РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 августа 2019 | 13:36

Үкімет халықтың кредитін өтеп берді. Енді несиені қандай жағдайда алу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтарға кредитті той жасау үшін емес, бизнес ашуға немесе қандай да бір инвестиция құюға кеңес берді. Оның айтуынша, тойға кредит алудың қажеті жоқ, бірақ ол әдетке айналғандықтан, қазақстандықтардың дүниетанымын өзгерту керек дейді. Осы ретте Tengrinews.kz редакциясы мамандардан қазақстандықтарды кредит алуға көбіне ненің итермелейтінін және қандай мақсаттарға кредит алуға болатыны жайлы сұрап білді.


Қаржы министрі Әлихан Смайылов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтарға кредитті той жасау үшін емес, бизнес ашуға немесе қандай да бір инвестиция құюға кеңес берді. Оның айтуынша, тойға кредит алудың қажеті жоқ, бірақ ол әдетке айналғандықтан, қазақстандықтардың дүниетанымын өзгерту керек дейді. Осы ретте Tengrinews.kz редакциясы мамандардан қазақстандықтарды кредит алуға көбіне ненің итермелейтінін және қандай мақсаттарға кредит алуға болатыны жайлы сұрап білді.

Қандай жағдайларда кредит алуға болады?

Экономист Шолпан Әмірбаева тәжірибесіне сүйене отырып, кредитті тек екі жағдайда алуға болатынын айтады.

"Кредитті екі жағдайда алу ғана миға қонымды деп санаймын. Бірінші жағдай - ол адамның өз өміріне немесе жақындарының денсаулығына, өміріне зор қауіп төніп тұрса. Мысалы, шұғыл арада ем алу қажет болса, ойланбастан кредитке жүгінуге болады. Екінші жағдай, баспаналы болу үшін несие алу да жақсы нұсқа. Себебі ол сіз үшін инвестиция болады - ол үй меншікте болады, оны алып-сата ма тұтынушының өзі шешеді. Дегенмен нарықты бақылап отыру керек. Ол кезең сату-сатып алу шарттарын жасау үшін қолайлы кезең болуы керек. Ал қалған жағдайларда кредитке жүгінбей-ақ, біраз уақыт ақша жинап, күте тұруға болады", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, екінші жағдайда айтылған тұтынушылық кредиттің ұтымды тұстары көп. Ең біріншіден ол тұтынушылық мақсатта алынады, яғни ол пайдаға асырылатын дүние дейді. Мамандардың сөзіне қарағанда, тұтынушылық кредиттерге деген сұраныстың жоғарылауы қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартқысы келуімен байланысты болып отыр.

Білім алу үшін қарыздану дұрыс па?

Әмірбаева бүгінде грантқа ие бола алмағандар үшін көптеген жеңілдік пен арнайы кредиттердің қарастырылатынын айтады. 

"Әрине, бұл тиімді ұсыныс. Дегенмен баланың оқуға деген потенциалы болмаса, ата-ана үшін ондай кредит алудың қаупі зор. Қазір байқағанымдай, ата-ана оқу үшін миллиондап несие алады да, бала ол ақшаның қарызға алынғанын және қайтару қажеттігін түсінбейді. Ал бірақ, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, бұл да бала үшін инвестиция болып саналады. Қаржы министрінің өзі айтып кеткендей, білім алу үшін кредит алу қатерлі емес, керісінше керек деп айтуға болады", - дейді сарапшы. 

"Білім алу үшін берілетін кредиттерді мемлекет қаржыландырады. Ең бастысы ол несиелер төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі. ЖОО-да оқу мақсатында алынатын несиелердің тұтынушылық кредиттерден ерекшелігі онда бастапқыда ата-анаға белгілі бір уақытқа жеңілдік беріледі. Мысалы, бастапқы үш ай төлемей тұрса да болады. Бұл дегеніміз 1, 2-курста несие бойынша төлем аз болады да, кейінірек оқу аяқталуына жақындағанда төлем біраз көбейеді. Бұл кезге дейін студент жоғары курстарда жұмыс істеп, табыс таба алатын кезге келеді", - дейді экономист.

Кредит алуға болмайтын жағдайлар қандай?

✖ Екінші бір қарызды жабу үшін тағы бір кредит алу

Қазақстандықтардың көбі ең оңай жол қарызды қарызбен жаба тұру деп санайды. Оған көзім жетті. Тіпті қайта қаржыландыру жасауға тырыспайды да. Себебі кредитті қайта қаржыландырса әлдеқайда ұтуға болады. Дегенмен олар бірден банкке жүгіріп, тағы бір кредит рәсімдейді. Шыны керек, пайыздық мөлшерлемесіне де аса назар аудармай жатады.

Менің кеңесім, басқа кредиттерді жабу үшін тағы бір кредит алудың орнына қайта қаржыландыру қызметін қолдану керек. Бұл жағдайда қарыз сомасы бірнеше есеге азаяды.

✖ Тойға кредит 

Маманның айтуынша, бұрындары несиелер көбіне бизнес ашу үшін рәсімделіп жатса, соңғы уақыттары дүркіреген той-томалақ ұйымдастыру немесе басқа біреулердің жиындарына сый-сыяпат жасау үшін немесе маңызды отбасылық мерейтойлар үшін қарыз алатын болған.

Ол қарыздың сомасы 10 миллион теңгеге дейін жетеді деуге болады. Кем дегенде қазақстандықтар тойды атқарып шығу үшін 4-5 миллион теңгеге кредит алады.

✖ Қаржы пирамидаларына кіріп бай боламын дейтіндер

Қазіргі таңда екінің бірі бизнесмен, яғни "сетевик". Олар қазір адамдарды оңай басқарып отыр. Бірі тренер, екіншісі лидер, тағы біреулері "алтын" немесе "күміс" болып кетті. Осындай бизнесмендерге сеніп, сол ұйымға кіру үшін миллиондаған қарыз алып жатқандар саны күннен-күнге артып жатыр. Адамдар аңқау болғандықтан ба немесе оңай жолмен ақша иемденгісі келетіндіктен бе, еш ойланбастан 2-3 миллион ақша алады. Бірден 2-3 айда байып кетемін деп ойлайды. 

✖ Жалақыға дейін ақша жетпей жатса да кредит алады

Көбі жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруге үйреніп қалған. Алайда расында кейбір жағдайларда айдың соңында ақша қалмай қалады. Сол кезде барлығы банкке жүгіреді. Оған көп сома қажет болмаса да, адамдар психологиялық тұрғыда ол ақша тегін беріліп жатқандай жоғары пайыздық мөлшерлемемен тағы несие алып жатады. 

 ✖ Пластика құрбандары

Орташа есеппен бүгінде қазақстандық қыздар дене бітімін өзгертуге миллион теңгеге дейін ақша жұмсауға дайын. Мысалы, еліміздегі жекеменшік клиникалардың бірінде блефаропластика жасату, яғни қабақ пішінін өзгерту шамамен 500-600 доллар екен.

Кредитке тәуелділік - психологтың диагнозы

Психолог Диана Орынбасарова миллиондаған қарызы бар адамдардың психологиясы өзгеше болады дейді. Маманның айтуынша, кез келген тәуелділік - алкоголизм, есірткі тәуелділігі болсын, бірінші кезекте адамның психологиясын бұзады.

"Қазіргі таңда кез келген дүниені кредитке алуға болады - көлік, пәтер, түрлі елдерде демалуға жолдамалар, телефон, тоңазытқыш, тіпті фен сияқты майда-шүйде заттарды несиеге оп-оңай алуға болады. Бұл қажеттіліктер бастапқыда қызығушылықтан туындауы мүмкін не болмаса "өзге біреулерден күшті көрінгім келеді" дейтін адамдардың тәуелділігі осындай тұтынушылық кредиттерден басталады. Әрине, қарызға батуды, бірнеше несие алуды әртүрлі қабылдайды. Біреулер кредит алынған күннен бастап-ақ мазасынданып, уайымдап жүрсе, басқа біреулері "бірдеңе етіп төлерміз" деп уайым-қайғысыз жүре береді. Ол адамдар ақша үнемдеу, бірдеңеден бас тарту дегенді өзің кемсітіп, қорлау деп түсінеді. Олар өз шамасына қарамай, өзгелермен тең болғысы келіп, қарыздан қарызға батады Былайша айтқанда, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды", - дейді психолог.

Орынбасарованың айтуынша, ақша - ол энергия. Ал энергияны адамдар барынша көбірек алғысы келеді дейді.

"Ақша да өз кезегінде энергия болып саналады. Қарызға ақша алған адам басқа біреуге қарызға берсе, ол да өз энергиясын береді. Осы сәтте адамның қалыпты күйі сәл өзгереді де, ол одан да көп энергия мен одан да көп ақша алғысы келіп тұрады. Бірақ оның ойында қарызды қайтару деген түсінік болмайды. Осы сәтте энергия азаяды да, адамның жұмыс істеу қабілеті мен табыс табуға деген ынтасы төмендейді де, одан шығудың жолы тағы да қарыз алу деп түсінеді. Осыдан тәуелділік пайда болады", - дейді Диана Орынбасарова.

Оқи отырыңыз:

"Кредитті кредитпен жаппаңыз". Қазақстандықтардың қарыз қайтарудағы 5 қатесі

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

Тұтынушылық кредит деген не және оны қазақстандықтар не үшін алады

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети