlankoyanbayev)

Жүрсін Ерман мен Бақытжамал Ерманова

Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жары Бақытжамал Ермановамен мектепті бітіре салысымен танысқан екен. 

"Бір-бірімізді бойжеткен мен бозбала кезімізден білеміз. Бақытжамалдың жездесі Боздақ деген ауылда тұратын. Сол жерге менің туған ағам мал дәрігері болып барды, бірде ауыл шаруашылығы қызметкері күні болды. Кеш жасайтын едік. Сол кезде ұнатып қалдым. Мен өзім алыс ауылда өскенмін. Біздің ауылдан мұндай сұлу қызды көрмеген едім. Көріп, есім танып, қыр соңынан қалмай қойдым. Бұл қыз да мойын бұрмай, қашқалақтап жарты жыл ма, бір жыл ма жүрді. Естайдың сөзімен айтсақ, "51 жыл ғашық болдым мен саған, 51 жыл өмір сүрдім ендеше", - дейді Жүрсін Ерман "Түнгі студия" бағдарламасында. 

Фото: Qazaqstan

Кентал мен Милана Кенжеболатова

"Кентал" лақапатымен белгілі Талғат Кенжеболатов жары Миланамен 2018 жылы танысқан. Әншінің жары Милана Талғатпен қалай танысқанын Instagram желісіндегі парақшасында жазған. Милана алғаш оқуға түскен жылы Сабина есімді қызбен танысып, құрбы ретінде жақсы араласып кетеді. Бірде Сабина тұрмысқа шығатынын айтып, Милананы тойға шақырады. Тойға Кентал келетінін де айтады, алайда ол кезде Милана Талғаттың кім екенін білмеген екен. Бірақ Милана тойға бара алмаған.

"Бір айдан кейін, сабақтан қайтып келе жатсам, Сабина хабарласып, Кентал менімен танысқысы келетінін айтты. Мен ол кім екенін сұрасам, "Мен саған айтып едім ғой, қазақстандық әнші және менің күйеуімнің досы" деді. Жасын сұрап едім, 31-де екенін айтты, қатты таңғалдым. Себебі ол кезде жасым 17-де болатын", - дейді Милана. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Milana Kenzhebulatova? (@kenzhebulatova_m)

Тоқтар мен Бейбіт

Жұлдызды жұп "Нұр-Мұқасан" тобының 10 жылдық кешінде танысқан. Алғаш Тоқтар Бейбітті сол концертте сахнада өнер көрсетіп тұрған кезінде көрген екен. 

"Содан кейін кездесіп, сөзіміз, әңгімеміз жараса кетті. Алғашқыда аға-қарындас ретінде керемет сыйластық болды. Сыйластық уақыт өте келе махаббатқа ұласты. Басында дос болдық. Содан кейін қос ғашыққа айналдық. Шамамен 20-21 жыл бұрын таныстық қой", - дейді Бейбіт Сейдуәлиева "Таңғы студио" бағдарламасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бейбит Сейдуалиева (@toktar_beibit)

Асылхан Төлепов пен Айсұлу Нарымбекқызы

Актер Асылхан Төлепов пен Айсұлу Нарымбекқызы тойда танысқан. Актердің жарының Instagram желісіндегі жазбаға сүйенсек, олардың танысуына Айсұлудың інісі себеп болған. 

"Той басталып та кетті. Бір кезде құдаларды шақырды. Сол кезде арасында кім жүр дейсіз ғой? Дұрыс! Жаужүрек мың бала. Осы кезде жүрек тоқтап қала жаздады. Жоқ менің емес, інімнің. Ол бар даусымен "Няня, Сартай жүр ғой!" деді. Антрактіге дейін інім Сартаймен суретке түскісі келетінін айтып, жанымнан қалмады. Мен келісіп, Асылханның жанына барып, қисынсыз бір-екі сөз айттым. Ол мені қылымсып тұр деп ойлады. Бірге суретке түсуді сұрадым. Ол келісіп, қасыма тұрды. Мен өзіммен емес, ініммен түсуін өтіндім. Ол оны құшақтап, суретке түсті", - дейді Айсұлу. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ???????????? (@ai__sulu)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети