РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 октября 2018 | 13:15

Мемлекеттік кепілдеме: Зейнетке шыққанда берілетін бір жолғы төлем жайлы не білеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YK-news.kz © YK-news.kz

Таяуда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлерге инфляцияға байланысты өтемақы беріледі деген хабарлама тараған. Кейін бұл жағдайға Азаматтарға арналған үкімет өкілдері түсінік берген еді. Осыған байланысты, Tengrinews.kz тілшісі зейнетке шыққанда республикалық бюджет қаражаты есебінен жасалатын біржолғы төлемді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерінен анықтап беруді сұрады. 


Таяуда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлерге инфляцияға байланысты өтемақы беріледі деген хабарлама тараған. Кейін бұл жағдайға Азаматтарға арналған үкімет өкілдері түсінік берген еді. Осыған байланысты, Tengrinews.kz тілшісі зейнетке шыққанда республикалық бюджет қаражаты есебінен жасалатын біржолғы төлемді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерінен анықтап беруді сұрады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мамандарының айтуынша, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ecкepe отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Мемлекеттік кепілдеме дегеніміз не?

Мемлекеттік кепілдеме - ол инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.

Мемлекеттік кепілдеме қандай жағдайларда қолданылады?

ҚР үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №341 қаулысының 3-тармағына сәйкес, инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік мыналарға қолданылады:

1. 2018 жылы - әйелдерге 58,5 жасқа толған, ал ерлерге 63 жасқа толған жағдайда - зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;

2. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда - зейнетақы жинақтарын алған күнге;

3. Зейнет жасына жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңмен белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

      Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа дейінгі кезең.

Мемлекеттік кепілдемеге өтініш беру үшін не істеу керек?

Өтінішті қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1. Жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);

 2. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

 3. Алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтің көшірмесі қоса беріледі.

Айта кетейік, егер азаматтарымызда мемлекеттік кепілдемені алу бойынша сұрақтары болса, олар "Бірыңғай контакт орталығы 1414" немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының тұрақты тұратын жері бойынша бөлімшелеріне жүгінуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін зейнеткерлерге БЖЗҚ бойынша өтемақы берілетіні жайлы жалған хабарлама тарап, ХҚКО-ларда шу шықты. Осыдан кейін мемлекеттік корпорацияның өкілдері ХҚКО-лардағы ақшалай өтемақы жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірген еді. "Адам зейнетке шыққанда табысы оның жеке зейнет шотында есептеледі. Онда инфляциялық жағдай да ескеріледі. Зейнетақы жинағының мөлшері инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет ол айырмашылықты есептеп, өтемақы береді. Зейнет жасына келгендерге берілетін өтемақы мемлекеттік кепіл негізінде ешбір өтінішсіз қаралады", - деді олар.

Сондай-ақ, зейнеткерлердің мемлекеттік кепілдемесін egov.kz сайтынан тексере алатыны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети