РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 декабря 2019 | 12:26

Сапарбаев зейнетте жақсы өмір сүру үшін есепшотта қанша ақша болуы керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгінде зейнетақы қорында 10 триллион теңге қаражат бар. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгінде зейнетақы қорында 10 триллион теңге қаражат бар. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сапарбаевтың айтуынша, елімізде 9 миллион 600 мың салымшы бар. Орта есеппен бір салымшыға есептегенде - 1 миллион теңге. 

"Біздің есебіміз бойынша, орташа есеппен зейнетке шыққанда жақсы өмір сүру үшін есепшотында ең кем дегенде 11-12 миллион теңге болуы керек. Оның бәрін есептедік. Барлығына, әрбір қазақстандыққа есеп бар. Жаңа айтып өткен 9 миллион адамның әрқайсының қандай жинағы бар және кейін зейнетке шыққанда қанша ақша керек - оның есебі бізде бар", - дейді премьер-министрдің орынбасары. 

Зейнетақыға үй алу. Президент Жолдауынан соң не өзгереді?

Еске салайық, мерзімінен бұрын зейнетке шығу үшін жеке зейнетақы шотында белгілі бір сома болуы қажет: ерлерге - кемінде 9,6 миллион теңге, ал әйелдерге - 13,5 миллион теңге.

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. Ал 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері - 85 697 теңге, оның ішінде базалық зейнетақы - 26 978 теңге, ортақ зейнетақы 58 719 теңге екен.

Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети