РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 июня 2020 | 10:39

"Әншілердің басқа табысы жоқ". Рамазан Стамғазиев тойға тыйым салуға қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото svadebnyisalon.com сайтынан Фото svadebnyisalon.com сайтынан

Қазір желіде Қазақстанда тойға тыйым салу ұсынысы қызу талқыға түсіп жатыр. Отандық журналист тойға бес жыл мораторий жариялап, сол арқылы басқа салаларды дамытуды ұсынған. Тойда өнер көрсету үшін көп қаражат сұрайтын әншілер де сынға ұшыраған. Tengrinews.kz тілшісі мамандармен сөйлесіп, осы ұсыныс туралы пікірін білді.


Қазір желіде Қазақстанда тойға тыйым салу ұсынысы қызу талқыға түсіп жатыр. Отандық журналист тойға бес жыл мораторий жариялап, сол арқылы басқа салаларды дамытуды ұсынған. Тойда өнер көрсету үшін көп қаражат сұрайтын әншілер де сынға ұшыраған. Tengrinews.kz тілшісі мамандармен сөйлесіп, осы ұсыныс туралы пікірін білді.

"Әншілер халықтың қалтасынан ақша суырып жатқан жоқ"

Әнші, педагог Рамазан Стамғазиевтің айтуынша, дүние жүзіндегі дәл қазіргі жағдайда той өткізбеген орынды. Бірақ халыққа бес жыл бойы тойлама деуге болмайтынын айтады.

"Дәл қазір, коронавирус өршіп тұрған, ел қорқып жүрген кезде ауруды таратпау үшін уақытша тыйым салу орынды. Бұл тек елдегі эпидемиялогиялық жағдайда. Бұл ұсыныстың екінші ұшы да бар. Қазақ кішкентай ғана қуанышын бүкіл елмен бөліскенді құп көреді. 500-1000 адам шақырмаса да, 20-30 адаммен тойлай береді. Үйіне он адам, жиырма адам шақырса да, отбасының кіші қуанышын атап өткені дұрыс. Тойға тыйым салмау керек", - деді әнші.

Сонымен қатар, Рамазан Стамғазиев мұндай мораторий қабылданса, әншілерге қиын болатынын жасырмайды.

"Мен қазір педагогпін, жұмысым бар. Консерватория, академия, колледжде жұмыс істеймін. Негізгі табысым - сол. Ал енді той-томалақпен жанын бағып, күнделікті тіршілігін істеп жүрген әншілер үшін әрине бұл қиындық. Олардың одан басқа табысы жоқ қой. Көбі ғылыммен айналыспайды, педагог емес. Жеке концертімен, той-томалақпен жанын бағып жүр", - дейді Стамғазиев.


© instagram.com/ramazan_stamgaziyev

Сондай-ақ, желіде тараған ұсыныста әншілердің той жасаған адамнан қыруар қаржы сұрауы сынға алынған.

"Әншілер халықтан көп ақша сұрайды дейді. Олар той жасап жатқан адамның қалтасынан суырып алып жатқан жоқ қой. Келіспей тұрған әншіні шақырмайды, демек, шамасы жетеді. Жағдайы жақсы адамдар ғана шақырады. Біз де кез келген тойдан ақша алмаймыз. Алпыс апаңның, жетпіс жездеңнің таныстары бар дегендей. Дос, туыс, әріптес ретінде көмектесіп жатамыз. Әртістер халықтың ақшасын құлқынынан кесіп тартып алып жатқан жоқ. Шақырған соң, барады", - дейді ол.

Рамазан Стамғазиев тойға шығып тұратынын айтады. Бірақ нақты гонорарын айтқан жоқ. Тек "елдің баласы секілді бәлембай миллион деген сияқты "ставка жоқ менде" деп қысқа қайырды.

"Ешкім жақсылыққа тыйым сала алмайды"

Энограф Болат Бопайұлы да қазіргідей эпидемиялық жағдайда ғана той жасауға тыйым салынғаны дұрыс деп санайды. Ал қалған уақытта қазақ кез келген қуанышын тойға айналдыратынын айтады.

"Бес жыл той жасауға тыйым дегенді естідім. Мұны коронавирус жағдайына байланысты қылса орынды. Аурудың ошағы қайнап, ел басына қауіп төніп, ұрпақтың келешегіне зиян келсе, әрине, той жасамаған дұрыс. Бірақ мұндағы ұсыныстың пандемияға қатысы болмай тұр. Той - халықтың қазынасы. Жігіт ер жетпей, қыз бой жетпей болмайды. Қазақ - тойшыл қауым. Сырға салу, тұсау кесу, тілашар секілді қуаныштың өзін қазақ той қылып өткізеді. Ондай қуаныштар қонақсыз өтпеген", - дейді Болат Бопайұлы.


© elements.envato.com 

Этнографтың айтуынша, тойға тыйым салу мүмкін емес.

"Той салты, дәстүрі - қазақтың өмір тіршілігі. Тойды қазақ жақсылық жаршысы деп атаған. Оның үлкен-кішісі жоқ. Байлар тойды ұлан-асыр қылып жасайды. Кедейлер шағын қылып өткізеді. Көп адам шақырмай, көрші-қолаңды шақырудың өзі бір той", - дейді ол.

Бірақ Болат Бопайұлы той жасап бәсекеге түсудің дұрыс емес екенін айтады.

"Той келген қонақ, сойылған малдың санымен өлшенбейді. Әркім көрпесіне қарай көсіледі. Тойды бәсекеге салудың, сол үшін кредит алудың керегі жоқ. Әл-ауқатына қарай тойлаған жөн. Бірақ ешкім қазаққа той жасауға тыйым сала алмайды деп ойлаймын. Қазақ ежелден жақсылыққа тыйым салмаған", - деді этнограф.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети