РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 октября 2018 | 17:24

Зейнетақы жинағы уақытынан бұрын берілетін жағдайлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнетақы қорындағы қаражатты зейнет жасына жетпестен алу жөнінде сұрақтар көп. Tengrinews.kz тілшісі бүгінде бұл ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабын БЖЗҚ-ның Алматыдағы филиалының мамандарынан сұрап білді. 


Зейнетақы қорындағы қаражатты зейнет жасына жетпестен алу жөнінде сұрақтар көп. Tengrinews.kz тілшісі бүгінде бұл ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабын БЖЗҚ-ның Алматыдағы филиалының мамандарынан сұрап білді. 

Төлемдерді алуға кімдер құқылы?

Ең алдымен міндетті түрдегі зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын алу құқығын қандай тұлғалар иеленетінін анықтап алайық.

  • Біріншіден, ол зейнет жасына жеткен тұлғалар: ерлер - 63 жас, әйелдер - 2018 жылы 58,5 жас.  Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жыл сайын алты айға ұзартылып отырады.
  • Екіншіден, І және ІІ топтағы мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған адамдар.
  • Үшіншіден, ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және ел заңнамасында белгіленген, кету фактісін растайтын құжаттар ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
  • Төртіншіден, мұрагерлер. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинақтары ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Мұрагерік құқығына ие тұлғалар 7 кезекке бөлінеді.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) некеде тұрмаған болса, балалары болмаса, ата-анасы қайтыс болған жағдайда, мұрагерлік құқығын екінші кезектегі туысқандары иеленеді. Сондай-ақ азамат өз мұрагерлерін көзі тірісінде өсиет қалдыру арқылы тағайындай алады.

Зейнетақы жинағын алу тәртібі

Зейнет жасына толу, мүгедектік және шетелге тұрақты тұруға кету бойынша төлемдерін алу үшін салымшы (алушы) өтінішін Қор кеңсесіне өзі келу немесе сенімді тұлға арқылы, сонымен қатар пошта арқылы рәсімдеуіне болады.

Биылдан бастап зейнет жасына жеткен азаматтар және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген уақытына қарай I және II топтардағы мүгедектігі бар жандар жинақтарын алу үшін www.enpf.kz сайты арқылы онлайн тәртібінде өтініш беру мүмкіндігіне ие болды.

Өтініш берудің екі жолы бар: біріншісі, сайттың Жеке кабинетіне тіркелу арқылы, екіншісі, электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтін қолдану арқылы өтініш беру.

Айта кетейік, зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты ғаламтор байланысы арқылы алатындар ғана Жеке кабинетте тіркеле алады. Ақпаратты басқаша жолмен алатындар алдымен жеке куәлігімен Қор жергілікті бөлімшесіне келіп, ақпарат алу тәсілін интернет-байланысына өзгертіп алулары тиіс. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті Халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі. 

Жасқа байланысты алынатын зейнетақы төлемдері

Зейнет жасына толған азамат зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға келіп өтініш береді.Дегенмен таяу уақытта "Бір терезе" қағидаты енгізіледі. Яғни, ортақ зейнетақы мен зейнетақы жинақтарын төлеу туралы өтініш бір күні қабылданады және өтініште көрсетілген бір банк шотына аударылады. Бірақ бұл ҚР Үкіметі бекіткен БЖЗҚ-дан зейнетақымен қамсыздандыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.

Тиісті өзгерістермен толықтырулар енгізілгенге дейін еш өзгеріссіз, яғни зейнет жасына толған адамдар өтініш қалдыруға ортақ зейнетақы бойынша Мемлекеттік корпорацияға, ал зейнетақы жинақтары бойынша БЖЗҚ-ға баруы қажет. Төлем бойынша БЖЗҚ-ға өтініш қалдыру үшін алушының жеке басын куәландыратын құжат пен Банк шотының деректемелері болуы керек.

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдері

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін құжаттардың толық тізімімен және оларды рәсімдеу талаптарымен Қордың ресми сайтында "Қызметтер" - "Алушыларға" бөліміндегі "ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты "БЖЗҚ" АҚ төлемдерді ресімдеу тәртібі" және "Бланк үлгілері" бөлімдерінде танысуға болады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді қарау кезінде БЖЗҚ ҚР уәкілетті органдары тарапынан ертеде берілген жеке куәліктердің жай-күйі туралы ақпаратты басшылыққа алады. Сондай-ақ ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы ақпаратты да қарастырады. Бұл ақпарат ҚР Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында көрінеді. Егер жеке тұлғалардың деректер базасында құжаттардың мәртебесі "тұрақты тұруға кету" болса, қордан төлемдер жүзеге асырылады. ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін заңнамада қарастырылған тәртіп бойынша шетелге кетуді рәсімдеп, тек содан кейін барып БЖЗҚ-ға лайықты құжаттарды өткізу керек.

Зейнетақы жинақтарын мұрагерлікке алу

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы шотынан отбасы мүшесіне немесе жерлеу рәсімін жүзеге асырған адамға жерлеуге берілетін бір жолғы төлем төленеді. Төлем сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құрайды. Ал салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы жинақтары осы сомадан кем болған жағдайда, шоттағы бар сома төленетін болады. Егер жерлеуге берілетін төлем төленгеннен кейін қайтыс болған адамның зейнетақы шотында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын сома қалса, бұл сома жерлеуге берілетін төлеммен бірге төленеді. Осы төлем түрін алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне жеке куәлікті және оның көшірмесін, қайтыс болу туралы куәлік пен оның көшірмесін және банк шоты бойынша деректемелерді алып баруы қажет.

Егер жерлеуге берілетін төлем төленгеннен кейін қайтыс болған адамның зейнетақы шотында жинақтар қалған жағдайда, бұл сома мұрагерлеріне төленеді. Ол үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне қарай (өзі жеке келу, сондай-ақ құжаттарды пошта немесе сенім білдірілген тұлға арқылы) құжаттарды өткізеді. Құжаттар тізімін БЖЗҚ сайтында келесі бөлімнен табуға болады: "Қызметтер" - "Алушыларға" - "Алушының қайтыс болу жағдайына байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі".

Зейнет жасына толуына, шетелге тұрақты тұруға кетуіне, мұрагерлікке және мүгедектікке байланысты төлемдер, ұсынылған құжаттар топтамасы Республика заңнамасының талаптарына сәйкес келсе, өтініш қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ал жерлеуге берілетін бір жолғы төлемдер өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Міндетті зейнетақы жарналарын аударудағы негізгі мақсат - зейнет жасында лайықты өмір сүру қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Сол себепті алу құқығына ие болғанға дейін зейнетақы жинақтарын басқа қажеттіліктерге  пайдалануға, мысалы несиені өтеу, оқу ақысын төлеу, үй сатып алу және т.б. шығындарға жұмсауға болмайды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети