РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 сентября 2020 | 16:18

"Тізерлеп отырыңыз!" Ресейлік актердің соты қалай өтіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейде танымал актер Михаил Ефремовке қатысты сот ісі әлі жалғасып жатыр. Соңғы уақытта бұл іске қатысты түрлі жаңалық шықты. Tengrinews.kz тілшісі Ефремовтің ісіне қатысты соңғы жаңалықтар туралы баяндайды.


Ресейде танымал актер Михаил Ефремовке қатысты сот ісі әлі жалғасып жатыр. Соңғы уақытта бұл іске қатысты түрлі жаңалық шықты. Tengrinews.kz тілшісі Ефремовтің ісіне қатысты соңғы жаңалықтар туралы баяндайды.

Осыдан шамамен, 2 ай бұрын, 8 маусымда Ефремов Jeep Grand Cherokee көлігімен қарсы бағытқа шығып, "Ладамен" соқтығысқан болатын. "Лада" жүргізушісі Сергей Захаров ауруханада қайтыс болған. Қазір Ефремов үйдегі қамақта отыр, ол 5-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Актер басында кінәлі екенін мойындаған, кейін ол сөзінен бас тартқан болатын.

Куәгер Ефремовтің кінәлі емес екенін айтты

РИА Новости мәліметінше, тамыздың аяғында Ефремовтің адвокаттары іс материалына жаңа куәгерді қосқан. Куәгер Алексей Кобецтің айтуынша, ол жол апатынан кейін Ефремовтің көлігінен тағы екі адамды көрген.

"Досым екеуміз қалада серуендеп жүргенбіз, кенет тежегіштің даусы естілді, мен өзіме жақын тұрған көлікке жақындадым. Сол жерде бір жігіт қауіпсіздік жастықтарын жинап жатты, жүргізуші жағынан қара шашты тағы бір жігіт шықты", - дейді куәгер.


© РИА Новости 

Ол көлікті "қара джип" деп сипаттады. Куәгер актердің "жолаушылар орындығында отырғанына" сенімді екенін мәлімдеді.

"Мен жүргізуші орындығына жақындағанымда бір жігіт болды, ол қауіпсіздік жастықтарын жинап жатқан, мен көмек керек пе деп сұрадым, ол маған былапыт сөзбен жауап қатты. Мен машинаның алдына қарай кеттім, сол кезде досым: «О, қара, Ефремов" деді. Ол ақ түсті көліктің жанында тұрды ("Лада", рөлде Сергей Захаров болған - еск.). Ол өз мойнын сипап тұрды. Ол 100 пайыз жолаушылар орындығында отырды", - деді сотта куәгер.

Адвокатынан бас тартып, кейін ойынан айныды

"Комсомольская правда" мәліметінше, кейін Ефремов сотта өз адвокаттары - Эльман Пашаев пен Елизавета Шаргородскаядан бас тартатынын хабарлады.

"Маған бізде ең әділ сот деп сендірген еді. Мен адвокаттарыма сенген едім, бекер екен. Біздің куәгерлерімізді мазақ етті. Кеше көзі нашар көретін адамға кішкентай экран көрсетілді. Ал Добровинскийдің (жәбірленуші тараптың адвокаты - еск.) күліп отыруы... бұлай болмайды. Олардың саны - бесеу, ал біз үшеуміз. Олар менің адвокаттарыма күле қарайды. Менде жақсы оқыған басқа адвокат болады, ал бұлар көмекшілер болып қалады", - деді Михаил Ефремов.


© РИА Новости

Сондай-ақ, әртіс жол апаты болған кезде жолаушылар орындығында отырғанына 90 пайызға сенімді екенін жеткізді.

Кейін 24 тамызда өтуі керек болған сот отырсы болмай қалды. Себебі Ефремов жаңа адвокат тауып үлгермеген. Артынша актер ойынан айнып, бұрынғы адвокаттарын қалдырды.

Ефремовтің сотына билет сатылды

25 тамызда Желіде Ефремовтің сотына билеттер сатыла бастады. Ерекше жарнаманың авторы 500 мың рубль берген адам соттың бірінші қатарында отыратынын айтады.

Ерекше ұсыныс Avito тегін хабарландырулар сайтында пайда болды. Ұсыныс "Билеттер және саяхат" бөлімінде орналастырылған. Ефремовтің жақын аралықта қалай сотталып жатқанын көру мүмкіндігі үшін автор 500 мың рубль (шамамен, 2 миллион 800 мың теңге) сұрайды.

"Ефремов сотына кіру, бірінші қатар", - делінген хабарландыру сипаттамасында.

Соңғы тілегін орындауды сұрады

Осы дүйсенбіде Михаил Ефремов соттан "соңғы тілегін" орындауды сұрады. Актер Смоленская алаңындағы апаттан ертеңіне зардап шеккен тараптың қорғаушылары оның кінәсі туралы федералды арналарда айтқан кезде, "өлім жазасына кесілгенін" мәлімдеді.

Алайда, Ефремовтің айтуынша, ол мас күйінде ешқашан тізгін ұстамаған және тек жолаушылар орындығында болған. Әртіс сотқа сараптама жүргізу туралы өтінішті қабылдауды сұрады, бұл оның пікірінше, жол апаты кезінде нақты кім көлік жүргізгенін анықтауға көмектеседі.

"Сізден өтінемін, менің соңғы тілегімді орындаңыз: көлікте сараптама жасаңыз", - деп келтіреді актердің сөзін РЕН ТВ телеарнасы.

Бұған дейін актердің көлікте, белдік пен қорғаныс жастықтарына сараптама жасау туралы өтінішін сот қанағаттандырмаған болатын.

"Тізерлеп отырыңыз!"

RT Telegram-каналының мәліметінше, бұл сот отырысында Ефремов кінәлі емес екенін тағы да айтып, зардап шеккен тараптың адвокаттарына тіл тигізген.

Әртіс апат кезінде өзінің кінәсін мойындаудан бас тартты. Оның айтуынша, кінәлі екенін айтқан видео монтаждалған. Ефремов "емеспін" деген сөз монтажда алынып тасталған.

"Менің кінәм, әрине, бар. Мен маскүнемдік үшін кінәлімін, бірақ мен Октябрь революциясы мен Ұлы Отан соғысы үшін барлық кінәні өз мойныма алмаймын", - деді ол.

Кейін актер бастапқыда мас күйде болғандықтан кінәсін мойындағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Ефремов адвокаттардың бірінің оған отырып сұрақ қою туралы өтінішіне күлкімен жауап қатты.

"Тұру ыңғайсыз ба, онда тізерлеп отырыңыз! Жатуыңызға да болады, бұл маған да жайлы", - деді әртіс.


© РИА Новости

Сондай-ақ, ол судьядан ескерту алды, өйткені ол жәбірленушілердің адвокаты Александр Добровинскийдің тегін бұрмалап, оны "Добросвинский" деп атады.

Актердің ісі бойынша кеше тағы бір ақпарат шықты. Дәлірек айтқанда, Ефремовтің адвокаты Елизавета Шаргородская сот отырысында Сергей Захаровтың жесірін күлкі қылған.

РЕН ТВ телеарнасының хабарына қарағанда, Захаровтың жары бұған дейін Ефремовтен өтемақы ретінде бір рубль сұраған екен.

"Захарованың жағдайы қаншалықты жаман, тіпті, күйеуінің өлімін 1 рубльге бағалады", - деді Ефремовтің адвокаты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети