РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 декабря 2019 | 17:21

Жаңа жылдан бастап қай сала мамандарының жалақысы өседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елімізде келесі айдың 1-нен бастап жәрдемақы, жалақы, шәкіртақы сомасы өзгереді. Бұл туралы Президент мәлімдеген болатын: Көпбалалыларға жаңа жәрдемақы, ЖОО оқытушыларының, мұғалімдердің жалақысы мен шәкіртақы. Tengrinews.kz тілшісі жаңа жылдан бастап нақты қай салаларда жалақы өсетінін еліміздегі кадр агенттігінің өкілі Гүлмира Баетовадан сұрап білді.


Елімізде келесі айдың 1-нен бастап жәрдемақы, жалақы, шәкіртақы сомасы өзгереді. Бұл туралы Президент мәлімдеген болатын: Көпбалалыларға жаңа жәрдемақы, ЖОО оқытушыларының, мұғалімдердің жалақысы мен шәкіртақы. Tengrinews.kz тілшісі жаңа жылдан бастап нақты қай салаларда жалақы өсетінін еліміздегі кадр агенттігінің өкілі Гүлмира Баетовадан сұрап білді.

Баетова агенттіктің зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, IT, маркетинг, қаржы, құрылыс, жылжымайтын мүлік, туризм, қонақүй бизнесі, event салаларының қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсетінін айтады.

"Алдағы уақытта IT саласы мамандарының жалақысы өседі деген болжам бар. Бұл сала онсыз да соңғы 5 жыл бойы көш бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, бұл саладағы интерфейс дизайнері, бағдарламашы және жүйе әкімшісі (system administrator) cияқты мамандардың жалақысы өсуі мүмкін - 2 миллион теңгеге дейін. Жалақысы өседі деген тағы бір сала - маркетинг. Қазірдің өзінде маркетологтардың өзі кем дегенде 300 мың теңге алады. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға көбейеді деген болжам бар. Маркетолог мамандары да жұмыс іздегенде қалайтын жалақысы 350 мың деп көрсетеді", - дейді сарапшы.

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтардың табысы қалай өзгереді?

Оның айтуынша, алдағы жылы жекеменшік компаниялардың көбі қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға дейін көбейтеді.

"Сондықтан да 2020 жылы туризм, жылжымайтын мүлік, event салалары қызметкерлерінің табысы өзгереді. Мысалы, биылғы көрсеткіш бойынша жылжымайтын мүлік және event мамандарының жалақысы өзгелермен салыстырғанда орташа есеппен 25-30 пайызға көп болды", - дейді Баетова.

Сондай-ақ, сарапшы келесі жылдан бастап Президенттің тапсырмасы бойынша мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының жалақысы 30-50 пайызға өсетінін еске салды. 

Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтың орташа жалақысы 191 мың теңгеден асады. Ranking.kz сарапшыларының айтуынша, жоғары жалақы алатындардың үштігіне (қараша айындағы жағдай бойынша) Атырау облысы (361,5 мың теңге), Нұр-Сұлтан (310,6 теңге) және Маңғыстау облысы (297,3 мың теңге) кіреді.

Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателері

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети