08 января 2019 | 15:17

"Туыстарыңды соттатамын!". Коллекторлар несиені төлету үшін не істеуге құқылы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Иллюстрация © noteru.com

Бірінші кредиттік бюроның жүргізген соңғы сараптамалық шолуының нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда жеке тұлғалардың алған несиелері бойынша 5,96 триллион теңге қарыз бар. Шамамен 6,3 миллион қазақстандықтың атына несие рәсімделген және олардың арасында 1,5 миллионға жуық адамда несиені төлеу мерзімінен бір күннен аса уақыт өтсе де қарызы төленбеген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші кредиттік бюроның жүргізген соңғы сараптамалық шолуының нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда жеке тұлғалардың алған несиелері бойынша 5,96 триллион теңге қарыз бар. Шамамен 6,3 миллион қазақстандықтың атына несие рәсімделген және олардың арасында 1,5 миллионға жуық адамда несиені төлеу мерзімінен бір күннен аса уақыт өтсе де қарызы төленбеген.

Несиесін төлемей немесе төлей алмай жүрген адамдардың түрлі оқиғасын күнделікті өмірден кездестіреміз. Олардың көбі коллекторлардың шалған қоңырауы, қорқытып, үркіткен әрекеттері туралы айтып жатады. 

Реклама
Реклама

Десек те, бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің өкілдері коллекторлардың борышкерге бір күнде сағат 08.00-21.00 аралығында ең көбі 3 рет қоңырау шала алатынын және демалыс, мереке күндері хабарласуға тыйым салынғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, банктегілердің айтуынша, коллектор мен борышкер аптасына ең көбі 3 рет, ал күніне бір рет қана сағат 08.00-21.00 аралығында кездесе алады, ал кездесу уақытын борышкер белгілейді. 

Жалпы, коллекторлар несие төленбеген жағдайда қандай шаралар қолдануға құқылы? Олар қалай жұмыс істейді және олардың мақсат, мүддесі не? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына толығырақ заңгер Жанат Бүтінбаев жауап берді.

"Туыстарыңызды соттайын деп жатырмын..."

Коллекторлардың істейтін іс-шаралары қазіргі кезде заңнамамен реттелді, яғни коллекторлық ұйымдарға қатысты арнайы заң шығарылған, ол Қазақстан Республикасының Коллекторлық қызмет туралы заңы деп аталады. Олар көбінесе телефон арқылы іс-шаралар қолданады, борышкерге хабарласып, "қарызыңыз бар, ақшаңызды қашан төлейсіз?" деп, талап қылады. Бірақ олар қоңырау шалған кезде ақпаратты шынайы түрде айтып, өздерін таныстыруы керек. Көп жағдайда, коллекторлар телефонмен сөйлесу барысында жалған ақпараттарды айтады. Өздерін сотпыз, прокуратурада жұмыс істейміз деп таныстырады. Сондай-ақ, "сот орындаушымын, сіздің бүкіл құжаттарыңызды арестке қояйын деп жатырмын, сіздің туыстарыңыз соттайын деп жатырмын" деген сөздерді айтуға дейін жол береді. Яғни, олар осындай іс-әрекеттер арқылы адамға психикалық қысым жасап, қорқытып, одан көбірек ақша өндіру, өсімақы, айыппұлдарымен қоса соманы өндіруді мақсат тұтады.

Несие құпиясын жариялаған адам жауапкершілікке тартылады

Әрине, коллекторлық компаниялардың барлығы бірдей осылай жұмыс істейді деп айтуға болмайды, кейбіреулері жақсы жұмыс істейді. Олар жұмыстарын әдеп пен тәртіпке сай атқарады. Дегенмен, коллекторлық ұйымдардың басым бөлігі заң талаптарына бағынбай, әлі күнге дейін жалған ақпараттармен адамдарды қорқытып, оларға қайта-қайта қоңырау шалып, тіпті олардың туыстарына, көршілеріне, достарына хабарласып, қорқытады. Мұның барлығы әрине заңсыз іс-әрекеттер. Өйткені, банктік құпияның, қандай да бір несиенің құпиясын үшінші тұлғаға жария қылуға олардың құқығы жоқ. Банктік құпия деген заңмен қорғалады, оны жариялаған адам жауапкершілікке тартылуы тиіс. Тіпті коллекторлық компаниялар осындай іс-әрекеттерге жол берген жағдайда олардың үстінен шағым түсіруге болады. Қарапайым азаматтар олардан жапа шексе, жалған ақпарат беріліп, олардың қорқытуларына душар болған адамдар прокуратураға, Ұлттық банкке, әділет басқармасына шағымдана алады.


© topdialog.ru

Коллекторлар қорқытқаны үшін борышкерге өтемақы төледі

Әділет басқармасында коллекторлық компанияларды тіркеудің реестрі бар. Әділет басқармасы осындай заңсыз іс-әрекет жасаған коллекторлық компанияны жауапкершілікке тартады. Тіпті, реестрден алып тастауы да мүмкін немесе белгілі бір жауапқа тартады. Біздің тәжірибемізде мұндай жағдайлар көп болған. Мысалы, біздің клиентіміздің анасына қоңырау шалған. "Балаңыз банктен алған несиесін төлемей жүр, үйіңізді тартып алып, арестке қоямыз", деп борышкердің анасын қорқытқан. Соның салдарынан ол әйелдің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдемнің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Ал коллекторлық компаниядан хабарласып, қорқыту үшін айтылған сөздері телефондағы диктофонға жазылып қалыпты. Біз сол таспаны, жедел жәрдем берген құжаттарды тіркеп, әділет басқармасына, Ұлттық банкке, прокуратураға арыздар мен шағымдар жаздық. Нәтижесінде коллекторлық компанияның басшысы борышкерге хабарласып, кешірім сұрап, дөрекі сөйлеп, жалған ақпарат берген қыз да кешірім сұрап, ақыры ол қызметкер жұмысынан шығарылып, моральдық зиян келтіргені үшін зардап шеккен тарапқа 50 мың теңге өтемақы төлеген. Егер азаматтар өздерінің азаматтық құқықтарын білсе мұндай проблемалар туындамайды.

"Коллекторлық компанияның іс-әрекеттерінен қорқа берудің қажеті жоқ"

Коллекторлық компаниялардың шектен шығуы азаматтардың олардың қорқытуына көніп, жалған ақпараттарына сеніп, заңгердің көмегіне жүгінбеуінің нәтижесі. Сол себепті олар ақшаны пайыздарымен, өсімақысымен, айыппұлдарымен төлеп, өздерінің материалдық жағдайын қиындатады. Коллекторлық компаниялар ақшаны бірден төлеуді талап етеді. Ал жалпы, банкпен келісіп, өсімақыны, айыппұлды азайтып, бөліп-бөліп төлеуге де болады, ол мәселені сот арқылы да шеше аласыз. Коллекторлық компанияның іс-әрекеттерінен қорқа берудің қажеті жоқ.

Коллекторлық компаниялар төленбеген несиелерді банктен сатып алады

Коллекторлық компаниялардың көпшілігі банктерге қызмет етеді. Яғни, банктердің төленбеген несиелерін өндіріп беруге көмектеседі және банк оларға сол үшін ақша төлейді немесе өндірген ақшадан қандай да бір пайызын береді. Екіншіден, коллекторлық компания төленбеген несиелерді банктен сатып алады. Факторинг келісімшарты, талап ету құқықтарын беру деген бар, яғни, талап қылу құқығын сатып алады. Коллекторлық компания банктен біреудің төленбей жүрген несиені талап ету құқығын сатып алады. Сөйтіп, оны сатып жібергеннен кейін банктің ол несиеге қатысы болмай қалады. Ол несиені коллекторлық компания өзіне өндіреді. 


© pixabay.com

Коллекторлар кешкі уақытта мазаламауы тиіс

Жалпы, заңнамаға сәйкес, коллекторлар кешкі уақытта мазаламауы тиіс. Сонымен қатар, борышкердің жұмыс орнына ескерту қағаздарын жіберуге де құқық берілмеген. Ондай да жағдайлар кездеседі, коллекторлар несие төлемей жүрген адамның жұмыс орнына, бухгалтерияға, басшылығына қағаз жіберіп жатады. Мұның барлығы заңсыз әрекетттер. Заң бойынша, коллекторлар қоңырау шала алады, жеке кездесуді ұсына алады немесе тұрғылықты жері бойынша ескерту, хабарландыру қағаздарын жібере алады, ұялы байланыс арқылы аудио немесе жазбаша хабарлама жолдай алады, Интернет арқылы, электронды почта арқылы хабарлама жібере алады, бірақ мұның барлығы тек борышкердің өзіне ғана жөнелтілген болуы тиіс.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram