РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 августа 2020 | 16:32

"14 жас үлкен". Карантинде жұбын тапқан танымал қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың карантин режимінде өмір сүріп жатқандарына шамамен жарты жыл болды. Осы уақыт аралығында шоу-бизнес өкілдері мен танымал адамдардың да өмірінде біраз өзгеріс болған. Отандық эстрада тағы бірнеше жұппен толықты. Tengrinews.kz тілшісі карантинде жұбын тапқан жұлдыздардың топтамасын ұсынады.


Қазақстандықтардың карантин режимінде өмір сүріп жатқандарына шамамен жарты жыл болды. Осы уақыт аралығында шоу-бизнес өкілдері мен танымал адамдардың да өмірінде біраз өзгеріс болған. Отандық эстрада тағы бірнеше жұппен толықты. Tengrinews.kz тілшісі карантинде жұбын тапқан жұлдыздардың топтамасын ұсынады.

Талғат Кенжеболатов (Kental)

Кентал лақапатымен көпшілікке таныс Талғат Кенжеболатов мамырда Милана есімді қызға үйленгені белгілі болды. Бірнеше БАҚ әншінің шаңырақ көтергенін жарыса жазғанымен, әншінің өзі Instagram парақшасында бұл жайлы ресми түрде хабарламаған.

"Өнерге қатысы жоқ, хореограф. Менен 14 жас кіші. Махаббат жасқа қарамайды", - деген екен әнші Shownewskz бағдарламасында.

Әнші жарымен 2018 жылдың 29 қазанында сауық кештердің бірінде танысқан екен.

Мөлдір Әуелбекова

6 мамырда әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram желісіндегі бұрынғы суреттерінің барлығын өшіріп, сүйіктісімен түскен суретін жариялады. Ал 17 мамыр күні әнші парақшасында тұрмысқа шыққанын ресми түрде мәлімдеді.

"Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Құтты болсын!", - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айша ? (@moldir.auyelbekova)

Артынша әнші есімін де өзгерткені белгілі болды. Мөлдір Әуелбекова есімін Айша деп ауыстырған. Бұл хабарды әнші Мұхтар Ханзада жеткізді.

"Мөлдір жеңге, Айша есіміңіз құтты болсын. Ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар!", - деп жазды ол.

Мөлдір Әуелбекова жарына "Сүйікті" атты ән арнаған. Оның айтуынша, жары әншінің шығармашылығын қолдап, үлкен сахнаға шығуына рұқсат берген.

Алтынай Жорабаева

Биыл 20 мамырда әнші Алтынай Жорабаева оқырмандарымен өміріндегі өзгерістері туралы жаңалығын бөлісті. Сүйіктісіне арнап жазба қалдырған әнші, жарының түрін көрсетпеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес , Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір. Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге", - деп жазды әнші.

Тимур Балымбетов

Тележүргізуші, продюсер Тимур Балымбетов сүйіктісіне ұсыныс жасағаны туралы қуанышты хабарды Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Ол маған "Иә" деді", - деді Балымбетов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Balymbetov (@balukz)

Сөйтіп жас жұбайлар 10 тамызда Шымбұлақтағы мейрамханалардың бірінде кішігірім үйлену тойын жасаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Balymbetov (@balukz)

Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова

Әлеуеттік желіде видеоларымен танылған Қыран Талапбек әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековаға ұсыныс жасағаны туралы хабарды 11 тамызда Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген болатын. Ал Айжұлдыздың өзі бұл туралы 4 шілдеде хабарлаған, алайда болашақ жарымен оқырмандарын таныстырмады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek)

11 тамызда Айжұлдыз бен Қыран шаңырақ көтергендерін хабарлап, әсерлі видео жариялады.

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай

Кешеден бері көптеген БАҚ-та және әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов пен "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбайдың шаңырақ көтергені туралы суреттер тарап кетті. Алайда бұл хабарды қос өнер иесі де растамады да, жоққа шығарған да жоқ.

© Revue news

Бұған дейін Ақерке Бүркітбай парақшасына қазақша көйлекте түскен суретін жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ????????? (@akerkeburkitbay)

Ал мұның алдында әлеуметтік желіде Ақеркеге ұсыныс жасаған кездегі сурет тарап кеткен.

Әншілер бұл ақпаратқа да қатысты пікір білдірмеді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети