24 декабря 2019 | 13:55

Кредитті кешіру. Әлем елдері халықтың қарызын қалай өтеп берген?

Биыл маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын жағдайға тап болған отбасылардың қаржы жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру мақсатында кредиттерін кешіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, қарызды кешіру үшін 272 миллион доллар бөлініп, 500 мыңнан аса қазақстандықтың қарызы кешірілген еді. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, өзге елдерде де билік әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың қарызын кешіреді екен. Tengrinews.kz тілшісі сол мемлекеттердің не себепті мұндай шешім қабылдағанын және қандай талаптар бойынша қарыз кешіргенін анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын жағдайға тап болған отбасылардың қаржы жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру мақсатында кредиттерін кешіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, қарызды кешіру үшін 272 миллион доллар бөлініп, 500 мыңнан аса қазақстандықтың қарызы кешірілген еді. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, өзге елдерде де билік әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың қарызын кешіреді екен. Tengrinews.kz тілшісі сол мемлекеттердің не себепті мұндай шешім қабылдағанын және қандай талаптар бойынша қарыз кешіргенін анықтады.

Грузияда әрбір бесінші борышкердің қарызы кешірілген
Реклама
Реклама

2018 жылдың соңында Грузияда халықтың қарызын кешіруге мақсатында арнайы акция жүргізілген. Осылайша 600 мыңға жуық грузиялықтың кредиті кешірілген. Айта кетейік, Грузиядағы халық саны шамамен 4 миллион, яғни ол дегеніміз әрбір бесінші борышкердің қарызы кешірілген. Акция қорытындысы бойынша билік 600 миллион доллар көлемінде қарыз кешірген.

Бұл акцияның басты талабы - қарыз 2 мың лариден аспай, ешқандай да өсімпұл болмауы керек. Бұл шамамен 750 доллар. Сондай-ақ, жергілікті БАҚ мәліметінше, борышкер қарызды бір жыл бұрын алған болуы керек.

Осылайша, қарызы кешірілген грузиялықтар қара тізімнен шыққан. Дегенмен биліктегілер мұндай жеңілдік жасаған соң кредит беру талаптарын күшейткені айтылады. Қазіргі уақытта Грузияда банктер қарыз алушыға толықтай зерттеу жүргізеді екен.

БАӘ-де 3 мыңнан аса адамның қарызы кешірілді 

2019 жылдың басында Біріккен Араб Әмірліктері елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру мақсатында жергілікті тұрғындардың қарызын кешіру туралы шешім шығарды. Осылайша, билік қарызды кешіру үшін 361 миллион дирхам жұмсаған, доллармен есептегенде 98 миллион доллар. Дереккөздерге сүйенсек, БАӘ 3 мыңнан аса тұрғынның қарызын кешірген. 

БАҚ өкілдерінің айтуынша, БАӘ сияқты бай мемлекетте мұндай акцияларды жүргізу аса қиынға соқпайды және бюджетке аса шығын келтірмейді. Сондай-ақ, бұл көмектің тек Араб Әмірліктерінің байырғы тұрғындарына берілгені айтылады, ал олар БАӘ-де тұратын халықтың тек 12 пайызы екен.

Ашық дереккөздерге қарағанда, 2012 жылы да БАӘ-де 7 мың тұрғынның қарызы кешірілген, олардың қарызы 540 миллион долларға жеткен. Ол кезде талап бойынша қарызы 270 мың доллардан аспағандардың ғана қарызы кешірілген.

 602 мың әзербайжандыққа өтемақы беру

Биыл сәуірде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев "Жеке тұлғалардың проблемалық кредиттерін шешуге қатысты қосымша шаралар қабылдау туралы" Жарлыққа қол қойды. Осы құжат бойынша 602 мың әзербайжандыққа өтемақы беру көзделген дейді.

Ресми дереккөздерге сенсек, 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша борышкерлерге жалпы сомасы 633, 2 миллион манат берілген. Осылайша, Президенттің Жарлығымен 42 мыңға жуық әзербайжандық кредитін толықтай жаба алған. 76,334 мың борышкердің кредит шарттары қаралып, қайта рәсімделген.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын да билік тұрғындарға көмек көрсету мақсатында қарызын кешірген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, биліктегілер газға қарыз тұрғындардың қарызын төлеп берген. 

Оңтүстік Кореяда 10 жылда 8,8 мың доллар кредит

Былтыр желтоқсанда Оңтүстік Корея билігі ресми түрде жеке тұлғалардың қарызының бір бөлігін кешіретінін мәлімдеді.

Бұл шара елдегі экономикалық дағдарыспен күресу мақсатында жасалған. Мемлекет халықтың соңғы 10 жылда 8,8 мың доллар қарызға батқанын ескере отырып, осындай көмек көрсетуді ұйғарған. Корея билігіндегілердің айтуынша, қарызды кешіру мәселесімен арнайы қаржы комиссиясы айналысып жатыр.

Ресейде 2 триллион рубль қарыз кешірілді

Ресейлік банктер борышкерлерге көмектесу мақсатында жүйелі түрде акциялар өткізіп тұрады. Олар қарыздың қалған бөлігін өтеп беру мүмкіндігін ұсынады екен. Әрине, қарызға батқан ресейліктер іс сотқа жетпейінше, қарызын тезірек жабуға тырысады. Сондықтан бұл акцияға қатысқысы келетіндердің саны өте көп екені айтылады.

Мысалы, былтыр борышкерлердің 2 триллион рубль қарызы кешірілген екен. Жергілікті қаржы ұйымдары мұны ресейліктердің табысы аз болуымен байланыстырады. 

Оқи отырыңыз:

Табысы аз азаматтарға кредит берілмейді. Енді несие алу үшін жалақы қандай болуы керек?

Кредит төленбесе, банк жалақының қанша пайызын ұстай алады? - Заңгер түсіндіреді

Кредитті қандай жағдайда қайта қаржыландыру тиімді? Маман кеңестері


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram