17 февраля 2022 | 11:54

Уақыт есейе келе неге тез өтетіндей көрінеді? Кембридж физигімен сұхбат

Анджела Харпер, Кембридж университетінің физигі

Кембридж университетінің физигі, ғалым Анджела Харпер уақыт неге тез өтіп жатқандай сезім туатынын түсіндіріп, оның ғылыми ерекшелігі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кембридж университетінің физигі, ғалым Анджела Харпер уақыт неге тез өтіп жатқандай сезім туатынын түсіндіріп, оның ғылыми ерекшелігі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Харпердің айтуынша, уақыт тұрақты өлшем емес, ол бірнеше себепке байланысты ауытқуы мүмкін.

"Уақыттың өлшемі сағаттағы цифр ғана емес, ол, сонымен қатар, адам санасындағы құрылымы әлдеқайда күрделі механика. Ақыл-ой уақыты деген түсінік бар. Бұл адамның ақпаратты қорытуы мен физикалық ерекшелігіне байланысты өзгеріске ұшырайтын процесс. Жылдар өте келе нервтер мен нейрондардың плексус мөлшері артып, күрделене түседі, ал ол сигналдардың өту жолдарының өзгерісіне әкеледі", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Физик уақытқа байланысты барлық гипотезалар мен мифтерге тоқталып, ғылыми анықтама берді.

"Дегенмен, ғылым уақытты қабылдауға жауап беретін мидың қызметін әлі анықтаған жоқ. Жер шары толық 24 сағаттық биологиялық сағатта өмір сүреді, бірақ бұл жүйе циркадты ритмді ғана басқарады. Ал бұған дейін өткен секундтар, минуттар не өткен жылдардың ешқандай ғылыми ерекшелігі жоқ, яғни осыдан 30 жыл бұрынғы уақыт өлшемдері әлі күнге дейін өзекті және алдағы уақытта да өзгермейді. Қарапайым тілмен айтқанда, уақыт тез жылжуда деген гипотезалар шындыққа келмейді, тек миф болып қала береді. Физикадағы уақыт көрсеткіші конструктивті заңмен белгіленген ағын конфигурациясының өзгеруінің мақсатты реттілігі екенін айтқым келеді", - дейді ғалым. 

Америкалық физик уақыт өлшеміне қатысты жүргізілген тәжірибелердің неге әкеліп соққанын айтып берді.

"Тағы да ескеретін жайт, уақыт тек физикаға қатысты емес, бүгінде оған байланысты көптеген саланың өз теориясы бар. Физиктер уақытқа тек концепциялық анықтама берді, бірақ оның адам психологиясындағы ықпалы мен маңызына нақты дәлел келтіре алмайды. Бүгінге дейін осы сұрақ бойынша түрлі эксперименттер жүргізілді. Жас ерекшелігі, жынысы, физикалық мүмкіндігі, тіпті, нәсілі де қарастырылған тәжірибелер болды. Олардың барлығы уақыт өлшемінің қысқару не ұзаруы адами факторлармен ғана байланысы барын дәлелдеп берді", - деді ол. 

Сонымен қатар, Анджела Харпер адами факторлардың өзіне тоқталып, уақыт ұрлайтын белгілі себептерді тізіп шықты. 

"Бұл сұрақтың жауабын әр адам өзінен іздеуі керек деп есептеймін, өйткені нақты қатып қалған себебін айту қиын. Десе де, өзім бірнеше қызықты жайттарды анықтаған едім. Ең алдымен, өлім теориясын айтқым келеді. Кез келген ақыл-ойы түзу адам өзінің белгілі бір себептер бойынша қаза болатынын біледі. Оқыс оқиғалар мен асқынған ауруды есептемесек, өлімнің ең жиі түрі жас ұлғаюмен байланысты, яғни адам жасы келген сайын қартаюмен келіскісі келмейді, сол себепті уақыт өзіне қарсы әрекет етіп жатқандай көрінеді. Бұл, менің ойымша, қалыпты құбылыс. Екіншіден, миф және діни философияның ролін де ескерген жөн. Буддизм, христиан және ислам діндерінде уақыттың тез жылжуына байланысты ескертпелер кездеседі. Үшіншіден, тұрмыстық тіршіліктің заман ағымына сай өзгеріске ұшырауын келтіруге болады. Мәселен, осыдан 15 жыл бұрын адамдар интернетке осыншалықты көп уақыт кетірмеді. Тағы да қарапайым мысал, американдықтардың артық салмақ үлесі 32 пайызға тең, ал оған қарсы күреске соншалықты уақыт жұмсалады. Бұл нақты зерттелген статистика. Демек, адамның уақытын ұрлайтын факторлар көбейді деген сөз, соның салдарынан уақыт тез өтіп жатқандай әсер қалады", - деп сөзін аяқтады физик. 

Автор: Мұхтар Жәмішжанов

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram