19 августа 2019 | 13:04

Илон Маск ғарышқа не себепті автомобиль шығарды?

Камила Долаева Корреспондент
© arstechnica.com

Қазіргі таңда ғарыш саласында түрлі тәжірибе жүргізіп, жаңа технологияларды пайдалану арқылы бүкіл әлемді таңғалдырып жүрген Tesla Roadster компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың ғарышқа аттанған автомобилін естіген шығарсыз? Ол былтыр 6 ақпанда Кеннеди ғарыш орталығының Pad 39A старт алаңынан ең ауыр Falcon Heavy зымыран тасымалдаушымен ұшырылған. Ал рөлге Starman манекені отырған еді, ол SpaceX жасаған жаңа ғарыш скафандрының прототипін киген. Көліктің Күн орбитасында жүргеніне бір жылдан асып кетті, қазір оның жағдайы қандай? Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.   

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі таңда ғарыш саласында түрлі тәжірибе жүргізіп, жаңа технологияларды пайдалану арқылы бүкіл әлемді таңғалдырып жүрген Tesla Roadster компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың ғарышқа аттанған автомобилін естіген шығарсыз? Ол былтыр 6 ақпанда Кеннеди ғарыш орталығының Pad 39A старт алаңынан ең ауыр Falcon Heavy зымыран тасымалдаушымен ұшырылған. Ал рөлге Starman манекені отырған еді, ол SpaceX жасаған жаңа ғарыш скафандрының прототипін киген. Көліктің Күн орбитасында жүргеніне бір жылдан асып кетті, қазір оның жағдайы қандай? Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.   

Электромобиль жердің гиперболалық орбитасына шығып, кейін гелиоцентрлік орбита арқылы саяхатқа шыққан, оның апогейі (күннен ең алыс нүкте) Марс орбитасынан асады, ал перигейі Жерге жақын. 

Реклама
Реклама

Бір қызығы, электрмобиль іске қосылғаннан кейін оған бірқатар ресми атау берілді: спутниктік тізімде оның аты TESLA ROADSTER/FALCON 9H, нөмірі - 43205, ал АҚШ-тағы ғарыштық зерттеулер ұлттық талдау орталығында оған берілген нөмір - 2018-017A.

Родстер мен жүргізуші Марс орбитасына 2018 жылдың қарашасында жеткен, ол әлі күнге дейін сонда, бұл шамамен Жерден 365 миллион шақырым қашықтық. Whereisroadster.com сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Tesla-ның орбиталық Күнді айналу уақыты - 557 тәулік.

Автомобильдің орналасқан жері туралы барлық қорытынды ақпарат тек математикалық есептеулерге негізделетінін атап өткен жөн. Себебі көлік өте кішкентай, оны ең мықты жер бетіндегі телескоптың көмегімен де көре алмайсыз, ал оған қандай да бір ғарыштық телескопты қосуға өте қымбат.

Ғарыш инженері Бен Пирстің айтуынша, автомобиль әлі сау болуы керек, себебі алыс ғарышта оған зақым келтіретін нысандар көп емес. Онымен Индиана университетіндегі химия факультетінің профессоры Билл Кэрролл да келісіп отыр, оның ойынша, автокөлік үшін үлкен қауіпті жер орбитасындағы ғарыштық қоқыс төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, ғалым былғарыдан жасалған автомобиль салоны, бояу және пластмасса бөлшектер планетааралық кеңістіктегі иондаушы сәулеленудің әсерінен айтарлықтай нашарлай алатынын мәлімдеді. Ғалым Жер магнит өрісінің қорғауында болғанымен, ғарыш станциясында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар радиацияның әсерінен зардап шегуі мүмкін екенін айтып, өз пікірін бекітті.

Профессордың айтуынша, көлік бүтін көрінсе де, оның бөлшектері, ең алдымен, беріктігі мен икемділігін жоғалтуы мүмкін. Алайда, металдан жасалған автомобильдің сыртыны ешқандай зақым түспеуі керек. Себебі ұшырылғанына 40 жылдан асқан "Вояджер-1" және "Вояджер-2" зондтары әлі күнге дейін жұмыс істейді және олар негізінен металдан жасалған. 

Кез келген жағдайда Tesla және оның жүргізушісі ғарыш қоқысымен жойылып кетпесе, Күн жүйесі бойынша мәңгі айналып жүре алмайды. Былтыр жүргізілген есептер бойынша, "ғарыштық суперкар" Шолпанға немесе Жерге құлайды. Бұл бірнеше ондаған миллион жыл аралығында болады. Есептеулерге сәйкес, автомобильдің Жерге немесе Шолпанға құлау ықтималдығы тиісінше 6 және 2,5 пайызды көрсетеді.

Tesla Roadster-дің ғарышқа ұшуы SpaceX зымыран тасығышының мүмкіндіктерін көрсету үшін тәжірибе ғана болған. Родстер бір жарым жыл сағатына 42 мың шақырым жылдамдықпен Күн маңындағы орбитаны айнағаннан кейін Марсқа жақындап келеді.


© whereisroadster.com сайтынан скриншот. Электрмобильдің орналасқан жері 

Биыл қазан айында автокөлік Қызыл планетаға 7,5 миллион шақырымға жақындайды. Спорткар өз миссиясын әлдеқашан орындағанына қарамастан, ол ғарышта миллиондаған жыл саяхаттай алатынын көрсетті, ал Falcon Heavy пайдалы жүкті алып кете алатынын дәледеді.

Әдетте, зымырандардың алғаш ұшуы өте қауіпті болуы мүмкін, бұл кезеңде оны ауырлату үшін қымбат емес ғарыш аппараттары пайдаланылады, себебі онымен ешқандай тәуекелге бармайсың. Әдетте, бұлар - металл немесе бетон. SpaceX жеке ғарыш компаниясы ең ауыр Falcon Heavy зымыран тасымалдаушыны ғарышқа ұшырар алдында, Илон Маск қалжың үшін оған "жолаушы" мен родстерді таңдап қойғанын айтқан. 

Аса ауыр зымыран тасығыштың ғарышқа сәтті баруы SpaceX үшін өте жақсы PR болды, ол инвесторлардың ғана емес, компанияның жеке клиенттерінің де қызығушылығын оятты. Қазіргі заманның ең қуатты зымыран тасығышы саналатын екі сатылы Falcon Heavy - Falcon зымырандар тобының даму эволюциясының жарқын көрінісі. Ол Falcon 9 зымыран тасығышының негізінде дайындалған және оның орталық блогы (I саты) елеулі өзгерістерге ұшыраған, ал Falcon 9-дың екі қосымша модификацияланған бірінші сатысы екі жақтан үдеткіш ретінде пайдаланылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram