РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 октября 2020 | 13:03

Коронавирус смартфонда, жиһазда, адам денесінде қанша уақытқа дейін өмір сүре алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус инфекциясы ауа-тамшы жолдар арқылы тарайтыны белгілі. Алайда соңғы кездері COVID-19 азық-түлік өнімдерінің қаптамалары мен күнделікті қолданатын заттардың бетінде анықтала бастаған. Коронавирус адам ағзасынан бөлек қай жерлерде және қанша уақытқа дейін өмір сүруі мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 


Коронавирус инфекциясы ауа-тамшы жолдар арқылы тарайтыны белгілі. Алайда соңғы кездері COVID-19 азық-түлік өнімдерінің қаптамалары мен күнделікті қолданатын заттардың бетінде анықтала бастаған. Коронавирус адам ағзасынан бөлек қай жерлерде және қанша уақытқа дейін өмір сүруі мүмкін? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

Коронавирус мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан табылды

Кеше, 18 қазанда Қытайда мұздатылған теңіз өнімдерінің сыртынан тірі коронавирус анықталды. Қытайдың Циндао қаласындағы жаңа жағдайлардың себебін анықтау мақсатында эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп, сарапшылар импортталған мұздатылған өнімдердің сыртқы қаптамасынан алынған сынамадан тірі вирусты анықтаған.

Қытайдағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері зертханадан тыс кезде COVID-19 қаптамада ұзақ уақыт өмір сүре алатынын анықтады. Кей жағдайларда өнімдерді қорғаныш құралысыз ұстаған кезде вирус адамға жұғуы мүмкін. Бұл жағдайда көбіне сол қатырылған өнімдермен жұмыс істейтін өнеркәсіп қызметкерлері ғана вирус жұқтыруы мүмкін.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, COVID-19 адамға ас арқылы жұғатын вирус емес, ондай жағдайлар тіркелмеді. Алайда бүгінде қатырылған теңіз өнімдерінен анықталған вирустың да адамға жұғу дерегі әзірге тіркелмеді", - дейді орталық өкілдері.

Орталық мамандары тәуекел тобындағы адамдар қатырылған өнімдермен жұмыс істеген кезде қорғаныш құралдарын қолдануы керегін ескертті.

Коронавирус инфекциясының ас арқылы жұғуына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынң өкілдері де пікір білдірген болатын. Ұйым өкілдері бұл дерек дәлелденбегенін айтты.

"Адамдар тамақтан, азық-түлік қаптамаларынан қорықпауы керек. Тамақпен жалпы тамақ арқылы жұғады деп айта алмаймын. Себебі онсыз да жағдай қиын", - дейді ДДҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры, дәрігер Майк Райан.

Айта кетейік, коронавирустың қатырылған өнімдердің қаптамасынан анықталуы жиі кездесетін жағдай. Мысалы бұған дейін шілде, тамыз айларында Қытайда Эквадордан әкелінген асшаяндардың қаптамасынан табылған.

© Reuters

Коронавирус өзен суында 25 күндей өмір сүре алады

РИА Новости мәліметінше, мұндай тұжырымға польшалық және ұлыбританиялық мамандар келген. Олар су қоймаларына түскен вирустың қанша уақыт өмір сүретінін және оны адамдардың жұқтыру қаупі қандай екенін зерттеген. Мамандардың сөзінше, жұқтыру қаупі суды тұтыну көлемі төмен, вирус жұқтырған науқастардың саны көп елдерде жоғары. Бұл категорияға көбіне Испания, Ұлыбритания және Марокко кірген. Сонымен қатар, Канада, Норвегия және Венесуэла да төменгі қауіп тобындағы елдерге кірген.

Ғалымдар вирус түскен судың температурасы да маңызды роль атқаратынын айтады. Вирустық бөлшектердің концентрациясы ұзақ уақыт бойы суық суда тұрады екен.

Коронавирус адам денесінде 9 сағат бойы сақталады

Ғалымдар мәйіттердің денесіне зертханалық тәжірибе жүргізген. Олар А тұмауының вирусы адам денесінде екі сағаттай, ал коронавирус тоғыз сағат бойы сақталып тұратынын анықтаған. Вирустың екі түрі де 80 пайыздық спиртпен дезинфекция жасалғаннан кейін 15 секундтан соң көзі жойылды.

Сондықтан АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары қолды толық дезинфекциялау үшін құрамындағы спирттің мөлшері 60-95 пайыздық антисептикпен немесе 20 секунд бойы қолды сабынмен дұрыстап жуу керегін айтады.


Көрнекі сурет © elements.envato.com

COVID-19 смартфон бетінде бір айдан бірнеше тәулікке дейін өмір сүре алады

Аустралияның ауруларға дайындық орталығының мамандары коронавирус инфекциясы ақша, металл ұстағыштар мен ұялы телефонның бетінде қанша уақыт өмір сүре анықтап, зерттеу нәтижесін Virology Journal-да жариялады. Мамандар коронавирус үй температурасы кезінде тегіс жерлерде 28 күн тұра алатынын айтты. Ең қауіптісі әйнектер болып шыққан, оған қоса смартфон экрандары, банкнота, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар да бар. Бұл заттарда коронавирус +20 градуста бір айға жуық, +30 градуста үш аптадай, ал +40 градуста бірнеше тәулік қана өмір сүре алады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети