РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 сентября 2020 | 13:44

Зейнетақы жинағынан неге қомақты ақша алмау керек? Экономист түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Әлихан Сариев © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында тұрғындарға зейнетақының бір бөлігін алуға рұқсат етілетінін мәлімдеді. 721 мың қазақстандық зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін пайдалана алады. Қойылған шек бойынша азаматтар түрлі сомадағы ақша ала алады. Оның ішінде, қомақты қаражат ала алатындар да жоқ емес. Азаматтар қазір шотынан қомақты ақша алса, кейін зейнетке шыққанда не болуы мүмкін? Бұл мүмкіндік еліміздің экономикасына қалай әсер етеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне GSB UIB директоры, экономист Мақсат Халық түсіндіріп берді. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында тұрғындарға зейнетақының бір бөлігін алуға рұқсат етілетінін мәлімдеді. 721 мың қазақстандық зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін пайдалана алады. Қойылған шек бойынша азаматтар түрлі сомадағы ақша ала алады. Оның ішінде, қомақты қаражат ала алатындар да жоқ емес. Азаматтар қазір шотынан қомақты ақша алса, кейін зейнетке шыққанда не болуы мүмкін? Бұл мүмкіндік еліміздің экономикасына қалай әсер етеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне GSB UIB директоры, экономист Мақсат Халық түсіндіріп берді. 

Зейнетақы шотынан көп ақша алған қаншалықты дұрыс?

Экономистің айтуынша, зейнет жасына шыққанда зейнетақыны жеткілікті түрде алу үшін шоттан көп ақша шешіп алмаған дұрыс. 

"Ең төменгі шектер белгіленіп отыр. Мысалы 30 жастағы азамат болса ең төменгі шек бойынша шотында 2,5 миллион теңге болуы керек деген секілді. Яғни зейнетақы шотынан ақша ала алады. Жас ұлғайған сайын ең төменгі шек те өседі. Себебі азаматтың жасы ұлғайған сайын зейнетке шығуға арналған шекті жинап үлгере алмай қалуы мүмкін. Сондықтан ол жағы дұрыс ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. 

Екінші мәселе, әрине, егер зейнетақы қорында ақша көп болса, онда ол азаматтың зейнетке шыққан кезде зейнетақысы да жақсы болады. Яғни зейнетақы қорында неғұрлым көп ақша болса, соғұрлым кейін алатын зейнетақыңыз көбірек болады. Сондықтан зейнетақы шотынан көп ақша шешіп алмаған да дұрыс. Себебі егер қазір зейнетақы шотынан ақшаны мелінше көп шығарып алса, кейіннен зейнет жасына жеткенге дейін қажет сомманы жинап үлгермесе, сәйкесінше зейнетақысы аз болады", - дейді маман.  

Зейнетақы қорындағы жеке шотты қалай тексеруге болады?

Мақсат Халық зейнетке шыққанда ай сайын жақсы төлем алғысы келсе көбірек ақша жинаған дұрыс екенін айтады. Себебі зейнет жасында берілетін ақша шоттағы қаржыға байланысты. 

Қазір зейнетақы шотынан көп ақша шешіп алатын адам оны зейнет жасына шыққанға дейін жинап үлгере ме?

Маман зейнетақы шотындағы қаржының бір бөлігін алуға неліктен шек қойылғанын түсіндірді. 

"Зейнетақы шотынан көп ақша шешіп алатын адам оны зейнет жасына шыққанға дейін жинап үлгеру не үлгермеуі туралы мәселе өте орынды. Қазіргі таңда зейнетақы шотынан алатын қаржыға шек қоюдың себебі де сол. Ал шектеуді неліктен қабылдап отыр? Себебі бүгінде азаматтардың еркіне салсақ, шотындағы барлық ақшаны шешіп алуға дайын. Бірақ егер ондай мүмкіндік берілсе, қартайып, зейнет жасына шыққанда ешқандай төлем берілмеуі мүмкін.

Бұл жағдайда азаматтарымыз мемлекетке наразы бола бастайды. Сондықтан мұндай мәселе болмауы үшін, ертеңгі күні сол азаматтар зейнетке шыққан кезде мемлекетке айып тақпауы үшін шектеулер қабылданып отыр. Яғни ең төменгі шек сақталуы керек. Мысалы сіз 30 жаста болсаңыз және зейнетақы шотыңыздағы қаражат 4-4,5 миллион теңге болса, онда сіз міндетті түрде шотта 2,5 миллион теңгесін қалдыруыңыз керек", - дейді маман.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Бұл шешім экономикаға қалай әсер етеді?

Экономист зейнетақы шотындағы қаржының бір бөлігін шешіп алу мүмкіндігі туралы шешім экономикаға оңтайлы әсер етеді деп ойлайды.

"Неліктен? 721 мың адам бұл мүмкіндікке ие болып отыр, ол аз емес. Себебі бұған дейін қаңтар айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы секілді бағдарлама ұсынған болатын. Ол бойынша тек 113 мың адам осындай мүмкіндікке ие болған. Бұл бағдарлама бойынша қойылған шектеулер де өте жоғары болды. Мысал ретінде айтсақ, 30 жастағы азамат 1-2 миллион теңге шешіп алуы үшін шотында 8,7 миллион теңге ақша жиналып тұруы керек болды.

Ал қазіргі жағдай бойынша, жоғарыда атап өткенімдей, 2 миллион теңге алу керек болса, шотыңызда 4,5 миллион теңге тұруы керек. Яғни жолдауда айтылған шешімде шектердің біраз жеңілдетілгенін аңғарып отырмыз. Шыны керек, қаңтарда ұсынылған бағдарламаға қатысты өте көп пікір айтылды, экономистер шектер жоғары екенін айтып, наразылығымызды білдірдік. Министрлік бұл шектен түсее алмайтындарын айтып, ойын өзгертпеген еді. Ал Президент азаматтар зейнетақы шотындағы қаражатын қолдануына мүмкіндік беруін айтып, талап қойғанын атап өту керек", - дейді Мақсат Халық. 

Бұл шешімнің тағы бір артықшылығы - төлем қажеті бар адамдардың болуына ықпал етеді. 

"Себебі төлем қабілеті болған кезде ұсыныс та болады, нарықта сұраныс пен ұсыныс тепе-тең дәрежеде болады. Бұл экономикаға оң әсерін тигізеді. Себебі жаңа тұрғын үйлер салына бастайды, жұмыс орындары ашылады. Негізі "Жол картасы" деген секілді көптеген бағдарлама да бар, ол жерге де көп адамдар тартылады. Бірақ оған қарағанда тұрғын үй салған кезде өте көп жұмыспен қамту процесі жүзеге асады. Себебі бір үйді салудың өзіне басшылықтан бастап бояушы, құрылысшыларға дейін өте көп адам тартылады. Сондықтан бұл белгілі бір дәрежеде экономикалық мағынасы бар азаматтардың санын ұлғайтуға әсер етеді", - деп түсіндірді маман. 

Экономист 721 мың адам зейнетақы шотындағы қаржының бір бөлігін алу мүмкіндігіне ие болып отырғандықтан, басқа да азаматтар "Неліктен мен ала алмаймын? Неге менде аз? Неліктен мен жұмыс берушіме зейнетақы аударымдарын жасатпадым?" деп ойлана бастайтынын және жұмыс берушісіне талап қоя алатынын айтады.

"Сонымен қатар, өзімнің тарапымнан айтқым келетіні, негізі халықтың жалақысы төмен. Сондықтан миллиондаған адам бұл мүмкіндікке қол жеткізе алмай отыр. Бір-екі жыл күтетін болсақ, тағы 1,5 миллион адам бұл мүмкіндікке ие болады. Зейнетақы шотында 1 миллион теңгедей бар адам саны 5 миллионға жуық екен. Енді сол азаматтар жалақысын өсіріп, көбірек зейнетақы аударымдарын жасауды ойластыра бастайды. Сондықтан халықтың жалақысын арттыруға арналған жаңа бағдарламалар әзірлеу керек деп есептеймін. Себебі жалақы артса, халықтың аударымы да көбейе түседі. Сонымен қатар, бүгінде қойылып тұрған шектерді кемінде 4-5 жыл өзгертпеген дұрыс деп есептеймін. Себебі біраз адамға ол шектің өзіне жету үшін уақыт керек", - деп түсіндірді экономист. 

Зейнетақы қорынан ақшасының бір бөлігін кім және қандай жағдайда ала алады?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети