РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 декабря 2019 | 09:53

Әнші Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін екінші баласын босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhazira_bairbekova © instagram.com/zhazira_bairbekova

Жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров 22 жылдан кейін екінші перзентін сүйді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров 22 жылдан кейін екінші перзентін сүйді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сүйінші хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 


© instagram.com/zhazira_bairbekova

"Бірнеше ай бұрын отбасымызда болған қуанышымызды бөлісуге әкемізден бүгін рұқсат алдық!", - дейді әнші жазбасында. 

Жұлдыздың үлкен ұлы Қазбек Қожахметовтің айтуынша, сәбидің есімін Дара деп өзі қойған. Бұл туралы да Қазбек Instagram желісіндегі парақшасында айтқан. 

"Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін.

Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше - Дара атқа ие болды!", - дейді әншінің ұлы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар???????????? Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше-Дара атқа ие болды! ????????????‍????‍????‍????????????????????❤️

Публикация от Kᴀᴢʙᴇᴋ Kᴏᴢʜᴀᴋʜᴍᴇᴛᴏᴠ???????? (@ikazeke)


© instagram.com/zhanbolat_erbatyrov

Жұлдызды жұпты құттықтап әнші Салтанат Бақаева, Динара Қырықбаева, Мадина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова және Қарақат Әбілдина жылы лебіздерін білдіріп, пікір жазған.

Айта кетейік, Жазира мен Жанболат 1996 жылы 7 маусымда шаңырақ құрған. Олар Жазира бірінші курс, Жанболат екінші курс студенті болып жүрген кезде танысқан. Алғашында аға-қарындас ретінде араласып жүрген. Артынша олардың таныстығы махаббатқа ұласқан.

"Үйде көкем деп атаймын". Қазақстандық танымал жұптардың махаббат хикаясы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети