РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 августа 2018 | 14:45

Елімізде тұңғыш бионикалық протез жасаған жас ғалым нені армандайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәулен Бектұрғанов. © Дана Құтбанбаева Мәулен Бектұрғанов. © Дана Құтбанбаева

Қазақстанның "100 жаңа есімі" қатырына енген 24 жастағы Мәулен Бектұрғанов елімізде алғаш рет бионикалық протезді ойлап тапқан. Әлем бойынша мұндай бионикалық протезді әзірлейтін 10 ғана компания бар. Құрастырушы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында алғашында дипломдық жұмысына жасаған бұл жобасын осыншалықты деңгейге жетеді деп ойламағанын айтты.


Қазақстанның "100 жаңа есімі" қатырына енген 24 жастағы Мәулен Бектұрғанов елімізде алғаш рет бионикалық протезді ойлап тапқан. Әлем бойынша мұндай бионикалық протезді әзірлейтін 10 ғана компания бар. Құрастырушы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында алғашында дипломдық жұмысына жасаған бұл жобасын осыншалықты деңгейге жетеді деп ойламағанын айтты.

"Өмірімде жасаған жобалардың ішіндегі жаныма жақыны осы. Басында тек жоба ретінде көрсем, келе-келе кейін бірінші, сосын жоғарғы - алтыншы деңгейге дейін бағындырып, жетілдіре бастадым. Протезді жұмыс істету үшін арнайы жабдықпен жүрудің қажеті жоқ. Ол сіздің ойыңызды оқиды десе де болады", - дейді Мәулен.

Бұл протез қалай, не арқылы жұмыс істейді? Ойлау жүйесі арқылы, дәлірек айтсақ, мидан шыққан белгіге әсер ететін бұлшықет арқылы басқарылады. 20 функциядан аса қимыл жасай алатын протезбен есік тұтқасын ашуға, тамақтануға, компьютер пернетақтасында теру, тағы басқа да заттарды басқаруға болады. 

Протез бицепс және трицепс бұлшық еттері қозғалған кезде, белгі қабылдап, керек қимылыңды жасайды.

Мәуленнің айтуынша, оның діттеген мақсаты көп те, инвестициясы жоқ. Болашақта ол жасанды қолды тек білекке дейін емес, иыққа дейін жасап, бионикалық аяқ протезін жүзеге асырғысы келеді екен. Оған қоса, көздің көру қабілетін қайта қалпына келтіру ойында бар.

"Қазір біз тек білекке дейін ғана протезді шығарамыз. Жоспар бойынша, оның басқа деңгейлерін бағындырып, білек, иық, аяқ протездерін жасағым келеді. Алайда оның бәріне өз қалтамнан ақша шығару қиын. Кейде жобалардан ұтып алған кездерім болып жүрді. Оны тапсырыс жасаушылардың сұрауы бойынша жараттым. Маған бионика саласы қызық болғандықтан көздің көру қабілетін қайта қалпына келтіргім келеді. Технология, ғылым дамыған нарықта бұл арманыма жету қиын деп ойламаймын", - деді ол.

Бионикалық протезді жүзеге асыру үшін Мәуленнің жарты жылы кетіпті. Кейіпкеріміз қолды түгелдей өз бетімен жасап шыққан. Ол есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама саласын бітірсе де, роботты жасауға ешкім үйретепегенін айтты.

"Мен Республикалық физика-математика мектебін бітірдім, кейін университетке түссем де, мені робот жасауға ешкім үйретпеді. Барлығы адамға байланысты. Шайнап бергенді жұта білсең болды. Бионикалық протез болғандықтан, адам терісін қажамауы үшін материалын 3D-принтерден шығардым. Ал керек арнайы жабдықтарын шетелдің әр қаласынан тапсырыс арқылы алдыртамын", - дейді Мәулен.


Бұл 3D-принтерді Мәуленге Алматы әкімі Бауыржан Байбек сыйға тартыпты. 

Әңгіме барысында Мәулен бастапқыда оған ешкім сенбегенін, тіпті достар тарапынан "Мүмкін емес, жасай алмайсың" деген сөздерді жиі естігенін жасырмады.

"Мен "Бұған дейін шығарылып қойған затты не үшін қайта жасап жатсың, АҚШ-та дәл сондай бар емес пе?!" деген сөздерді жиі еститінмін. Оларға "Ол басқа елде, ал мен өз елімде, өз Қазақстанымда болғанын қалаймын. Болашақта үлкен нарыққа шығып, Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытқым келеді", - деді ол.


Суреттерді түсірген Дана Құтбанбаева

Мәуленнің алғашқы бионикалық протезін 12 жасында қатерлі ісікке байланысты қолынан айырылған Әкежан Арынғазы қолданды. Бұл протезді автор оған сыйға тартқан екен. Бастапқыда шетелден жасанды қолды тапсырыс беруге мүмкіндігі болмаған Әкежанның отбасы Мәулен Бектұрғановтың компаниясы жайлы естігенінде көз жасына ерік бергенін жасырмады.

"Арманымның орындалғанын қатты қалағаным соншалық, ғаламтор желісінен протез жайлы көп іздедім. Сөйтіп, Мәулен Бектұрғановты интернеттен тауып, анама айттым. Екеуміз ол кісіні тауып алып, Мәулен маған бионикалық қолды жасауға бірден кірісіп кетті. Жарты жылдан кейін протез дайын болып, қолымның жоғын да ұмытып кеттім", - деп еске алды Әкежан Арынғазы.


© 100esim.el.kz

Арынғазы жасанды қолға тез арада үйреніпті.

"Жасанды қол маған екінші мүмкіндікті, екінші мәрте бақыт сыйлады. Протезбен жүру өте ыңғайлы. Мәуленнен АҚШ-та жасалған протездерден оның протезінің айырмашылығы неде дегенімде "Шетелде жасанды қолды кигеннен кейін, минималды бір-екі айда қолмен басқаруға үйренесің. Отандық өнімді ертең-ақ өз қолыңдай сезініп кетесің. Бірақ барлығы адамға байланысты" деді Мәулен. Расында қолыма тез үйрендім. Алып-салу қиындық тудырмаса, барлығы көңілімнен шығады. Алайда, оны шешу Калашников автоматына ұқсайды", - деп күлді Әкежан Арынғазы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети