ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өкілдері естіртті.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өкілдері естіртті.
Институт өкілдерінің айтуынша, ғалым 96 жасына қараған шағында Алматыда көз жұмды.
Рәбиға Сыздық 1924 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Сәтіғали Құтқожиннің қызы.
Сыздық Рәбиға "Абай шығармаларының тілі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV - XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған. 130-дан астам ғылыми жұмыс, оның ішінде 9 монография, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ғалым - Türk Dil Kurumu қоғамының корреспондент мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығы, Шоқан Уәлиханұлы атындағы сыйлық, І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын, Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған. "Құрмет белгісі", "Парасат" ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.