04 июля 2019 | 16:29

Интернет-банкинг: Маман алаяқтардан қалай сақтану керек екенін түсіндірді

© ru.toluna.com

Күні кеше елорданың полиция департаменті интернет желісіндегі алаяқтардың көбейгені туралы мәлімдеме жасаған еді. Олардың сөзінше, "интернет-банкинг" қызметі арқылы жасалған алаяқтық туралы 40-тан аса арыз қаралып жатыр. Полицейлердің айтуынша, көбіне алаяқтар сізге хабарландыру бойынша қоңырау шалып, хабарламадағы затты алуға келіседі де, алдын ала төлем жасау үшін банк картасын суретке түсіріп жіберуін сұрайды. Кейін картаға қосылған нөмірге келген бірреттік пароль жазылған SMS-хабарламаны сұрайды. Осылайша алаяқтар шотыңызға толық қол жеткізеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күні кеше елорданың полиция департаменті интернет желісіндегі алаяқтардың көбейгені туралы мәлімдеме жасаған еді. Олардың сөзінше, "интернет-банкинг" қызметі арқылы жасалған алаяқтық туралы 40-тан аса арыз қаралып жатыр. Полицейлердің айтуынша, көбіне алаяқтар сізге хабарландыру бойынша қоңырау шалып, хабарламадағы затты алуға келіседі де, алдын ала төлем жасау үшін банк картасын суретке түсіріп жіберуін сұрайды. Кейін картаға қосылған нөмірге келген бірреттік пароль жазылған SMS-хабарламаны сұрайды. Осылайша алаяқтар шотыңызға толық қол жеткізеді. 

Осы қауіптің алдын алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісіне "Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының" мамандары интернет-банкинг қызметін пайдаланған кезде қандай қауіпсіздік шараларын жасау керек екенін айтып берді.

Реклама
Реклама

Виртуал банк қызметін қолданған кезде қауіпсіздік шараларын жасау керек. Бұл интернет-банкингті қолдану барысында және банктің сайты арқылы жасалатын әртүрлі төлемдерге қатысты. 

"Ең біріншіден сайтқа келер болсақ, расымен де банктің сайтында төлем жасап жатқаныңызға көз жеткізу қажет. Себебі қазіргі уақытта алаяқтар банктің сайтына ұқсастырып сайт жасауы мүмкін. Жалған сайтқа төлем картасының мағлұматтары жазылатын болса, оның бәрін алаяқтар өз пайдасына асыруы мүмкін. Сондықтан да сайттың атауына мұқият назар аудару керек. Онда артық әріптер мен қате жазу болмауы тиіс. Сондай-ақ банктің сайты арқылы төлем жасайтын болсаңыз, аударым жасамай тұрып, картадағы мағлұматтың дұрыс енгізілуіне де назар аударыңыз", - дейді мамандар.

Сонымен бірге, орталықтың мамандары интернет-банкинг қызметін қоғамдық жердегі Wi-Fi-мен қолдану қауіпті екенін айтты. Егер де Wi-Fi кез келген адам кіре алатын жерде болса, ол екі есе қауіпті. 

"Тағы бір ескеретін мәселе, банк картасы арқылы ғаламторда кез келген сайтта төлем жасамаңыз. Сонымен қатар сайттың мекенжай жолағында https жазуы болмаса, ондай сайттан бірден күдіктену керек. Негізі, қазіргі кезде браузерде https болмаса, ол туралы алдын ала ескерту жасалады. Сондай-ақ күндегі қолданыс кезінде банк картасына мұқият болған жөн. Себебі банк картасындағы мағлұматтар алаяқтардың қолына түссе, онда олар онлайн төлем жасауға пайдаланады. Негізі интернет-банкингті пайдаланған кезде, оның ішіндегі ақша басқа біреудің уысында кетіп қалмауы үшін, 3d Secure, қосфакторлы авторизацияны және аударым жасайтын кезде қолданылатын қорғаныс амалдарын пайдаланған дұрыс", - дейді "Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының" мамандары.  

Сондай-ақ мамандардың сөзінше, интернеттегі алаяқтардан қорғану үшін интернет-банкингті ұялы телефон арқылы қолдану қауіпсіздеу. Себебі кейбір алаяқтар компьютердің көмегімен интернет-банкингке түрлі вирустар арқылы авторизация жасай алады. Ал ұялы телефонға ұрлық жасау үшін арналған вирустар компьютерге қарағанда аз. Компьютер арқылы интернет-банкингті қолданатындар антивирусты жиі жаңартып отыруы керек. Сонымен қатар операциялық жүйені де арасында жаңартқан жөн.  

Сонымен қатар банктен келетін SMS-хабарламаға да назар аударған жөн. Төлем немесе ақшу аудару операцияларын сол уақытта жасамасаңыз, бірақ төлемді растау үшін бірреттік пароль жазылған SMS-хабарлама келгенде, оны бөтен адамға айтуға болмайды. Банк қызметкерлері де оны сұрауға тиіс емес. Өзге жағдайда алаяқтар шотыңызғадағы ақшаны иемденіп алуы ғажап емес. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram