РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 апреля 2021 | 16:18

Әншілер Алматыда карантин кезінде болған тойға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Әншілер Алматыда карантин кезінде болуы мүмкін тойға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әншілер Алматыда карантин кезінде болуы мүмкін тойға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, әлеуметтік желілерде бірнеше өнер адамы, оның ішінде: Роза Рымбаева, Айдана Меденова, Жанболат пен Жазира, Сәкен Майғазиев қатысқан той видеосы тараған болатын. Видеодан әншілер үйлену тойында өнер көрсеткенін байқауға болады.

Желі оқырмандары той карантин уақытында болған деп топшылаған. Оны оқырмандар Сәкен Майғазиев жастарға айтқан тілегінен аңғарған. 

"Жаман індет жерге енсін. "Сәуір болмай, тәуір болмайды" дейді. Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші", - дейді әнші видеода.

Tengrinews.kz тілшісі тойдың нақты қай уақытта болғанын білу мақсатында әншілердің өзімен байланысқа шыққан болатын. Роза Рымбаева той шамамен бір ай бұрын болғанын, ол тойға жай құттықтап барғанын айтады.  

Ал Айдана Меденованың өкілі "бұл бұрынғы видео болуы мүмкін екенін" айтады. 

"Ескі видео шығар, білмеймін, бір жерден шыққан шығар. Ешқандай пікір білдіре алмаймын", - деді әншінің өкілі.  

Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы қазіргі уақытта осы тойға қатысты тексеру жүргізіп жатқанын мәлім етті.

"Қазір мекеме әкімшілігімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Видео мұрағатынан іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәлімет алынады", - деп хабарлады мониторинг тобының өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети