РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 февраля 2019 | 11:06

Ұмытылатын мамандықтар: call-орталық мамандары келешекте немен айналысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылын салтанатты ашу жиынында қазіргі кездегі көп мамандықтың ұмыт қалатынын айтып қалған еді. Президент алмастыруға оңай болатын мамандықтар деп сатушыларды, call-орталығының қызметкерлерін, заңгерлер мен экономистерді атаған.


Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылын салтанатты ашу жиынында қазіргі кездегі көп мамандықтың ұмыт қалатынын айтып қалған еді. Президент алмастыруға оңай болатын мамандықтар деп сатушыларды, call-орталығының қызметкерлерін, заңгерлер мен экономистерді атаған.

Елбасының айтуынша, олардың бәрі жасанды интеллектпен алмастырылады. Тек қиын мамандықтар сұранысқа ие болады. Яғни жасанды интеллект алмастыра алмайтын мамандықтар. Олар менеджерлер, өнер қайраткерлері, IT- технологияның мамандары, дәрігерлер мен жоғары деңгейлі оқытушылар. Tengrinews.kz тілшісі осы болжам жайлы ақпарат жинап және осындай өзгеріске ұшырайды деген мамандық иелерінен сұхбат алды.

Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің бұлт технологиялары зертханасының жетекшісі Владимир Кореньковтің айтуынша, алдағы 5-6 жылдан кейін программист және дизайнер сияқты мамандықтардың қажеті болмай қалады. "Сайт және әртүрлі порталдар жасау үшін көп дағды қажет емес. Қазіргі уақытта бар құралдар келешекте одан әрі дамып, кез келген адам оны пайдаланады", - дейді Владимир Кореньков.

Ғалымның айтуынша, алдағы уақытта бұл жағдай call-орталығында да қызмет ететін адамдарға қатысты. "Себебі қазірдің өзінде компаниялар олардың көп қызметтерін роботтар арқылы іске асыруда", - дейді Кореньков. Қазақстанда да бірнеше компанияның call-орталықтарында сізге бірінші болып робот қызметкерлері жауап береді. Егер де олар сұрақтарға жауап таба алмаса ғана байланыс маманға ауыстырылады.

Осыған байланысты call-орталықта жұмыс істейтін маман иесі Tengrinews.kz тілшісіне күнделікті қызметі жайлы және алдағы жылдары оның орнын роботтар басатын болса не істейтіні жайлы айтып берді.

           

Мөлдірбұлақ Кәрібекова

банкте call-орталығының қызметкері

 

"Мен 20 жастамын. Осы күнге дейін бірнеше мекемеде call-орталық қызметкері болып жұмыс істедім. Қазіргі уақытта да осы жұмыстамын. Менің ол жақта міндетім - байланысқа шыққан клиентке немесе абонентке ақпарат беру арқылы оның мәселесін шешу. Жұмысқа тұрмас бұрын қызметкерлер арнайы курстан өтеді. Ол жақта біз компанияның қызметі мен өнімдері жайлы оқимыз. Бізге қойылатын талаптар қазақ және орыс тілінде еркін сөйлеу және адамдармен жақсы тіл табысуымыз керек. Колл-ораталығының қызметкері команияның айнасы болып есептелгеннен кейін, бізге өте сауатты болу керек. Осыған орай келешекте бізді жасанды интеллект немесе басқа да технологиялар бізді алмастыруы мүмкін деген мәлімдемеге байланысты менің ойым былай -  олар бізді алмастыруы әдбен мүмкін", - дейді Мөлдірбұлақ Кәрібекова.

Айтуынша, call-орталық қызметкерлерінің жұмысы тым қиын емес.

"Дамып жатқан робот немесе жасанды интеллект бұл қызметтерді адамдардың орнына толықтай жасай алатынына күмәнім жоқ. Ал мен жұмыссыз қалауым мүмкін дегенге келетін болсақ, одан еш қорықпаймын. Себебі мен үшін бұл уақытша жұмыс. Айта кетейін, менімен бірге жұмыс істейтін әріптестерімнің көбі колл-қызметкері жұмысын тек уақытша деп қарайды. Мен сияқты олардың көбі - студенттер. Оларға жұмыс уақыты ыңғайлы болғандықтан, осы салада қызмет етіп жүр деп ойлаймын. Егер де мен бұл жұмысты әртүрлі жаңа технологиялар ығыстырып жатса, мамандығым бойынша жұмыс істеймін. Мен журналистика факультетінде оқимын. Бірақ журналистерді де роботтар алмастырады деген болжамдарды естігенмін. Ол кезде музыка сияқты сүйікті ісіммен айналысатын боламын. Шығармашылық жұмыспен айналысатын адамдарды жасанды интеллекттер алдағы уақытта алмастырады дегенге сенбеймін", - дейді кейіпкеріміз.

        

Аяулым Амреева,

call-орталық қызметкері

"Менің қазіргі уақыттағы міндетім - компанияның шарттарын түсіндіру және қызметтері туралы айтып беру. Кажетті эмоционалдық түрде жәрдем беретін кездер болады. Қызметке тұрмас бұрын мен арнайы оқу орнын бітіргенім жоқ, бірақ жұмысқа қабылданар алдында екі апталық курста білім алдым. Мұндай жұмысқа берік жүйке және жадың мықты болуы керек. Мен адамдардың компанияның қызметтеріне байланысты әртүрлі мәселелерді шешуге тырысамын. Оған қоса логикалық тұрғыда да әртүрлі жауаптар беремін", - дейді Аяулым.

Ол болашақта бұл жұмыста тұрақты түрде жұмыс істемейтінін айтады. Себебі техникалық мамандықта білім алып жүр екен.

"Менің жұмысымды алдағы уақытта роботтар немесе жасанды интеллект істейді деген болжам туралы айтар болсақ, меніңше, олар көп клиентке ұнамауы мүмкін, себебі тірі адам емес, роботта сезім жоқ және адамдарға эмпатия білдіре алмайды. Бізге клиент хабарласқан кезде алдымен ол автоматты түрде жауап беретін көмекшіден жауап алуға мүмкіндігі бар, бірақ олар оны елемей тікелей call-орталығының қызметкерімен сөйлеседі. Менің ойымша алдағы 5-10 жылда біздің елімізде ол роботтар біздің орнымызды басады деп ойламаймын", - дейді call-орталық қызметкері.

Айта кетейік,  2017 жылы Ресейдің Ұлттық зерттеу институты баяндама жасаған. Оған сәйкес, 2030 жылы елуге жуық мамандық жойылады. Онда Ресей ауыл шаруашылығы академиясының проректоры Алексей Комиссаров "Қазіргі уақытта әлемде қаншама адам жүргізуші болып жұмыс істейтінін білесіз бе? Олардың бәріне алдағы жылдары жұмыссыз қалу қаупі бар" деп мәлімдейді.

"Ұшақтар да ұшқышсыз болады, оған еш күмән жоқ. Көптеген мамандық жойылады. Жұмыспен қамту құрылымында және адамдардың арасында болатын қарым-қатынаста көптеген өзгеріске куә боламыз. Айта кететін жайт, аудармашы мамандығы жоғалады деген пікір бар. Себебі машиналық аударма технологиясы екпіндеп дамып жатыр. Адамның бұл саладағы қажеттігі жойылып барады", - дейді ол баяндамасында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети