ПОДЕЛИТЬСЯ
12 апреля 2019 | 17:13
Адамзат айға не үшін ұшты - Аңыз бен ақиқат
12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан екі күн бұрын Еуропа ғалымдары қара құрдымның алғашқы суретін телескоп арқылы түсірсе, күні кеше Израиль ұшқышсыз ғарыш аппаратын айға қондырмақ болды. Израиль ғарыш мамандары осы айтулы күнде олар жердің табиғи серігіне ұшу аппаратын қондырған төртінші мемлекет болатынын мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан екі күн бұрын Еуропа ғалымдары қара құрдымның алғашқы суретін телескоп арқылы түсірсе, күні кеше Израиль ұшқышсыз ғарыш аппаратын айға қондырмақ болды. Израиль ғарыш мамандары осы айтулы күнде олар жердің табиғи серігіне ұшу аппаратын қондырған төртінші мемлекет болатынын мәлімдеді.
Tengrinews.kz тілшісі осы уақытқа дейін Жердің серігі Айды зерттеу бойынша операциялар жайлы шолу жасады.
Айға қай мемлекеттер бірінші жетті?
Кеңес одағы, АҚШ, Қытай алғашқы болып Айға ұшу аппараттарын қондырған. Олар өз аппараттарын Айға қондыруға 1958 жылы кірісіп кеткен. Осы аралықта ұшу аппараттарының көбі әртүрлі себептермен Айдың бетіне қона алмаған. Тек 1959 жылы адамзат тарихында алғашқы рет Байқоңырдан ұшып шыққан "Луна-2" планетаралық станциясы айдың бетіне қонған.
© gagarin.energia.ru
Бұл аппараттың басты мақсаты Айдың бетіне қону және оны зерттеу болды. "Луна-2" аппаратының салмағы - 390 келі. Аппарат ол жақта магнит өрісі аз екенін және ғаламшардың айналасында радиациялық белдеудің жоқ екенін анықтаған.
Осыдан кейін де Кеңес одағы бірнеше рет әртүрлі ғарыш аппараттарын Жердің ең жақын табиғи серігіне ұшырған. Олардың кейбірі Айға қонса, кейбірі оның орбитасына ұшырылған. 1959 жылы Кеңес одағы екінші рет "Луна-3" аппаратын айға ұшырып, Айдың көрінбейтін екінші бөлігін суретке түсірді. Алпыс жылдан кейін қытайлық ғарыш ұшқышсыз аппараты жер бетінен көрінбейтін Айдың бөлігіне өз аппаратын қондырды.
Қытайлар Айдың арғы бетіне қонды. Тұңғыш операция жайлы не білеміз
Америкалықтар да 1950 жылдан бастап бірнеше аппаратын айға ұшырған. Олар тек 1966 жылы Жер серігіне Сервейер-1 аппаратын қондырды.
© cnsa.gov.cn
Айға бірінші қонған мемлекеттердің қатарында Қытай да бар. Олар тек 2013 жылы Айдың бетіне қонған. "Чанъэ-3" аппаратына ол жақтағы пайдалы қазбаны зерттеу мақсаты қойылды. Сонымен қатар онымен бірге Айға алғаш рет телескоп жеткізілді.
© Beijing Institute of Spacecraft System Engineering
Биыл 12 сәуірде израильдік Beresheet ұшу аппараты Айға қону операциясын сәтсіз аяқтады. Қону барысында ол Жер серігіне құлаған. Израиль билігі осы жағдайға қарамастан, алдағы үш жылда Айға ұшу аппаратын қондыруға сөз берген. РБК сайты ұшу аппаратының қозғалтқышы істен шықты деп хабарлады. Егер бұл операция сәтті өткенде, Израиль Айға ұшу кемесі қонған мемлекеттердің төртіншісі болар еді.
Айға алғаш барған адам
1969 жылы "Аполлон-11" зымыран тасымалдаушы Айдың бетіне қонды. Бұл адамзат үшін тарихи жағдай болды. Адам баласы бірінші рет Айға табан тіреді. Тасымалдаушы зымыранда экипаж командирі Нил Армстронг пен Базз Олдрин болды. Олар Айдың көрінетін бөлігіне қонған.
Ғарышкерлер онда 21 сағаттан аса уақыт болған. Жер серігін алғаш басқан адам Нил Армстронг болды. 15 минуттан кейін оған Базз Олдрин қосылды. Ұшқыштар ұшу кемесі қонған аймаққа АҚШ-тың туын тікті. Сондай-ақ, олар Айдың бетіндегі топырақты алып, оны зерттеу үшін жерге тасымалдады.
Айға қонуға қатысты тараған аңыздар
Американың Ай бағдарламасы аяқталғаннан кейін оны жоққа шығарғандар да болды. Бұл оқиғаға сенбегендер шынында Америкалық ғарышкерлер айға қонбағанын және оның бәрін NASA қолдан жасағанын алға тартқан. Кейбір америкалықтардың өздері де бұл оқиғаға сенбейтінін мәлімдеген.
© manonmoon.ru
Тарихи оқиғаны жоққа шығарушылар Американың ғарыш ұйымы фото, видео түсірілімдерді қолдан жасады деп есептеген. Америкалық Билл Кейсинг өз кітабында отандастарының Айға бармағанын жазған. Ол бірнеше дәлел де келтіріп, ол уақытта NASA адам баласын жер серігіне қондыратындай технологиялық тұрғыда дайын болмағанын айтқан. Жарияланған суреттерде жұлдыздардың жоқтығы оның күмәнін күшейткен. Сондай-ақ тудың желпуі де оны ойландырған. Себебі Айда ауасыз кеңістік.
Показать комментарии
Читайте также