РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 февраля 2022 | 11:54

Неге жұрт несиеге құмар? Психолог кредитоманияның себептерін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кейінгі жылдары құмарлық, тәуелділік секілді жағдайлар саны артып келе жатыр. Бұл қатарда қарыз алуға бейімділік, қарызға тәуелділік бар екені жасырын емес. Психологтар мұны психологиялық симптомның бірі ретінде қарап, "кредитомания", яғни қарызға құмарлық деп атайды. Күнделікті өмірде ақшалай қарыздан бастап киім-кешекке дейін бөліп төлеуге алатындар да бар. "Кредитомания" деген не, қарыз алуға бейім болуға қандай фактор әсер етеді? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне психолог Іңкәр Әлиева жауап берді.


Кейінгі жылдары құмарлық, тәуелділік секілді жағдайлар саны артып келе жатыр. Бұл қатарда қарыз алуға бейімділік, қарызға тәуелділік бар екені жасырын емес. Психологтар мұны психологиялық симптомның бірі ретінде қарап, "кредитомания", яғни қарызға құмарлық деп атайды. Күнделікті өмірде ақшалай қарыздан бастап киім-кешекке дейін бөліп төлеуге алатындар да бар. "Кредитомания" деген не, қарыз алуға бейім болуға қандай фактор әсер етеді? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісіне психолог Іңкәр Әлиева жауап берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейтінін айтқан еді.

"Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып жатыр. Бүгінде бір миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл кейінгі он жылдағы ең нашар көрсеткіш", - деді Мемлекет басшысы.

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, елімізде 3 миллион қазақстандықтың ғана банктерде қарызы жоқ. Ал жалпы портфельдегі ипотекалық қарыз 3 триллион теңгеден, ал автонесие триллион теңгеден асады. Былтыр 65 пайыздан аса қазақстандық автокөліктерді пайызбен алған. Ал 3 миллионға жуық қазақстандық банктерге қарыз емес екені белгілі болды.

Былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен 43 пайыз) тіркеді. Яғни, қазақстандықтар арасында тіпті тауарды да қарызға көбірек ала бастағаны айтылды. Бұл қарыз сомасы бес триллион теңгеден асады екен.

Қарызға тәуелділік деген не?

Психологтың айтуынша, қарызға тәуелділік - адам санасында бүгін пайда бола салған жоқ, ол ертеден тән құбылыс. Несиеге, қарызға тәуелділік адамның түрлі психологиялық күйіне тән. Көп жағдайда бұл симптомға шалдыққандар қаржылық жағдайын түзетуді емес, белгілі бір эмоцияны сезінгісі келеді. Жеке бюджетін сауатты жоспарлауды білмейтін, қызыққан нәрсенің бәрін алғысы кеп тұрудан да туындайды. Бұл қатардағы адамдар бүгін жолым болмаса, ертең сәті түсер, қарыздан құтылармын деген жеңіл оймен өмір сүреді.

Бірақ қаржылық жағдайы жақсармаса, уақыт өте келе қарызды қарызбен жамайды. Бұл - бір жағынан белгілі бір эмоцияны қайта сезінгісі келу немесе оңай жолмен мәселені шешу. Несиеге алудың өзі жұмыс істемей-ақ, қалаған нәрсеге ерте қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан кейбір адамдар осы жақсы сезімді сезінуден бас тартпайды.

Кредитоманияның белгілері қандай?

Кредитомания психикалық дамудың бұзылуына байланысты болғанымен, медицинада әлі толық қарастырылмаған. 

  • Мінездегі өзгерістер, күйгелектік, ашушаңдық, сабырсыздық. Ондай адам көп жағдайда өзін агрессивті ұстайды.
  • Консюмеризм, яғни саналы тұтынушы қатарынан шығып кету, өзін-өзі бақылай алмау. Өзінің ішкі сезімі үшін қажет емес дүниені сатып алу немесе қолындағы соңғы ақшасын да жұмсаудан тайынбау.
  • Жауапкершілікті өз деңгейінде сезінбеу, бәріне жеңіл қарау. "Бүгін болмаса, ертең" деген қағидамен өмір сүру.
  • Тәуелді жеке басының бұзылуынан да болады. Адам дәрменсіз болғанда, дер кезінде шешім қабылдай алмағанда да, қарызға бата береді.

"Психологтарға қарыз мәселесінен гөрі жұбайымен жеке қарым қатынас, депрессия, мазасыздық, өмірден түңілу мәселелеріне байланысты көп жүгінеді. Диалог барысында түпкі мәселе 70-80 пайыз жағдайда қарызда екені белгілі болады. Оны төлеу керек екенін түсінген сайын ұйқысыздық, мазасыздық туындайды, қолынан ештеңе келмегесін өз-өзін іштей мүжей береді. Бірақ бұл адамның психотипіне байланыс жүзеге асады", - деді маман.

Кредитоманияға қандай факторлар әсер етеді?

Дамыған заманға сай түрлі жарнамалар, маркетинг, әйелдер қауымы үшін сәнге құмарлық жаппай кредитоманияға әкеп соқтырып отыр. Маманның айтуынша, олар бұл жағдайда қарыз тығырықтан шығар жол деп санайды. 

Психолог несиеге тәуелділіктің бір салдары бала кездегі психологиялық жағдайға немесе есейсе де сол психологиялық күйден шыға алмаудан болатынын айтты. Кішкентай бала дүкенге кіргенде, "болды, осыны аламын" деп қиғылықты салады. Маманның айтуынша, қарызға бейім ересектерде де дәл сол схема қайталанады. 

"Қарызға тәуелділік адамның ішкі есеймеуіне, яғни іштей бала қалпында ойлауына байланысты болады. Кей адамдарда сырт келбеті өскенімен, күйзеліспен күресуі, мәселені шеше алуы көбінесе сол қалыпта, бала деңгейінде қалады. Ішкі жағынан толық өспеген адам бала секілді бір сәтте бәрін алғысы кеп, бәрі өзінде болғанын қалап тұрады", - деді ол. 

Ол тұрмыс деңгейі орташа адамдар арасында несие алуға байланысты адамдардың екі типі бар екенін айтты. Бірі - қарыз алып, уақытылы жабатындар, екіншісі - үсті-үстіне несие алатындар. Екінші қатардағылар бұл процесті қалыпты санап, "қазір кімде кредит жоқ?" деген ұстаныммен өмір сүреді. 

Психолог несиеге тәуелділікке әсер ететін екінші факторды айтты. Бұл нарцисс адамдардан да байқалады. Олар заман табына сай қымбат гаджет, көлік секілді нәрселерге тез қол жеткізгісі келеді. Нарциссизм - психиканың ерекшелігі. Соған сай, адам өзін бірегей тұлға ретінде қабылдап, басқалардан жоғары санайды, бірақ бұл әрқашан дұрыс бола бермейді. Осы жағдай қазір көптеген адамның мінез-құлқында байқалады. 

"Екінші мәселе - қоғамда өзін тұлға ретінде көрсеткісі келу. Ортаға жақсы көріну, өз мәртебесін жоғары көрсету, қоғамда белгілі материалдық дәрежеге жету арқылы ата-ана алдындағы борышын өтегісі келу. Сепарация жасағысы келетіндер, яғни ата-ана ықпалынан шығып, жеке тұлға болғысы келетіндер де қаржылық қабілетін ескермей, банкке жүгінеді", - деді ол.

Психологтың айтуынша, қазіргі заманда бұл мәселемен бала кезден айналысу дерек. Өйткені қоғамның аса күрделі дертіне айналып бара жатыр.

"Бұл мәселемен бала кезден, мектептен бастап айналысу керек. Қаржылық сауаттылыққа үйрету керек. Несиеге тәуелді адамдар арасында өз-өзін, шындықты тіке қабылдай алмайтын адамдар да бар. Маған терапияға келгендер өзінің қаржылық жағдайына тіке қарай алмайды. Қаржылық жағынан проблемасы барлар жағдайдың бәрін жаз дегенде, көбінесе, ұйқысы келіп, басқа нәрсе ойлап отырады. Бұл - қоғамның дерті, бала кезден айналысу керек", - деді ол.

Автор: Жансая Қадыржанова

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети