Коронавирустың омикрон штамы дүние жүзіне тарады. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Омикронға байланысты қазіргі жағдай қандай? ДДСҰ не дейді? Tengrinws.kz тілшісі шолу жасады.
Коронавирустың омикрон штамы дүние жүзіне тарады. Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Омикронға байланысты қазіргі жағдай қандай? ДДСҰ не дейді? Tengrinws.kz тілшісі шолу жасады.
Қазақстандағы омикрон
Елімізде омикрон штамы 6 қаңтарда анықталды. Бастапқыда Алматыда 7 жағдай, Нұр-Сұлтанда 1 жағдай тіркелді. Астанадағы омикрон қалаға былтыр 16 желтоқсанда шетелден келген азаматтан анықталған. Оның ПТР-тестінің нәтижесі теріс болғанымен, 22 желтоқсанда тамағы ауырсынып, тексерістен өткен. Материал секвенирлеуге жіберілген.
Коронавирустың жаңа штамы 9 қаңтарда Ақтөбе облысында да табылды. Бүгінде ел бойынша эпиджағдайдың нашарлауына байланысты жаңа қаулы мен шектеулер қабылданды. Эпидахуалды бағалау матрицасында "жасыл" аймақта өңір қалмады, "сары" аймақта Түркістан облысы, қалғаны "қызыл" аймақта.
Көп ұзамай Денсаулық сақтау министрлігі эпиджағдайға болжам жасады. Ол бойынша: оптимистік сценарийде - тәулігіне 17 мыңнан аса, шынайы сценарийде - тәулігіне 25,5 мың, пессимистік сценарийде тәулігіне 40 мың жағдай анықталуы мүмкін. Бұл туралы министрлік басшысы Ажар Ғиният айтқан болатын.
ДДСҰ қандай мәлімдемелер жасады?
ДДСҰ өкілдері 6 қаңтарда Женевада өткен брифинг барысында омикрон коронавирусың соңғы штамы болуы екіталай екенін мәлімдеді. Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, оған себеп - вакцинация қарқыны. "Альфа", "бета", "дельта", "гамма" және "омикрон" штамдары вакцинация қарқыны өте төмен болу салдарынан анықталған.
Алдағы 6-8 аптада Еуропаның тең жартысы "омикрон" жұқтыруы мүмкін. Мұндай мәлімдемені ДДСҰ 11 қаңтарда жасады. Яғни вирустың тарау қарқыны қазіргідей жалғаса берсе, алдағы екі айда еуропалықтардың көбі коронавирустың осы түрін жұқтырады.
ДДСҰ Еуропадағы 53 ел мен Орталық Азиядағы бірнеше елді атап өткен. Яғни Еуропадағы өңірлік бюроның директоры Ханс Клюгенің сөзінше, аталған елдердің 50-інде "омикрон" тіркелген.
Ал ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың сөзінше, дельта мен омикрон салдарынан жағдай ұшығуы мүмкін. Жаңа штамның салдарынан COVID-19 жұқтырғандар саны көбейіп, ауруханаға жатқызылып жатқандар мен өлім көбейген. Мысалы Франция, Ұлыбритания, Дания, Италия, Испания, Португалия, Грекия, Кипр, Италия, Мальта, АҚШ, Боливия және Аустралияда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелген.
Мамандар не дейді?
Джордж Вашингтон университетінің профессоры, вирусолог Константин Чумаков "Радио России" эфирінде жаңа штамм туралы айтқан, оның сөзінше, коронавирустың басқа штамдарынан омикронның басты айырмашылығы - жаңа штамм жастарға көбірек әсер ете бастаған және олар ауруды қарттарға қарағанда жеңіл өткереді. Ал дельта нұсқасынан айырмашылығы - жоғарғы тыныс жолдарына әсер етуінде. Егер штамдар иіс сезбеу, қызу көтерілу, пневмония, өкпедегі тромбоз, бүйректің зақымдануы сияқты белгілермен қатар жүрсе, омикрон белгілері басқаша.
Негізгі симптомдар - бас ауруы, мұрыннан су ағу, иіс сезу жоғалмайды, жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының жедел респираторлық вирус жұқтыру кезіндегі типтік белгілері. Бір күннен 3-5 бес күнге дейін созылады.
Ал ресейлік иммунолог Владимир Болибоктың сөзінше, омикронның тағы бір ерекшелігі - оны жұқтырғандарда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездесуінде.
"Омикрон да пневмония туындатуы мүмкін. Адамдар пневмония салдарынан ауыр жағдайда қайтыс болады, бірақ оларда кеуде тұсының ауырсынуы сирек кездеседі", - деді Болибок "Москва 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Вакцина салдырған адамдарда ауру белгілері басқаша болуы мүмкін. Бұл туралы ұлыбританиялық эпидемиолог Тим Спектор айтты. Дәрігердің өз бақылауында болған вакцина алған пациенттерде коронавирус симптомдары өте жеңіл болған. Көбінде жүрек айнуы, дене қызуының аздап көтерілуі, бас пен тамақ ауруы байқалған.
Шетелдегі жағдай қандай?
Алғаш омикрон штамы былтыр 9 қарашада Ботсванда анықталды. Ал Еуропада алғашқы жағдай Бельгияда тіркелді, омикрон 11 қарашада Мысырдан келген саяхаттаушыдан табылған. Алғашқы симптомдар 22 қарашада шыға бастаған. 26 қарашаға қарай омикрон Израиль, Ұлыбритания, Нидерланд, Гонконг секілді аймақтарда анықталды. Бұл елдерде вирустың жаңа штамы Мысыр мен ОАР-дан келген туристерден тараған болуы мүмкін екені айтылды.
Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-де елде омикрон штамын жұқтырғандар саны артқанын жазды. Елде осы айда ауырғандар саны желтоқсанмен салыстырғанда төрт есеге артқан.
Omicron varyantı ülkemizde de baskın varyant haline geldi. Vaka sayıları bir önceki aya oranla yaklaşık 4 kat arttı. Fakat salgının ilk dönemlerine kıyasla, enfekte olanların çok daha düşük bir oranı hastaneye yatıyor. Tedbir önemli bir zorunluluk. Temkinli ve tedbirli olalım. pic.twitter.com/QLxbljRADX
— Dr. Fahrettin Koca (@drfahrettinkoca) January 13, 2022
Бірақ індеттің алғашқы толқынымен салыстырғанда ауруханаға жатқызылғандар аз. Ел билігі әзірше елге кіруді шектеген жоқ. Туристер коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан елге кіре алады.
Израильде омикронның жаңа түрі анықталды. Елде штамның жаңа түрінің 20-ға жуық жағдайы тіркелген. BA2 деп аталатын штамм бірнеше елде бұған дейін де анықталған және омикронға қарағанда қосымша мутацияға ие. Жергілікті БАҚ мәліметінше, BA2 алғаш рет Қытайда бірнеше апта бұрын анықталған және ол Үндістанда пайда болған деген болжам бар. Ол Дания, Аустралия, Канада және Сингапурде де анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!