ПОДЕЛИТЬСЯ
12 июля 2021 | 11:52
"Ди Каприо мен Бибер орын брондап қойды". Миллиардер Брэнсон ғарышқа қалай ұшты?
Кеше, 11 шілдеде миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшты. Ол бұл сапарды үш жылдан бері жоспарлаған. Миллиардерді қолдап келгендердің бірі - Tesla және SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск. Брэнсон ғарышқа қалай ұшып келді? Оның ғарыш кемесінде ұшу құны қанша? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше, 11 шілдеде миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшты. Ол бұл сапарды үш жылдан бері жоспарлаған. Миллиардерді қолдап келгендердің бірі - Tesla және SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск. Брэнсон ғарышқа қалай ұшып келді? Оның ғарыш кемесінде ұшу құны қанша? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Ричард Брэнсон Virgin Galactic компаниясын 2004 жылы құрған. Компанияның мақсаты - коммерциялық ғарыштық ұшуларды ұйымдастыру. Миллиардер бірнеше рет сәтсіздікке де ұшыраған. Мысалы 2014 жылғы сынақ кезінде SpaceShipTwo апатқа ұшыраған болатын. Ол кезде екінші ұшқыш қаза тауып, біріншісі түрлі дене жарақатын алған еді.
2018 жылдың мамырында миллиардер ғарышқа ұшуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Осылайша ол алғашқы ғарыш турисі болмағын айтты. Ғарыш туризміне арналған Virgin Galactic SpaceShipTwo зымыраны бірнеше айдың ішінде ұшуы керек деп жоспарланған болатын.
Virgin Galactic болжамы бойынша, ол кезде сапар 2,5 сағатқа жоспарланған. Ұшаққа арналған бір билеттің құны 250 мың доллар.
Бірақ ғарыш кемесі 2019 жылы бірақ сынақтан өтті. Ұшақ бортында Virgin Galactic-тің нұсқаушы ғарышкері Бет Мозес отырды. Сынақ кезінде кабина мен қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында екі ұшқышпен байланыс орнатылды.
WhiteKnightTwo ұшағы Калифорнияның Мохаве шөлінде 2019 жылдың 22 ақпанында сағат 22.00-де (астана уақыты бойынша) ұшып кетті. Шамамен 13,5 шақырым қашықта ол SpaceShipTwo жолаушылар ұшағын бөліп шығарды. Зымыран қозғалтқышының көмегімен SpaceShipTwo Жерден 88 шақырымға көтеріліп, артынша оралған.
Ричард Брэнсон SpaceShipTwo алғашқы коммерциялық рейсінің жолаушысы болуды 2019 жылдың ортасына қарай жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің мәліметінше, 58 елден 600-ден аса адам, оның ішінде, актер Леонардо Ди Каприо және поп-әнші Джастин Бибер де ғарышқа ұшуға орын брондап қойған.
Кеше, 11 шілдеде 20.30-да (астана уақыты бойынша) Virgin Galactic Unity-22 зымыраны ұшты. Зымыранның ұшу процесі Virgin Galactic сайты арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Брэнсон ұшар алдында оны қолдауға келгендердің бірі Илон Маск.
Миллиардер Ричард Брэнсон Нью-Мексико штатында орналасқан Spaceport America ғарыш айлағынан ұшып кетті.
Зымыран жоспарланған уақыттан 1,5 сағатқа кеш ұшты: оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды. Экипаж құрамында Брэнсоннан бөлек, үш астронавт - NASA-ның бұрынғы қызметкері Бет Мозес (алғашқы сынақ кезінде де ұшқан), Сырыша Бандла мен инженер Колин Беннет болды.
Брэнсон отырған зымыран ұшағы біраз уақыттан кейін Жерге сәтті қайтып келді. Зымыран Жерден 100 шақырым алыстағаннан кейін экипаж ғарыш шекарасына жетіп, бірнеше уақыт салмақсыздық күйінде болды. Сосын аппарат төмендеп, Нью-Мексико штатындағы жеке ғарыш айлағына қонды. Осылайша миллиардер аппаратты сынақтан өткізіп, дүние жүзіне зымыран адамдарды орбитаға алып келе алатынын дәлелдеді.
Артынша кәсіпкер сапар кезінде алған әсерін бөлісті. Брэнсонның айтуынша, ғарышқа ұшу оның бала күнгі арманы болған.
"Мен бұл сәтті бала күнімнен армандадым. Керемет болды", - деді кәсіпкер.
Кәсіпкердің мәлімдемесі Virgin Group корпорациясының сайтында жарияланды.
Айта кетейік, одан бөлек, бірінші ғарыштық рейс 2024 жылға жоспарланған. Әуе шарының көлемі футбол алаңымен бірдей. Алғашқы үш билет сату жарияланғаннан кейін бір сағат ішінде сатылып кеткен. Оның құны Брэнсонның ғарыш кемесінен арзанырақ: бір адамға 125 мың доллар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также