14 ноября 2019 | 12:28

Адамзат Илон Маскқа неге қарыздар? Басты 5 себеп

Жақында Илон Маск ғаламдық интернет үшін тағы 60 спутник ұшырды. Осы секілді жаңалықтарды естіген кезде миға қонбайтын, мүмкін емес дүние секілді көрінеді. Алайда Масктың әр өнертабысы - тың жаңалық. Tengrinews.kz тілшісі Tesla және SpaceX компанияларының негізін салушы Илон Масктың өнертабыстары жайлы материал дайындады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында Илон Маск ғаламдық интернет үшін тағы 60 спутник ұшырды. Осы секілді жаңалықтарды естіген кезде миға қонбайтын, мүмкін емес дүние секілді көрінеді. Алайда Масктың әр өнертабысы - тың жаңалық. Tengrinews.kz тілшісі Tesla және SpaceX компанияларының негізін салушы Илон Масктың өнертабыстары жайлы материал дайындады. 

Алғашқылардың бірі болып электрон төлем жүйесін жасаған

Реклама
Реклама

90-жылдары керек дүниелерді тек дүкен сөрелерінен сатып алу мүмкін болды. Бүгінде интернет арқылы кез келген тауарға әп-сәтте тапсырыс бере аламыз. Маск 90-жылдардағы осы мәселені шешу үшін X.com электрон төлем жүйесін жасап шығарды.


PayPal © РИА Новости

2000-жылдары X.com Confinity компаниясын сатып алып, артынша ол PayPal-ға айналған. PayPal-да Маск компания президенті болған. Бірақ Маск 2002 жылы PayPal-ды Ebay компаниясына 1,5 миллиард долларға сатып жіберген. 

Қайта қона алатын зымыран тасығыш

Маск үшін SpaceX - үлкен үміт артатын сенімді жоба. SpaceX - ұшыру аппараттарының ірі жеке өндірушісі және коммерциялық ғарыш саяхатының операторы. Қысқаша айтқанда Илон Маск SpaceX арқылы адамзатты планетааралық нысан жасамақ. Компания 2002 жылы құрылған. Илон Маск компания құрылғаннан бері бас директор әрі бас инженер. 


SpaceX © РИА Новости

Falcon зымыраны SpaceX арқылы 2006 жылы ұшырылған. Алғашқы сапар сәтсіз болғанына қарамастан SpaceX NASA байқауларының бірінде жеңімпаз атанып, Falcon-9 зымыран тасығышын және Dragon ғарыш кемесін жасап шығаруға 396 миллион доллар грант ұтып алған. Масктың бұл жолғы жобасы сәтті аяқталып, әлемдік ғарыш сегмент көшбасшысы атанған. 

Масктың сөзінше, алдағы төрт жылда жүк кемелерін Марсқа жіберіп, 2024 жылы Қызыл ғаламшарға алғашқы экспедициясын жасамақ.

Жанар-жағармайсыз жүретін көлік

Илон Масктың ерекше өнертабыстарының бірі - Tesla электромобиль өндірісі. Tesla - құрылғаннан бері 15 жылдың ішінде электромобиль өндірісіндегі жетекші компания. Компания үш мыңға жуық электромобиль жасаған, айналымы - 29 миллиард доллар. 


Tesla © РИА Новости

Масктың сөзінше, болашақта көптеген көлік аккумулятор арқылы жүріп, фабрикалар күн энергиясы арқылы жұмыс істейді. 2006 жылы Маск электромобильді таныстырған кезде көбі оның жобасына күдікпен қараған. 

Әдеттегі пойыздан төрт есе жылдам көлік

2013 жылы Илон Маск пойыз, автокөлік және ұшақпен деңгейлес жаңа көлік құралын жасап шығаруды ұсынды. Hyperloop - арнайы вакуумдық тоннель арқылы жылдам қозғалатын пойыз концепциясы. Масктың сөзінше, көліктің бұл түрі ұшақтан екі есе және заманауи жүрдек пойызға қарағанда төрт есе жылдам болады. Novate.ru мәліметінше, жаңа көлік түрімен Лос-Анджелестен Сан-Францискоға дейін (шамамен 550 шақырым) жарты сағатта жетуге болады. 

Масктың бұл жобасы әзірге іске аспаған. Бүгінде жаңа көліктің бұл түрі Хоторн мен Лас-Вегаста орналасқан екен. 


Hyperloop © РИА Новости

Айта кетейік, бүгінде Қытай жоғары жылдамдықты Hyperloop жүйесін салу туралы келісімге қол қойған. 10 шақырымдық Hyperloop Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тунжэнь қаласында салынбақ. 

Кептелістен құтылудың жолы

Илон Маск тек ғарыш нысандарымен ғана емес, сондай-ақ жерасты жолдарымен де айналысқан. 2016 жылы ол The Boring Company-ды іске қосқан. Компанияның мақсаты - электр машиналарын жоғары жылдамдықпен қозғалтуға арналған жерасты тоннельдерінің жүйесін құру. Өнертапқыш бұл компанияны кептеліспен күресу үшін құрған. 


Жерасты жолы © РИА Новости

Масктың ойынша, бұл жоба арқылы автокөліктер арнайы лифтімен жерасты жолына түсіп, еш кептеліссіз және бағдаршамсыз діттеген жеріне жетеді. 2018 жылы 19 желтоқсанда The Boring Company ресми түрде Лос-Анджелесте ең бірінші жерасты тоннелін ашты. Ол жолмен алғашқылардың бірі болып Маск Tesla электромобилімен өткен. 

Артынша Илон Маск жерасты жолымен арнайы дөңгелек орнатқан кез келген көлік жүре алатынын мәлімдеген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram