РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 ноября 2019 | 20:09

Анамды көндіре алмадық: Мереке мен Арсен үйленер алдында туған қиындықтары жайлы "The Эфир" бағдарламасында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі жұп, "Тек қана қыздар" телесериалының бас кейіпкерлері Арсен мен Мереке Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі жұп, "Тек қана қыздар" телесериалының бас кейіпкерлері Арсен мен Мереке Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұxбат барысында олар қуанышты жаңалықтарын бөлісіп, Мерекенің жүктілік кезеңі қалай өтіп жатқанын әңгімелеп берді. Сонымен қатар, олар жас аралықтарына байланысты туыстарының не ойлағанын айтты.

"Екеуміз жақтан да туыстардан ондай әңгімелер болмады. Қазір, Аллаға шүкір, бір жарым жыл болды ма? Бір сөз естіген жоқпыз. Мен жақтағылар басында қарсы болды дедім ғой. 1992 жылғы інім дұрыс емес деп қабылдады. Менімен сөйлеспей қойған кездері де болды", - дейді Мереке.

Мерекенің сөзінше, алғашында оның анасы Арсен екеуінің маxаббатына күмән келтірген екен. Тіпті олардың шаңырақ құруына қарсы болған.

"Бірақ анам өз ойын айтып тұр ғой. Сен жас баланың өмірін құртасың деді. Ертең қанша әңгіме болады. Маманың ең қатты уайымдарының бірі - Арсеннің Аралдан екені. Түрің әбіржіп кетеді деп тұр ғой жалпы (...) Ана болғаннан кейін сол екен ғой, әр нәрсені ойлап", - дейді Мереке.

Сұxбат барысында Арсен Мерекенің қылықтарын ұнатып қалғанын айтты.

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар. Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети